400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілінен тест

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінен 6 «а» сынып тест


1 нұсқа

1. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
«Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек.
А) Анықтауыш В) Толықтауыш С) Бастауыш Д) Пысықтауыш Е) Баяндауыш
2. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін.
С) Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға.
Д) Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Е) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.
3. Ілік септігі тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? В) Қайсысын? С) Кімсіздер? Д) Неңіз? Е) Нешеуінің?
4. Бірге жазылатын есімдікті табыңыз.
А) Әр адам В) Әр уақытта С) Әр түрлі Д) Әр қалай Е) Әр кезде
5. Дұрыс жазылған есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Еш уақытта, еш қашан В) Әлде кім, әр адам С) Әркім, ешқайда
Д) Кей ағаң, кей біреу Е) Бүгін, еш теңе
6. Өздік есімдігі бар сөйледі табыңыз.
А) Олар ертең сабаққа бармайды. В) Марат өз-өзіне сөз берді. С) Ертең ешкім ешқайда бармайды.
Д) Әрдайым сабақ оқы. Е) Әлденеше рет қайталанды.
7. Бөлек жазылатын есімдікті табыңыз.
А) Әрқилы В) Әрқашан С) Кейбіреу Д) Қайсыбір Е) Ешқайда 
 8. Сұрау есімдігінің көпше түрін көрсетіңіз.
А) Мыналар. В) Қандайларға. С) Біреулерге. Д) Оларды. Е) Солардан.
9. Есімдіктің түрін көрсетіңіз.
А) Қатыстық. В) Сұрау. С) Көсемше. Д) Есімше. Е) Жинақтық.
10. Жатыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Ол. В) Оны. С) Онан. Д) Онда. Е) Оған. 
11. I жақта қолданылатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
А) Мен, сендер. В) Сен, біз. С) Мен, біз. Д) Сіз, сендер. Е) Ол, олар. 
12.Сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Қайсы. В) Саған. С) Бүкіл. Д) Әркім. Е) Анау.
13. Есімдігі бар тіркесті көрсетіңіз.
А) Кітап оқу. В) Тамақ іштім. С) Үйге келдім. Д) Өз үйім. Е) Доп ойнадым.
14. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
« Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды».
А) Толықтауыш В) Баяндауыш С) Пысықтауыш Д) Бастауыш Е) Анықтауыш
15. Анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Жылы менен суықтың бәрін көрді. В) Кім қайратты?! С) Темір, сенбісің?
Д) Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Е) Маған ешқашан сенбе.

16. Сұрау есімдігін табыңыз.
А) Бұл. В) Ол. С) Біз. Д) Бәрі. Е) Кім.
18. Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы қандай?
Қонақты сағат нешеге шақырдың? 
А) Көптік жалғау. В) Жұрнақ . С) Септік жалғау. Д) Тәуелдік жалғау. Е) Жіктік жалғау.
19. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Нешеуінің? В) Қайсын? С) Кімсіздер? Д) Неңіз? Е) Кіміңіз?
20. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Нағыз теңіз романтикасы деген осы.
А) Зат есім. В) Одағай. С) Есімдік. Д) Үстеу. Е) Етістік.













Қазақ тілінен 6 «а» сынып тест

2 нұсқа


1.Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдым.
А) Олар В) Ол С) Мен Д) Біреу Е) Кім?
2.Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Бұлар В) Қайдан? С) Ешкім Д) Олар Е) Кейбіреу
3. Сілтеу есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Күллі, барша, тегіс В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз 
С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз? 
Д) Әркім, қайсыбір, ешқашан Е) Мынау, осыңыз, соным
4. Көбіне тәуелденіп және септеліп қолданылатын есімдік түрі.
А) Сұрау есімдігі В) Жалпылау есімдігі С) Белгісіздік есімдігі
Д) Болымсыздық есімдігі Е) Өздік есімдік
5. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? Несі? В) Бұнысы, мынауыңыз С) Соның, анаған
Д) Өздерің, өзіңіз Е) Барлығынан, бәрінің
6. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше В) Саған С) Дәнеңе Д) Әлдекім Е) Түгел
7. Төмендегі сөзге тіркес бола алатын жіктеу есімдігін көрсетіңіз.
...бармадық.
А) Оған. В) Театрға. С) Мектепке. Д) Үйге. Е) Қалаға.
8. Сын есім орнына жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) Қайсыбір В) Әлдекім С) Біреу Д) Әлдеқайдан Е) Кімде-кім
9. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз.
А) Осынау В) Оған С) Әрне Д) Кейбіреулер Е) Ештеңе
10. Асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
«Сендер нешеусіңдер?»

А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Толықтауыш Д) Анықтауыш Е) Пысықтауыш
11. Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Әркімді заман сүйремек.
В) Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден.
С) Жаңа жолдың басшысы – ол.
12. Барыс септігінде тұрған өздік есімдігін табыңыз.
А) Кімге. В) Оған. С) Өзіңе. Д) Бүкілінің. Е) Емханаға.
13. Өздік есімдігі бар тіркесті табыңыз.
А) Бұл ел. В) Өз елім. С) Ел мен жер. Д) Менің елім. Е) Ел іші. 
14. Есімдікпен толықтырыңыз: ... кісі менің әкем.
А) Күллі. В) Бұл. С) Қалай. Д) Өзі. Е) Сіз.

15. Мақалдың ішінен есімдікті белгілеңіз.
Қонағым, өз үйіңді де ойлап отыр.
А) Үйіңді В) Өз С) Қонағым Д) Ойлап отыр Е) Де 
16. Еш сөзі арқылы жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.
А) Болымсыздық. В) Жалпылау. С) Сілтеу. Д) Сұрау. Е) Жіктеу

17. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.
Жиналыста ешкім сөйлемеді.
А) Есімдік. В) Етістік. С) Зат есім. Д) Сын есім. Е) Үстеу.
18. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз.
А) Әрине, қайбір. В) Ешкім, ешқайсысы. С) Бірдеме, біреу. Д) Өзің, өздері. Е) Түгел, тегіс.
19. Белгісіздік есімдіктерді анықтаңыз.
А) Олар, бұлар. В) Менен, одан. С) Ешқашан, ешқайда. Д) Мен, сен. Е) Кейбіреуге, біреудің.
20. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.
А) Менде кел. В) Мен кел. С) Маған кел. Д) Менің кел. Е) Мені кел.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі