400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу қызметі: Жәндіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жәндіктер тақырыбынан ұйымдастырылған оқу қызметі мектепалды даярлық тобының ұстаздарына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:___

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: _ Жәндіктер

Мақсаты: Балаларды жәндіктердің қазақша атауларымен таныстыру.

Сөздік қорларын молайту, сөздерді байланыстыра сөйлеу шеберліктерін арттыру.

Табиғат- тіршілік бесігі екенін ұғындырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: суреттер, карточкалар, тірек схема

Сөздік жұмысы\Билингвальді компонент: жәндіктер – насекомые, құмырсқа-муравей, ара-пчела, қоңыз-жук,маса-комар, өрмекші-паук, шыбын мухи, көбелек-бабочка.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс –әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз.

«Сиқырлы алма ағашы»

Мақсаты: лексикалық сұрақтарға жауап бергізу арқылы тіл ұстарту.

Шарты: балаларға сұрақтар қойылады, әр дұрыс жауап бір алма.

Ойын соңында балалардағы алмалар саны саналып, жеңімпаз анықталады.



Қазір қай сабақ?

Қай жыл мезгілі?

Қай ай?

Аптаның қай күні?

Біз қай елде тұрамыз?

Мемлекеттік рәміздерді кім біледі?

Тудың авторы кім?

Елтаңбаның авторлары кім?





Гимнің сөзін жазған кімдер?

Музыкасын жазған кім?





Жақсы, балалар!

(Слайд Лунтик. Қолында қоңыздары бар банка)

Қонаққа Лунтик келеді.

Балалар, таныдыңдар ма? Бұл кім?

Балалар мен Айда өмір сүремін. Маған бүгін мына банка тап болды. Ішіндегілер не нәрсе екенін білмеймін, көмектесесіңдер ме?



Өлең жолдарын қайталайды.





Ойын ойнайды.

Ойын барысында күтілетін жауаптар:





Қазақ тілі.

Көктем.

Сәуір

Сенбі

Біз Қазақстанда тұрамыз.

Ту, елтаңба, гимн


Шәкен Ниязбеков

Шота Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков


Нұрсұлтан Назарбаев. Жұмекен Нәжімеденов.

Шәмші Қалдаяқов






Бұл Лунтик

Балалар банкадағы жук екенін аңғарып көмектесуге ұсыныс білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Лунтик бізге келгенің жақсы болды. Біздің бүгінгі сабақта қалсаң, біз бүгін сабақта жәндіктермен таныспақпыз.

«Есіңе сақта» сөздік жұмысы.

жәндіктер – насекомые, құмырсқа-муравей, ара-пчела, қоңыз-жук,маса-комар, өрмекші-паук, шыбын мухи, көбелек-бабочка.

Қазақ тіліне тән дыбыстармен жаттығулар жасалады.

Қо қо қоңыз

Ө ө ө ө өр мек ші.

Құ құ құ құ мырс қа

Кө кө кө бе лек.



Балалар бізге Лунтик ойын ойнауды ұсынады. Лунтиктің ойыны

«Қай жәндік жоқ?»

Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Шарты: Слайд арқылы Лунтик жасырған жәндіктерді табады.



Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты орнына.

Онға, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.



Ғажайып сәт.

Балаларды ғажайып сәт алаңына баруды ұсыну.

Гүлдердің түстеріне сәйкес көбелектерді құрастырып қондыруды,санауды,түстерін ажыратуды және аз-көп ұғымдарын айтуды ұсыну.








Жаңа сөздер үйренеді.







Дыбыстық жаттығуларды қайталайды.







Лунтикпен ойын ойнайды.





Өлең жолдарын сай қимылдар жасайды.









Балалар гүлдердің түсіне сәйкес көбелектерді құрастырып қондырады,түстерін айтады,санайды,қай жәндік аз көп екенін айтады.

Рефлекциялық-түзетушілік

Балаларға «Көңілді доп» ойыны арқылы сұрақтарды қоя отырып ашық оқу қызметін қорытындылау. Оқу қызметіне белсене  қатысқан балаларды күліп тұрған жұлдызшамен мадақтау, мақтау.

Балалар көңілді доп ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Жәндіктердің қазаша атауларын біледі;

Түстерді ажыратуды,санауды, аз көп ұғымдарын игереді.

Сұраққа толық жауап беру дағдылары қалыптасады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
769
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі