15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қазақ тілінің білгірі"
Тақырыбы: «Қазақ тілінің білгірі»
Мақсаты: оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, тіл жайлы білімдерін айқындау және толықтыру; ойлау, жүйелеу қабілеттерін шыңдау; оқушылырды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең, тілім.
Тарап кеткет балаларыңды баурыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! деп жырлаған Мағжан Жұмабаев. Тіліміз өз мәртебесін жоғалтпай, күннен – күнге өркендей берсін. Тілді білмей, мәдениетті меңгеру мүмкін емес. Ана тіліміздің қадамын нық басып, ғұмыры ұзақ болу үшін атсалысайық!
Бүгінгі «5», «6», «7» сынып оқушылырының білімдерін тамашалап, тіл жанашырларның сөзін тыңдайық. Сайыскерлерге табыс, сәттілік тілейміз.
Осы сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болайық.
3 топ өзара сайысқа түседі. Әр топ 5 оқушыдан тұрады. Топтың аты, ұраны, топ басшысы болуы керек.
Топтар өздерін таныстырып өтеді. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
«Бәйге» /сұрақ - жауап/
«Өнер алды – қызыл тіл» /тіл, сөз, шешендік өнеріне қатысты мақал – мәтелдер сайысы/
«Тапқыр болсаң шешіп көр» /сөзжұмбақ, ребус шешу сайысы/
«Сөз майталманы» /сөз шеберлігін таныту сайысы/
«Көп сөз – бір мағына» /тұрақты тіркестердің мағынасын шешу сайысы/
1 – кезең «Бәйге»
5 – сыныпқа. 1. «Фон» сөзінің мағынасы қандай? (дыбыс).2. Тарихи және архаизм сөздер деп.. (көнерген сөздер)3. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар (жуан, жіңішке)4. Дисфемизм сөздер дегеніміз не? (дөрекі айтылатын сөздер)5. Антоним дегеніміз не? 6. Математика терминдерін ата. 7.Мақал дегеніміз не? 8. Синоним сөздерге мысал келтір. 9. Әріп дегеніміз не? 10. «Ат ізін салмады» тіркесінің мағынасы.
6 – сыныпқа. 1. Фонетика саласы нені зерттейді? 2. Басқа тілден енген сөздер қалай аталады? 3.Буын неге байланысты бөлінеді? 4. Кәіби сөздердің түрлері? 5. «Ою» деген сөзде не әріп, неше дыбыс бар? (2 әріп, 3 дыбыс)6. «аузына құм құйылу» тіркесінің мағынасы .7. Қазақ әлірпбиінде неше әріп бар? 8. Омоним дегеніміз не? 9. Екпіннің неше түрі бар? 10. Табу сөздерге мысалдар келтір.
7 – сыныпқа.1. Лексика саласы нені қарастырады? 2.Тек салдардар тұратын дауыссыздар.3. Сөздік қорға заманның жаңаруына байланысты енетін сөздерді қалай айтамыз? 4. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?5. «Құдағай» -қандай сөз? (диалект) 6. Ілгерінді ықпал дегеніміз не? 7. «Алыс» сөзін тұрақты тіркеспен алмастыр (ит өлген жер)8. Буынның неше түрі бар, ата.9. Дыбыс деген не?(тілдегі ең кіші бөлшек,оны естиміз және айтамыз)10. «Уәзір, сұлтан, кебеже» сөздері қандай сөздер?
2-кезең. «Өнер алды – қызыл тіл» Бұл сайыста топтар тіл, сөз, шешендік өнер тақырыбына қатысты мақал – мәтелдер айту бойынша сынға түседі. Қай топ жылдам және көп айтса, сол топтың қоржынына 10 ұпай қосылады.
3-кезең. «Тапқыр болсаң шешіп көр» кезеңі. Бұл сайыста топтар үйден құрастырып келген сөзжұмбақ және ребустарымен алмасып, минут аралығында қарсылас топтар шешіп, жауаптарын айту керек. Әр топқа өз тақырыбы берілген болатын. І топ «Антоним», ІІ топ «Синоним», ІІІ топ «Омоним»
4 – кезең. «Сөз майталманы». Топ басшылары өз сөз өнерлерін назарымызға ұсынады. Сөз өнерінің тақырыбы «Ана тілің – арың бұл!» Осы тақырыпта ойыншылар ой өрбітеді. Мақсаты – сөздерді мағыналы, мазмұнды құрап, ойларын еркін, көркем сөзбен жеткізу, тіл құдіреттілігін дәріптеу. Дайындыққа 10 минут уақыт беріледі. Топ басшылары осы сайысқа дайындалғанша топтың қалған сайыскерлері келесі кезеңге кіріседі.
5 – кезең. «Көп сөз – бір мағына». Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашу керек.
5 – сыныпқа. 1.Ит арқасы қиянда(алыс жер)2.Арасынан қыл өтпейді(өте тату)3.Артынан сөз қалдырды(кейінгіге өнегелі сөз қалдырды)4.Ат ізін салмау(хабарласпау)5. Бармағын тістеді(өкінді)6.Бес саусақтай білу(жетік білу)7.Дәм – тұзы жараспады(тату – тәтті тұра алмады)8.Екі аяғын бір етікке тығу (қысымға алу)9.Екі көзі төрт болу(қорықты)10.Жұлдызы оңынан туу.(жолы болу).
6-сыныпқа. 1.Жұмған аузын ашпау(сөйлемеу)2. Жүзі солу(жүдеу)3.Жүрегінің түгі бар(батыр)4.Жүрегі алып ұшты(толқыды)5.Зығырданы қайнау(ашулану)6.Ине шаншар жер жоқ (тығыз, тар)7.Инемен құдық қазғандай(қиын,ауыр)8.Ит терісін басына қаптау(ұрсу)9.Көзге түртсе көргісіз(қараңғы)10.Көздің шырымын алу(аздап ұйықтау).
7-сыныпқа. 1. Көзі алақандай болу(қорқу)2.Кірерге тесік таппады(ұялды)3.Кірпік қақпау(ұйықтамау)4.Қас епен көздің арасында(тез,жылдам)5.Қой аузынан шөп алмас(жуас)6.Мұрынын көкке көтеру(менменсіну)7.Сөз байласу(уәделесу)8.Су жұқпас(алаяқ)9.Тамырына балта шабу(жою)10.Төбе шашы тік тұру(қорқу).
Қорытынды: жеңімпаз топты марапаттау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген