Қазақ тілінің
латын жазуына
көшуі
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2017 жылдың 26 қазанындағы №569 «Қазақ
әліпбиін кирилицадан латын графикасына
көшіру» туралы Жарлығына өзгерістер
енгізіп жаңа редакцияда бекіту туралы
қаулысын дұрыс шешім деп қабылдаймыз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін
біртіндеп латын әліпбиіне көшіреміз
деп мәлімдеді. «Мен еліміз мықты, әрі
жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт
болу үшін болашаққа қалай қадам
басатынымыз және бұқаралық сананы
қалай өзгертетініміз туралы
көзқарастарымды ортаға салуды
жөн көрдім» дей отыра ҚР президенті
«Болашаққа
бағдар: рухани жаңарту» мақаласын
жариялаған болатын. Қазақ тілін
латын жазуына көшіру туралы ұсыныс,
жаңа әліпби дайындау және құжат айналымы
мен кітап басып шығаруды латын тіліне
ауыстыру қазақстандықтар үшін кенеттен
туындаған мәселе емес. Бұл мемлекеттің
мақсатты түрде және кезеңкезеңмен бет
алған бұрыннан мәлімделген мақсаты.
Сондай-ақ бұл бастама «сырттан» келген
жоқ, оны бастама етіп көтерген – Қазақстан
азаматтары. Латын жазуына көшудің
қажеттігі туралы мәселені Қазақстанның
қоғам қайраткерлері мен тіл білімі
саласындағы мамандар тәуелсіздіктің
алғашқы жылдары-ақ ұсынған болатын. Бұл
мәселе 2006 жылы тағы да күн тәртібіне
қойылды, Қазақстан халықтар ассамблеясында
Елбасымыз әлемдік коммуникациялық
кеңістікте латын жазуының басым екенін
айтып, мамандарды латын жазуына көшу
мүмкіндігі туралы мәселені талқылауға
шақырды.
Халықтың
үлкен өнертабыстарының бірі – жазу.
Жазу қоғамның жинап-түйген тәжірибесінің
бәрін бір жерге шоғырландырып,
оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беруге
мүмкіндік береді. Жазу ұлттық кодтарды
қалыптастырып, қарым-қатынас жасаудың
уақыттық және кеңістіктік шектеулерін
жояды. Өзінің дамуы барысында қазақ
тілі нақты 21 тарихи кезеңнің талаптарына
бейімделе отырып, жазуын бірнеше рет
өзгертті. VI–VII ғасырларда көне түркі
халқы, ата-бабаларымыз, оның ішінде
қазіргі қазақтардың ата-бабалары ғылымда
ОрхонЕнисей жазуы деген атаумен белгілі
көне түркі руна жазуын пайдаланған..
Қазіргі Қазақстан аумағына ислам діні
келгеннен бастап, яғни X ғасырдан бастап
араб жазуына көшкен, бұл жазу XX ғасырдың
басына дейін қолданылған.. 1912 жылы Ахмет
Байтұрсынұлы араб жазуына негізделген
қазақ жазуын сол заманның талаптарына
бейімдеу мақсатында оған реформа жасап,
бұл жазуды шетелде тұратын миллиондаған
қазақтардың пайдалануына мүмкіндік
берді. «Жаңа емле» деп аталатын жаңа
әліпбиді Қытай, Ауғанстан және Иранда
тұратын қазақтар әлі күнге дейін
пайдаланып келеді. Сондайақ сол дәуірдің
зерттеушілері мен қоғам қайраткерлерінің
пікірінше, қазақ тілінің дамуында
маңызды рөл атқарған араб жазуы (халық
арасында «төте жазу» деп аталады) өзінің
әлеуетін төмендетті. 1929 жылдан бастап
Қазақстан аумағында жаңа, латынға
бейімделген әліпби – «Бірыңғай түркі
әліпбиі» пайда болды. Латын жазуына
негізделген бұл жазу 1939 жылға дейін
қолданылып, 11 жылдан кейін латын жазуының
орнына кирилл әліпбиі келді. 1940 жылы
«Латын жазуына бейімделген қазақ жазуын
орыс жазуының негізіндегі жаңа әліпбиге
көшіру туралы» Заң қабылданды. Осылайша,
қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы
негізінен нақты саяси себептермен
айқындалып келді. 2012 жылғы желтоқсан
айында жария еткен «Қазақстан-2050»
Стратегиясында «2025 жылдан бастап
латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз
керектігін» мәлімдемеленді. Бұл – сол
кезден барлық салаларда біз латын
қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз.
Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын,
мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін
де латын әліпбиімен басып шығара
бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды,
сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты
осы бастан қолға алуымыз керек. Біз
осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті
дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз.
Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын
тілін оқып, латын әріптерін онсыз да
үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін
ешқандай қиындық, кедергілер болмақ
емес. 2017 жылдың аяғында мамандардың
көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа
графикадағы бірыңғай стандартты
нұсқасымен таныстырылып, оқытылды.
Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік
жұмыстар жүргізілуге тиіс.
Біз-
қазақ тілінің мұғалімдері, қазақ тілінің
латын жазуына көшуі- қазақ елінің әлемдік
аренада бой көрсетуіне жол ашатын
негізгі баспалдақ деп білеміз. Сондықтан,
қазақстандық әрбір азамат жаңа әліпбиді
тезірек, сауатты меңгеріп, қазақ тілін
ғылым мен техниканың тілі ету үшін
аянбай күш жұмсауы қажет деп
есептеймін.Болашақ тіл маманы ретінде
де бұл бастаманың дұрыс екенін аңғарамын.
Ендігі жерде, ана тіліміздің қадір-қасиетін
халықтың қайта ұғынарына, ұрпақтардың
латын тілін меңгеруіне сенемін.
Ел болып, жұрт болып атқаратын игі
бастамаға тек қана сәттілік тілеймін!
"Қостанай
қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің
№11 орта жалпы білім беретін мектебі"ММ
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Алпысбаева
Г.М.