400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін биікте ұстау

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған тіліміздің мемлекеттік дәрежесін биіктету- баршамыздың міндетіміз екенін жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде заңды дәрежесін биікте ұстау


   Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығының бірі - ұлтаралық ауызбірлік. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы бейбіт те, тыныш заманды аңсаған. Сол заман орнаған кең- байтақ елімізде көптеген ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әрдайым солай болғай! Тіліміздің мәртебесін асқақтату –әр ұлт өкілінің міндеті. Сондықтан осыған байланысты мектебімізде басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың  баға жетпес мұрасы тіл екенін сезіндіру үшін, мектебімізде Тіл заңының орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында іс-шара жыл бойы жұмыс жүргізіліп келеді. Бұған қазақ тілі пәнінің мұғалімдері жетекшілік жасайды. Әрбір өткізілген жұмысқа есеп беріліп, өткізілген іс-шара жұмысының фотосуреттері жинақталып, альбомдар мен жинақ папкалары жасалынған. Тілімізге мұрагер болып қанатын кеңге жаюына, қарыштап дамуына, өрістеуіне үлес қосатын еліміздің балғын ұрпақтары. Ал тілдің тегеурінін мықты ұстап, тілмен сусындататын әрине ұстаздар.

  Мектебімізде тілге байланысты өткізілетін іс-шараларға ұстаздар қауымы да белсене ат салысады. Қазақ тілінің қанатын кеңге жаю мақсатында әріптестерімізбен мемлекеттік тілде тілдесеміз. Мектепшілік іс-қағаздар, кіріс-шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне әкімшілік тарпынан қадағалау жасалынады. «Өз тілің – өркенің, мақтаның, ұлтың ол сенің» дегендей мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері өздерінің сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын молайту мақсатында мектебіміздің аспазшылары да «Қазақшаңыз қалай?» үйірмелеріне  белсене қатысып, тілді үйренуге ат салысуда. Тілге байланысты мектебімізде нәтижелі жұмыстар жүргізілуде.

  Тілдер меркесіне байланысты қалалық оқу бөлімінің жоспарына сүйене отырып, қазақ тілі пән мұғалімдері Танатарова Д.Т, Серікболатқызы С және Шоқбарова М.Қ. мектепішілік жоспар құрды. Сол жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.  Ағылшын пәнінің мұғалімі Баяхметова А.Ш «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»  тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Ойын барысында оқушыларымыз үш тілді қалай меңгергендіктерін байқатты. «Бір шаңырақ астында»  атты сурет көрмесін жас мамандар сәтті ұйымдастырды. Оқушылар өз ой-қиялдарын сурет арқылы жеткізе білді. «Сөз мерген»  сайысы 5-8 сыныптар арасында өтті. Оқушылардың көне сөздерді қаншалықты жетік білетіндеріне пән мұғалімі Ескендирова Н.Ж жетекшілік жасады. Осындай тіл саясатын дамытуда әрбір өткізген іс-шараға сынып жетекшілер және пән мұғалімдері жан-жақты ізденіп, өз үлестерін қосады. Орыс сыныптары арасында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Садыбекова С.Ж.ұйымдастыруымен «Тіл–аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» тақырыбында әдеби кеш өтті. Кешке мектептің мұғалімдері келіп қатысты. Кеш барысында оқушылар қазақ тілінде таза сөйлеп, ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқыды. «Тілі бірдің – тілегі бір»  дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тілдің қазіргі жайы туралы қатысушылар ой бөлісті. «Күш- білімде, бірлік - тілде» демекші басқа ұлт өкілдерінің тілге деген құштарлығын оятып, қызықтыру үшін мектебімізде осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

  Пән мұғалімдері «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде » атты тақырыппен іс-шараны қорытындылады. Оқушыларымыз мемлекеттік тілді қаншалықты жетік игергендерін дәлелдеу мақсатында әр түрлі байқауларға қатысып, нәтиже көрсетуде. Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай  мектеп ұжымы ат салысады.  Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер  бірігіп атқарылады.  Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы  жанашырлық танытуға мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері де ат салысатынына  сенеміз.

Бірлестік жетекшісі Ескендирова Н.Ж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
435
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі