Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ ұлттық ою-өрнектері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінтерін дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 03.04.2023 Үйірме атауы: «Қолөнер және туризм»

Тақырыбы: Қол тігістері

Сабақтың мақсаты:

а)Қол тігістер туралы мәлімет беру,тігістерді айыра білуге үйрету.

ә)Оқушылардың ой-өрісін ,ойлау,есте сақтау,өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

б)Эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу,адамгершілік қарым –қатынасқа тәрбиелеу,бір-біріне көмекке келуге адамдардың еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ Оқыту әдісі: түсіндіру,бейнелеу. Сабақтың көрнекіліктері: тігістердің түрлері. Құрал-жабдықтар: қайшы ,ине,жіп Пәнаралық байланыс: сызу ,математика.

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.

ІІ.Өткен сабақты қайталау. Сұрақтар:

-Қыздар,өткен тақырыпта қандай тігісті үйрендік?

-Сендер қандай тігіс түрлерін білесіңдер?

-Тігістің түрлерін айтыңдар?

ІІІ.Жаңа тақырып.

Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғылар

Ине жоғары сапалы болаттан жасалатын,бір ұшы үшкір,екіншісі ұшында көзі,яғни жасалуы орналасқан өзек.Ине тегіс үшкір сынбайтын қатты болуы крек.Ине ұзындығы бойынша әртүрлі өлшемде болады.

Қайшы ,киім бөлектерін пішуге,жіптің ұшын қиюға арналған.Қайшы дыбыссыз жабылып,ашылуы керек.Қайшының жүзі өткір болуы керек.Оймақ-бұл пластмассадан,болаттан жасалған зат.Оның оң қолдың ортаңғы саусағына киеді.Сантиметрлік таспа ұзындығы 150 см тең .Матадан тігілген бұйымның бөлшектерін,өлшемін алуға арналған.Лекало бұйымының қатты қағаздан қиып жасалған бөліктері.Матаға лкалоларды қойып бақылау нүктелерін белгілеп шығады.Түйрегіш бұйым бөлшектерін түйрету,көктеу кезінде,сондай –ақ бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланылады.Ұзындығы 3-4 см.

.Жұмыс үстеліне қисайып немесе қатты еңкейіп отыратын болсаңдар,ол омыртқаның қисаюына ,жақыннан көргіштікке,тез шаршауға алып келеді.Содықтан жұмыс үстеллінде дұрыс отырудың ,жұмыс орнының дұрыс ұйымдастыруылының маңызы зор.Қол жұмысындағы тігіс түрлері:көктеу,бүгіп,көктеу,жапсырып көктеу.Бүгін сабақта біз бүгін көктеу тігісімен танысамыз.Бүгіп көктеу тігісті біз уақытша пайдаланамыз,бұйымдарды пішіп , бір-бірімен көктеуде арналған тігістер.

Сұрақтар:

1.Қол тігістеріне нелер жатады?(бүгіп тігу,көктеп тігу,жапсырып тігу т.б.) 2.Оймақ дегеніміз не? (Бұл пластмассадан ,болаттан жасалынған зат.Оны оң қолдың ортанғы саусағына киеді.Ол қауіптен қорғайды) 3.Бір-бірімен көктеуде арналған тігістер қалай аталынады? (Бүгіп көктеу) 4.Иненің негізгі көлемі қандай болу керек? (1.Сапалы болаттан жасалынған болу керек. 2.Ине тегіс,үшкір сынбайтын болуы керек.Инелер ұз бойынша әртүрлі болады.) 5.Бір бөлшектен сызықты екінші бөлшекке көшіру кезінде пайдаланылады зат? (түйрегіш)

Шағын тест.

Тақырып қол тігістері

1.Матаның екі бөлігін бірімен-бірі бетестіретін инемен сирек тігу.Бұл машинамен тігер алдындағы әзірлік процесс (көктеу) 2.Қайырылған жиекті білдірмей тігу. (Іліп тігу) 3.Пішілген матаның шетін уақытша бүгіп тігу. (Іле көктеу) 4.Түйме ілгек және киімнің біржолата немесе уақытша тігілуі. (қадау,жапсыру) 5.Матаның шаңды тез қабылдауы. (шаң өткізгіштік)

ІҮ Кіріспе инструктаж.

-Бұйымның жасалу реті қиық шетін см-дей бүгіп,арасы 0,5 см-ден түзу инешаншырымдар жасап көктеңдер.

Жұмыстың тәсілін көрсету. Техника қауіпсізідк ережесін қайталау Қателерді ескерту Ү.Сарамандық жұмыс: «Бүгіп көктеу»

Ағымдағы инструктраж Жұмыстың орнын,құрал –жабдықтарын тексеру; Жұмыс тәсілінің жалғасуымен дұрыс орындалуын бақылау;

Қателіктерді табу және жою. Сергіту сағатын өткізу. ҮІ.Бекіту. Оқушылардың жұмыстарының сапасын анықтау.

Қорытынды:Шеберлікте шек жоқ,жалқаулыққа жол жоқ.Өнерлінің қолынан тамып тұрған бал көп,-дегендей бүгінгі сабағымызда сендер қол тігістерін,олардың тігілу технологиясы туралы көп мағұлмат алдыңдар деген ойдамын.

1.Бүгін не үйрендік? 2.Қандай тігістерді үйрендіңдер? -Бүгін сабақта қол тігістерін үйрендік. ҮІІ.Жұмыс орнын жинақтау

Үйге тапсырма :қол тігістерін қайталап тігу,кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды әкелу.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2023
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11