жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ ұлтының мәдениет элементтерін пайдалану арқылы стильденген ұлттық баскиім тігу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы
«Созақ» жалпы орта мектеп –гимназиясы
Тақырыбы: Қазақ ұлтының мәдениет элементтерін пайдалану арқылы стильденген ұлттық баскиім тігу
Көркем еңбек пәні мұғалімі:
Тұрсынбаева Пакизат Кадиркулқызы
Секциясы: Көркем еңбек
2018-2019 оқу жыл
Жоспар:
І Кіріспе
1.Қазақ хақының ұлттық тәрбиесін арқау ете отырып, жас ұрпақтың
бойына сіңіре отырып салт-дәстүрді құрметтеуге,қолөнерді үйренуге
ықпал жасау,тәрбиелеу.
ІІ Негізгі бөлім
Жұқа киіз (фетр матасынан) бас киімдер түрлерін жасату ,жасата отырып оқушыларды топтық жұмыс жасауға, эстетикалық талғамы мен шығармашылығын дамыту
ІІІ Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс- әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тəсілдеме пəндік білімді, əлеуметтік жəне коммуникативтік дағдыларды ғана емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу жəне серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
Көркем еңбек пәні арқылы əлемді эстетикалық жəне рухани түрде меңгеруге жəне тұлғаның өз ойын білдірудің бір тəсілі болып табылады.«Көркем еңбек» пəні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, əлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, оқушылардың көркемдік қабілеттерін, кеңістікті жəне көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады. Көркем жəне басқа түрлі материалдар, құралдары мен тəсілдерін қолдану оқушылардың сенсорикасын, қолдың моторикасын жəне көзбен нақты мөлшерлеуін дамытады.Пəн мазмұнын меңгеру жəне оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру жəне көрсету, ақпараттар жəне идеялармен алмасу үшін бірлесіп əрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау жəне жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек
Мектеп оқушыларының көркем еңбек арқылы танымдық іс-әрекеттерін арттырудың маңызы жоғары болып табылады. Олардың кеңістіктегі заттарды көре алуы мен ойлауын дамыту бүкіл дүниетанымын қалыптастыруға ықпал жасай алуы керек. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттырудағы рөлі ерекше екенін байқауға болады. Олардың оқуға деген қызығушылықтары артып қана қоймай, алған білімдерін іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қаты настарда қолдана алады деп ойлаймын. Сол себепті де осы көркем еңбек сабағында іске асқан іс-әрекеттердің бәрі дерлік тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.
«Көркем еңбек» пәнінің маңызы
«Меніңше, білім беру аясындағы бейнелеу өнерінің басты құндылығы оның адамның тәжірибесін байытып, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға қосатын үлесінде. «Көркем еңбек» пәні адам санасының білімнің басқа салалары қамтымайтын қырларына қатысты: визуалды нысанды эстетикалық қабылдау».
«Көркем еңбек» пəні бағдарламасы:
- өнер түрлерін кіріктіру арқылы пəндік білімдерін, дағдылары мен түсінігін дамытуға;
- ұлттық жəне əлемдік көркем мəдениеттегі өнерінің шығармаларымен таныстыру арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;
- көркем-шығармашылық пен кеңістік ойлау, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін визуалды жəне тактильді өнер тілдері арқылы қоршаған əлемге өз көзқарасын білдіру қажеттігін қалыптастыруға;
- еңбекті жоспарлау жəне ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптасуына;
- сенсориканың, қолдың моторикасының, байқағыштықтың, елестетудің, қиял мен шығармашылықтың дамуына;
- оқушылардың визуалдық жəне эстетикалық қабылдаудың дамуы, көркем жұмыстарды сын тұрғысынан түсінуі үшін өнер жанрлары, стильдері туралы білімдерін қолдану;
- танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық жəне адамгершілік сипаттағы түрлі міндеттерді дербес шешу тəжірибесінің қалыптастыруға;
- өзінің көркем жұмысын орындау үшін, ақпараттың əртүрімен жұмыс жасай алу (табу, іріктеу, жинақтау) біліктілігін дамытуға;
- бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен жəне топпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған;
Негізгі бөлім
Осы мақсатта күнтізбелік жоспар бойынша 8 «б» сынып оқушыларымен Дизайн және технология тарауы бойынша "Стилденген ұлттық бас киім тігу" тақырыбы бойынша жұмыс жүргіздім.
Қ/с |
Сабақтың тақырыбы"Стилденген ұлттық бас киім тігу" |
Сағаты |
|
Теория |
Сарамандық |
||
1 |
Кіріспе.Бас киімдер түрлері ерекшеліктері туралы мағлұмат беру, слайд арқылы
|
1 |
|
2 |
Талапқа сай дизайн дайындау Материал дайындау.
|
|
1 |
3 |
Өлшем алу Сызбасын жасау.
|
|
1 |
4 |
Стильдік ұлттық бас киімді пішу Құрастырып тігу. |
|
1 |
5. |
Әсемдеу ,сәндеу жұмыстары |
|
1 |
Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар.
Мәселен, қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақыя (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар камшат бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т.б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Ал әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар) қасаба, бүркеніш, шылауыш және т.
Фетра материалынан стильденген бас киім тігудің нұсқау картасы
|
Жұмыстың мазмұны |
Дайындалуы |
Қажетті жабдықтар |
1 |
Бас киім үлгісін таңдау.Сызбасын сызу, пішу
|
|
А 4 форматтағы қағаз, қарындаш, өшіргіш, қайшы |
2 |
Материалдарды дайындау |
|
Түрлі түсті фетра материалы, қайшы, ине, жіп, синтепон. |
3 |
Суретті таңдау,эскиз қию
|
|
Дайын сызба, қайшы |
4 |
Тігістер жайлы мағлұмат беру |
|
|
5 |
Пішім бойынша стильденген бас киімді тігу |
|
Түрлі түсті фетра, жіп, ине, қайшы |
6 |
Дайын бас киімді әсемдеу, сәндеу,әшекейлеу |
|
|
Қажет материалдар
-фетр материалы (синтетикалық фетр);
-ине, жіп, қайшы;
-бисерлер,паеткалар.
-үкі
Сарамандық жұмыс.
1. Техника қауіпсіздік ережелерін естеріне салу.
2.Эскиз бойынша қажетті сызбаны пішу.
3. Сарамандық жұмыс барысында ою элементтердің дұрыс ойылуын салынуын қадағалау, қателіктерді болдырмау жолдарын бақылау.
4.Бас киімді тігу кезінде өте ұқыптылықпен тігу,сәндеу.
5.Жеке оқушылармен жұмыс.
Инемен,
қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік
ережелері:
•
Қайшы өткір болу керек.
• Қайшының
жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың
оң жағына қоямыз.
• Қайшыны ұсынар
кезде сабымен ұсын.
• Инені арнайы
жастықшаға шаншы, өйткені инені жоғалудан
сақтайды, егерде инені жоғатып алсаң
мұғалімге ескертіп тауып ал.
• Инемен
тіккенде аузыңа салма, киімге қадама.
•
Сынған инені жерге тастама, ешкімді
зақымдамайтын жерге таста.).
• тігінге
арналған бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп,
мақта, бисерлер паеткалар, ыстық желім.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Дизайн және технология
|
Мектеп: «Созақ»мектеп -гимназиясы |
|
||||||||||||||||||||
Күні: 12.12.2018ж |
Мұғалімнің аты-жөні: П.Тұрсынбаева |
||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 б сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Сәндеу |
||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.2.3.3 - шығармашылықжұмыстар мен бұйымдаржасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану 8.3.4.1 – өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау 8.2.6.1 - техника қауіпсіздігін қадағалап, маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану
|
||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
|
||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері: |
Оқушы келесі мақсаттарға қол жеткізді:
|
||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар :
|
---------------------------- |
||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту:
|
|
||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыста: |
------------------------- |
||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары: |
------------------------- |
||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім:
|
7-сыныптың тәжірибесінен оқушылар кестелеудің әртүрлі тәсілдерін біледі. |
||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басы2 мин
3 мин |
Сабақ тақырыбын жариялау Бағалау мақсаттары мен өлшемдерін бірлесіп талқылау.
|
Презентация. 1,2 Слайд
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 32 мин
2 мин |
Тәжірибелік жұмыс: Оқушылар таңдалған әдіспен өздерінің жұмысын безендіреді - дәнекерлеу, дайын әшекейлерді жабыстыру, моншақтар мен бисермен кестелеу (бас киімнің жоғары бөлік қаптамасы сәндеуге, немесе аппликация жасауға болады).
Жұмыс жасау барысында оқушылардың жұмыстарын байқау, қажет болса көмек көрсету (скаффолдинг)
пікірлер жинайды оқушылар сыныптың ішінде жүріп жұмыстарына комментарий жинайды.
бағалау парақтарын толтырыңыз:
|
Моншақтар, жіптер - люрк, кесте, иголдар, қайшылар және т.б.
Бағалау парақтары
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин
|
Рефлексия: Мұғаліммен бірлесе отырып: Не жақсы болды? Шығарм жұмысты орындауда не киын болды? Сонымен қатар, оқушыларбір-біріне комментарий береді. Жұмыс орнын жинау.
|
|
|||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, Оқушыға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарды таңдау кезінде дифференциация көрсетіледі
|
Сұрақ қою әдісі. Өзін-өзі бағалау
|
Қолданылатын физминутки және белсенді қызмет.
|
|||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланы ңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты дұрыс қойылған.Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді.
Саралау дұрыс жүргізілді. Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталған. |
|||||||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақта өнімді сәндеу кезінде қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтері қолданылған.
2: Оқушының жұмысында қолданылатын идеялар мен тәсілдерді және сыныптастың жұмысын талдады және бағалады.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: әртүрлі слайд видио роликтер
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||||||||||||||||||
Нәтиже
Ұлттық қол өнердің бір саласы болып саналатын бас киім тігу өнерін, заман ағымына қарай ұлттық нақышты пайдалана отырып жасау ,
әр түрлі жолдармен әшекейлеу, сәндеу дағдысын қалыптастыру.
Пікір
«Созақ» жалпы орта мектеп- гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Тұрсынбаева Пакизат Қадырқұлқызы 32 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде өз пәнін жетік меңгерген, ұстаз ретінде танылып, оқу бағдарламасын талапқа сай меңгертіп, өмірде алған білімдерін пайдалануға баса назар аударады. Қыры мен сыры мол технология мамандығына мектептен бастап қыздардың қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, түрлендіріп сабақ өтеді.Іс тәжирбесі тарқатылған тәжірбелі мұғалім.
"Кілем тоқу", «Ши тоқу өнері» "Жұлдызша кестесін тігу" сабақтары оқушыны қызықтырған мақсатына жеткен сабақтар болды. Тәжірибелі ұстаз Тұрсынбаева Пакизат 8 «б» сыныбына өткен "Қазақ ұлтының мәдениет элементтерін пайдалану арқылы стильденген ұлттық баскиім тігу " атты сабағы АКТ пайдалана отырып білімдерін тиянақтау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін дәріптей білуге және жан-жақты ізденуге негізделген.
Бірлестік жетекшісі: Г.Имашова
Пайдаланған әдебиеттер:
1. "Шаңырақ энциклопедиясы" 1991 жыл.
2. Қазақстан мектебі. Алматы, Дәуір, 2009ж. № 6.
З. Әбілова. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы 1986.
4.
К. Кожахметова, С. Ұзақбаева. Эстетикалық
тәрбие берудің ұлттық негіздері. Алматы
1985.
5.
М. Касымов, Г. Райымбекова. Оқушыларға
рухани эстетикалық тәрбие берудің
мазмұны. http.www.tarsu.kz
6.
Мектептегі технология 2018 ж. №2, 9 бет.
Аңдатпа
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талабына сәйкес технология сәндік қолданбалы өнер пәнінен қолөнер бұйымдарын жаңаша әдіс- тәсілдермен үйрету және халықтық педагогикамен ұштастыру, қазіргі таңдағы мұғалімдердің өзекті мәселесі.
Аннотация
По требованиям Государственного общеобразовательного стандарта главной проблемой учителей технологии является организация различных методов и использованые их на уроках, учить новым технологиям ручного изделия, связывая с народной педагогикой.
Annotation
According to requirements of the state general education standard the main problem of teachers of technology is the organization the various of methods and their use at lessons, to teach new technologies manual product, connecting with national pedagogics

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген