400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Қазақшаң қалай?

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың қазақ тілі туралы алған білімдерін кеңейту. Соңғы сабақтарда фонетика саласы бойынша алған білімдерін бекіту. Әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың логикалық-ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақшаң қалай?

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың қазақ тілі туралы алған білімдерін

кеңейту. Соңғы сабақтарда фонетика саласы бойынша

алған білімдерін бекіту.

2. Әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып

оқушылардың логикалық-ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын

арттыру.

Сабақта қолданатан әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақта қолданатын көрнекті құралдар: тірек сызба, қима қағаздар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Сабақтың тақырыбын мақсатын

хабарлау.

  1. Қызығушылықты ояту;

Ал енді балалар «қазақ тілі» деген сөз тіркесті естігенде ойларына бірден келетін сөздерді тақтаға жазайық.


Shape1 мемлекеттік

Shape3 Shape2 ана тілі көркем

Shape6 Shape5 Shape4 Қазақ тілі

бай түркі тектес

жалғамалы


Сабағымыз «Бәйге» ойыны түрінде өтеді. Ол үшін тобымыз екі шағын топқа бөлінеді және әр топтың тұлпары болады. Қай топтың тұлпары мәреге бірінші болып жетсе сол топ жеңеді.

Біріншіден тұлпарларымызға ат қоямыз.

1ші топтың тұлпары .......( мысалы «Құлагер»)

2ші топтың тұлпары .......

Әділ қазылар алқасын тағайындау.

Ал енді бәйгемізді бастаймыз.


2. Мағына тану;

I тапсырма. Тірек сызба бойынша «Қазақ тілі» туралы әңгіме құрастыру. Қай топ әңгімені дұрыс және бірінші болып орындаса сол топтың атшысы алға қарай жылжиды.


Мемлекеттік тіл

Ана тілі жалғамалы тіл

Қазақ тілі

өте бай көркем зерттеген ғалымдар


үйренгім келеді

Тапсырма дайын болғанда әділ қазылар алқасына сөз беріледі


II тапсырма. Әр топтан бір оқушыдан шығып таңдаған қалташықтан сөз алып, тақтада фонетикалық талдау жасайды.

Дәстүр Құрмет


Қалған оқушылар ол уақытта фонетика саласы бойынша сұрақтарға жауап береді.

  1. Фонетика саласы нені зерттейді?

  2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

  3. Неше дыбыс бар?

  4. Дыбыстар өз ішінен неше топқа бөлінеді?

  5. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?

  6. Дауыссыз дыбыстар өз ішінен неше топқа бөлінеді?

  7. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

  8. Буынның неше түрі бар? (түрлерін атау)

  9. Қазақ тіліндегі екпіннің орыс тіліндегі екпінінен айырмашылығы неде?

  10. Үндестік заңның неше түрі бар?


III тапсырма Мақал-мәтелдер сайысы. Қай топ тіл туралы көп мақал біледі. (кезекпен айтылады) Тіл туралы дұрыс айтылған мақал-мәтел үшін жұлдызша беріледі, қай топтың жұлдызшалары көп болса, сол топтың атшысы алға жылжиды.


IV тапсырма Қима қағазбен жұмыс. Дұрыс және бұрыс сөйлемдерді анықтау.


V тапсырма Сөзжұмбақ шешу. Дұрыс жауап берген топқа жұлдызша беріледі, қай топтың жұлдызшалары көп болса, сол топтың атшысы алға жылжиды.

1. Шоқан Уәлиханов кім? (Ғалым)

2. Қазақстан Республикасының тудың авторы кім? (Ш.Ниязбеков)

3. Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан? (Алматы)

4. Отанымыз қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

5. Қазақстан солтүстіктен қай елмен шектеседі? (Ресей)

6. Қазақстан Республикасының рухани астанасы. (Түркістан)

7. Ұлттық валютамыз қалай аталады? (Теңге)

8. Астананың символы ?( Бәйтерек)

9. Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі .(Елтаңба)

10. Фонетиканың зерттейтін обьектісі. (Екпін)

11. Біз Қазақстанның қандай аймағында турамыз? (Солтүстік)


3. Ой-толғаныс.


Қазақ тілі туралы «бес жолды» өлең кұрастыру:

1.Зат есім

2. Екі сын есім

3. Үш етістік

4. Фраза немесе қанатты сөз

5. Бірінші жолдағы сөздің синонимін жазу


Мәреге жеткен тұлпардың иелері жеңеді.


Оқушылардың еңбегін бағалау.

Үй тапсырмасын беру:

Бүгінгі сабақ туралы эссе жазу.

Рефлексия



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі