жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақшаңыз қалай?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
КЕЛІСІЛДІ Колледж әдіскері ___________ Ш.Б.Абишова «_____»_____________2019 ж. |
БЕКІТЕМІН Директордың ОЖЖО ___________ Ш.Е.Жабыкбаева «____»__________2019 ж.
|
СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?» сайысы
Оқытушы: Жанатова Айман Жанатовна
Пәндер циклдық комиссиясының
отырысында қаралды
ПЦК меңгерушісі_______Ш.Т.Абушарипова
Хаттама № «____»________ 2019 ж.
Талдықорған 2019 жыл
ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
САБАҚ ЖОСПАРЫ
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күні
Топ
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Сабақ түрі: сайыс
Сабақтыңмақсаты |
Білімділік: |
Білім алушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту. |
|
Дамытушылық: |
|
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. |
|
Тәрбиелік: |
|
Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылыққа, ана тілімізді оқып үйренуге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу. |
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, слайд, флипчарт, эмблема.
Б. Таратылатын материалдар: қиықшалар, мадақтау қағаздары, бағалау парақтары.
БАРЫСЫ: |
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сайысқа қатысушыларды шақыру. 2. Әділқазылар алқасын сайлау. 3. Сайыстың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Сайыстың кезеңдері:
1 - жүргізуші:
Әрбір
тілде сөйле әлемді таң қылып, Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету. Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен өткізгелі отырған өзге ұлт өкілдері арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз. 1 - жүргізуші: Ана тілім арқалы, асқаралы, Сенен әр кез жаңа жыр басталады. Туған ұлттың қасиетін бойға жиған, Ойлы жастар өзіңнен от алады –отырып, сайысымыздың басты қаһармандары- қатысушыларымызды ортаға шақырайық.Сайысқа қатысушылар ортаға шығып, өз нөмерлерін таңдайды. Көпшілікке таныстырылады. І – жүргізуші Қазылар
орнықтырар әділдікті
І – жүргізуші Енді сайыста берілетін тапсырмалармен таныс болайық. 1.«Кел, танысайық» - өздерін таныстырады. 2. «Ұлттық құндылықтар-рухани жаңғыру негізі» - қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап беру. 3. «Кім көп сөз біледі» - берілген сөзбен сөздер құрастырады. 4.«Туған жердің көрікті жерлері» - экранда көрсетілген жерді табу және тарихына тоқталу. 5.Мәнерлеп оқу сайысы – өзінің таңдауы бойынша өлеңді жатқа оқу. Әр кезең бес баллдық жүйемен есептелінеді.
І – жүргізуші
№ 2 ____________________________ № 3 ____________________________ № 4 ____________________________ № 5 ____________________________ № 6 ____________________________ Құрметті әділ қазылар алқасы 1- кезеңнің бағасын берсеңіздер. І – жүргізуші Тауды биік деме сен, Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты деме сен, Білімді болсаң жығарсың– дегендей cайысымыздың «Ұлттық құндылықтар-рухани жаңғыру негізі» деп аталатын екінші кезеңін бастаймыз. Екінші кезеңде қатысушылырымыздың білімдерін сынап көреміз. Әрбір қатысушыға қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарды өздері таңдап алады:
(Алтыбақан, ақсүйек, асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қыз қуу, бәйге.)
(Бауырсақ, қазы-қарта, құрт, сүзбе, айран, қымыз, шұбат, наурыз көже, бесбармақ.)
(шiлдехана, бесiк той, тұсау кесер тойы, сүндет той, құда түсу тойы, сырға салу, беташар) 4. Бес қаруды атаңыз (қылыш, айбалта, найза, шоқпар, садақ). 5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата. (домбыра, сырнай, сыбызғы, қобыз, жетіген, сазсырнай, адырна, қылқобыз). 6. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз. (сәукеле, кимешек, шапан, тон, камзол, ішік, шекпен, тымақ). Құрметті әділ қазылар алқасы 2- кезеңнің бағасын берсеңіздер.
І – жүргізуші Бойларыңда от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей Жалындатып шарықтаңдар әрдайым. Келесі кезеңіміз «Кім көп сөз біледі?» деп аталады. Сайыстың шарты: берілген бір сөздегі әріптермен әртүрлі сөздер құрастыру. Сіздерге берілетін уақыт 1 минут. (күй ойнап тұрады). Жазғандарыңды оқисыңдар, содан кейін әділқазыларға бересіңдер. Берілетін сөздер: қазақстандық, шығармашылық, алдараспан, дүниежүзілік, Талдықорған, тоғызқұмалақ. Жүргізуші:
Жүргізуші: 4- кезең «Туған жердің көрікті жерлері» - экранда көрсетілген жерді табу және тарихына тоқталу. Қатысушыларға рет-ретімен слайдтан суреттер көрсетіледі: Бурабай, Астана, Шарын шатқалы, Медеу мұз айдыны, Алакөл, Айғайқұм.
Жүргізуші:
Жүргізуші:
|
Қорытындылау. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! - деп Мағжан атамыз жырлағандай, қазақ тілінің мәртебесі күннен-күнге арта берсін деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! |
Оқытушы: А.Ж.Жанатова |
1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
2. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыз?
3. Қазақ халқының салт – дәстүрлерiн атаңыз?
4. Бес қаруды атаңыз?
5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
6. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз?
шығармашылық
алдараспан
дүниежүзілік
Талдықорған
тоғызқұмалақ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген