400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Қазақшаңыз қалай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін үйренушілерге, оқушыларға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, жалпы оқырман қауымға арналған. Елімізге қазақ тілін кеңінен насихаттау мақсатында жазылған. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру үшін көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі

Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?» атты мұғалімдер арасында сайыс.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумабеков Е.Ж.
Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің танымдық қабілеттерін, тіл байлықтарын,
сөйлеу шеберліктерін тексеру, дамыту. Нағыз тіл жанашырларын тандап алу.
Эпиграф: «Қандай да болсын халықтың әдет - ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін үйрен». (Пифагор).


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүгін сіздердің назарларыңызға «Қазақшаңыз қалай?» атты мұғалімдер арасында өтетін сайысымызды ұсынамыз. Бұл сайыс қазақ тілі апталығына арналады.
Уважаемые учителя, я рада вас приветствовать на конкурсе учителей, которое называется «Как твой казахский?».
Жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата - жолым салтым бар,
Кең даладай жиналмаған жан - жағы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.
У каждого языка своя судьба, связанная с языками других народов. И язык любой нации для нас бесценен.

Жүргізуші: Язык отцов - наследие святое,
Глубокий, острый, сильный, словно крик.
Своих детей заботливой рукою
К себе притянешь, мой родной язык!

Ал енді қазылар алқасымен таныс болыңдар:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Молдахметова С.З.

Бастауыш сыныптарының мұғалімі – Бешимова С.М.

Ал енді бәсекеге түсетін 3 үміткерлерімен таныс болыңдар.

  1. Мектебіміздің әлеуметтік педагогі – Маркова В.А

  2. Бастауыш сыныптарының мұғалімі – Бритвак Д.В

  3. Биология пәнінің мұғалімі – Баранова Ш.В

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – Таныстыру. Ең жоғары ұпайы –5.

2-кезең: «Сен білесің бе?» сандықшада жасырылған сұрақтарға жауап беру)

1.Жыл мезгілдерін ата?
2. Қазақстанда неше облыс бар?
3. Елбасы кім?
4. «Қыркүйек» сөзінің аудармасы қандай?
5. Қазақстанның астанасы?
6. Оқушы, ұстаз, мектеп сөздерінің аудармасы?
7. «Сабақ кестесі» сөзін аудар
8. Қазақстанның қай облысында тұрамыз?
9. «Хаттама» сөзін аудар
10.Тілдер күні мерекесі қай айда өткізіледі?
11. «Сұлу» сөзіне синоним?
12. «Мектеп бағдарламасы» тіркесін аудар?

Үшінші кезеңді бастаймыз. Ол
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады. Қазір сіздерге әріптер таратылады. Әр сайыскерге бір қазақ әрпі. Сіздерге сұрақ қойылады. Сол сұраққа жауап осы әріптен басталуы керек.



Предлагаем Вам прослушать задание третьего тура, который называется «Найди нужное слово». Каждому участнику дается по одной казахской букве. Я Вам буду задавать вопросы, а Вы должны ответить на них, но ответ должен начинаться с этой буквы. Время одна минута. (Ө, Қ,Ә)



Бүгін қандай күн? - (өте жақсы, қызықты,әдемі)



Есімің кім? - (Өркен, Қанат, Әлия)



Кімді жақсы көресің? – (өзімді, қаламды, әкемді)



Мектепте не істейсің? – (өте жақсы оқимын, қаламмен жазамын, әріптерді оқимын)



Сен қайда барасың? – (өзенге, қалаға, әткеншек тебуге)



Нені жақсы көресің? – (өрікті, қызанақты,әшекейді)



Алма тәтті ме? – (өте тәтті, қышқыл, әрине)



Досыңның аты кім? – (Қарақат, Өскен, Әсем)



Қай пән ұнайды? – (өзін-өзі тану, қазақстан тарихы, әдебиет)



Жүргізуші:

Той, думан – қазағымның салтанаты.

Қазақтың шашу тартар ата салты.

Бүгiнгi мерекеде оянады,

Әркiмнiң дәстүрге деген махаббаты.



Төртінші кезең – «Кім жүйрік».

Участники вытягивают по карточке в которой даны казахские национальные игры, еда и традиции. Каждый правильный ответ оценивается в один балл.

А) Ұлттық ойындарды атау.

(Алтыбақан, ақсүйек, асық, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қыз қуу, бәйге.)

б)Ұлттық тағамдарды атау:

(Бауырсақ, қазы-қарта, құрт, сүзбе, айран, қымыз, шұбат, наурызкөже, бесбармақ.)

в) Қазақ халқының салт – дәстүрлерi.

(шiлдехана, бесiк той, тұсау кесер тойы, сүндет той, құда түсу тойы, сырға салу, беташар.)

Бесінші кезең – «Ойлан, тап» (1 минут ішінде сөзден көп сөз жасау)

Нартайлақ сөзі



Алтыншы кезең – «Өнерлі өрге жүзер» (үй жұмысы)



Әділқазылар қатысушыларымыздың бағасын шығарып отырғанша, менің аудиторияға «сен білесің бе?» атты викорина жүргізгім келіп отыр. Сұрақтарға жауап бергендерге де кішкене сыйлығымыз бар.
1. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)
3. Қазақ тілі алғашқы мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989ж)
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл)
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (Ахмет Байтұсынов)
6. Беташар қашан айтылалы? (келін түскенде)
7. Абайдың әжесі? (Зере)
8. Жақсы сөз (жарым ырыс)
9. Піл көтермегенді (тіл көтереді)



Марапаттау және құттықтау сөзі әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші: Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте....
Құрметті ұстаздар осымен «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Келіп, назар аударып қатысқандарыңызға мыңда бір алғыс!





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 мамыр
839
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі