400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Қазақшаңыз қалай? 4-сынып Т2

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзге ұлт арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай?»

Сабақтың мақсаттары:

1.Өзге ұлт арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру;

2.Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3.Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар

Сайыстың өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Кіріспе сөз.

1-жүргізуші:

Құрметті әріптестер, оқушылар!Бүгінгі біздің өткізгелі отырған «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыздың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

2-жүргізуші:

Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 4-ші сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс сағатымызды бастаймыз.


1-жүргізуші: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.

1. «Таныстыру».

2. «Дода»

3. «Тіл асыл - мұра»

4. «Кім жылдам?»

5. «Полиглот»

6. «Суретті қорғау»

7. «Ойлан, тап»

8. «Жұмбақты шешу», «Ұйқас сөздерді табу»

2-жүргізуші:Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші. «Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.

Жөн сұрасып отырады көрген жерде,

Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде.

Сайыскерлерден бейхабар қалмас үшін

Өздерін таныстырсын осы жерде.

Сайысқа қатысқалы отырған әр топ өзінің топтарымен таныстырып өтейік.


1-кезең: «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырады.

1-топ «Тұлпарлар»

Тұлпармыз тұяғы асыл болаттан

Жақсылыққа әрқашан қол артқан.

Жалғасымыз бабалардың мәңгілік,

Батыр етіп Алла өзі жаратқан.

Ұран: «Елімнің елдігін танытатын елтаңбасындағы тұлпармыз!»


2-топ «Қырандар»

Қыранымыз самғаған құзар биікке,

Жеткізген тәуелсіздік пен билікке.

Талмайды қанатымыз самғаудан

Көк аспанды өз еркіне иіп те.

Ұран: «Қазақстан туындағы бейбітшілік рәмізі - қыранбыз»





2-кезең: «Дода»

Сұраққа жауап беру.

1-топ:

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

3.Бір жылда неше ай бар?

4.Қазақстанның туының түсі қандай?

5.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл?

6.Әнұранның авторларын ата?

7.Бір тәулікте неше сағат бар

8.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

9.Жыл мезгілдерін ата?

10.Есту мүшесі не?


2-топ:

1.Бір жылда неше күн бар?

2.Спорттың қандай түрлерін білесің?

3.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?

4.Қосымша қаншаға бөлінеді?

5.Елтаңбаның авторы кім?

6.Көру мүшесі не?

7.Апта күндерін ата?

8.Қазақ тілінде неше жалғау бар?

9.Мемлекеттік рәміздерді ата?

10.Қазақ тілінде неше септік бар?


3-кезең: «Тіл асыл - мұра».

Тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу.


4-кезең: «Кім жылдам?».

Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау.

Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет.

1-топ:

1.Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтары.

2-топ:

1.Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, отанымыздың,


5 –кезең: «Полиглот»

Оқушылардың үш тілде білімдерін шыңдау


1– топ:

Ас атасы - ________

100 теңгең болғанша,

100 ___________болсын.

Кітап - __________ қазына

Жүздің көркі – көз

Тілдің көркі - ________

Бала тілі - ______________

2- топ:

Отан – Оттан да ____________

Ер қанаты __________

Сөздің көркі - _____________

Бірінші байлық - __________________

Өнер алды қызыл __________________

6-кезең: «Суретті қорғау»

Әр топқа сурет беріледі. Сол суретті қорғап шығулары керек

1-топ: 2-топ:

Ту Елтаңба


7-кезең: «Ойлан, тап»

Оқушыларға (Тәуелсіздік) бір сөз беріледі. Сол сөзден жаңа сөз құрау керек.


8-кезең: «Жұмбақты шешу», «Ұйқас сөзді табу»

Жұмбақтар.

1-топ:

Таңмен көзін ашады, Шәкіртке жанашыр,

Әлемге нұрын шашады. Мейірман кім жаны асыл.


Қыста үйге кірмейді, Кезекті бір жануар,

Көктем шықса жүрмейді. Үстінде екі тауы бар.

2-топ:

Күндіз бар да, түнде жоқ, Сабақ сайын қағылады,

Олсыз өмір мүлде жоқ. Тек мектептен табылады.


Қардай аппақ, Үш тілі тақылдап,

Балдай тәтті – ақ. Жаңылмайтын ақылды – ақ.


Ұйқасын тап.

1-топ:

Предмет – пән Обьем – көлем

Песня - ... Стихотворение - ...


Суп – көже Весь - салмақ

Бабушка - ... Сметана - ...


Дастаток – береке Жди - күт

Праздник - ... Молоко - ...

2-топ:

Убегай – қаш Очаг – Ошақ

Открой - ... Нож - ...


Мечта – арман Банка - қалбыр

Лес – ... Дождь- ...


Вчера – кеше, Месяц - ай

Сколько - ... Масло - ...




Қорытынды: «Сәйкестендіру»

Сандарды сөйлету.

1-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

2-жүргізуші:

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз,- деп бүгінігі сайысымыздың әділ бағасын берер әділқазы алқасына сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік.
Кіршіксіз қардай сақтандар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Қазақ тілі – арым, иманым,

Аманат саған аманат.

2-жүргізуші:

Міне, осындай өлең шумақтарымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!! Қош сау болыңыздар!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі