400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Qazaqsha quiz, математикадан интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптар арасында математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

" QAZAQSHA quiz" интеллектуалдық ойыны

Қатысушылар: 5А-5Ә сынып оқушылары

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шындау, оқушылардың математикаға қызығушылығн арттыру.

Түрі: топтық сайыс

Ойын жоспары:

І кезең –  «Беташар»

ІІ кезең –«Кім жылдам?»

ІІІ кезең – «Терминдер»

ІV кезең – «Ғажайып алаң»

V кезең – « Жаңылмаймын»

Жүргізуші:

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

Қайырлы күн қадірменді оқушылар мен мұғалімдер! «Ұлағат» политехникалық пәндер апталығы аясында 5 сыныптар арасындағы өткізілетін «QAZAQSHA quiz»  интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.   

Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойын кезеңдері:

І кезең –  «Беташар»

ІІ кезең –«Кім жылдам?»

ІІІ кезең – «Терминдер»

ІV кезең – «Ғажайып алаң»

V кезең – « Жаңылмаймын»

Жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танытып сен,

Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен, - деп бірінші турымызды бастаймыз.


Бірінші кезең – «Беташар» деп аталады. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа 1балл.Тез жауап берулеріңіз керек. Қалған топ өз мезетін күтеді.

I топқа арналған сұрақтар:

1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз? (бөлімдері сол қалпында жазылады, алымдарын қосып алым етіп жазамыз)

2) Бұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен үлкен болған жағдай)

3) Тәуліктің 6-дан 1-і?    4 сағат

4) Жай сандар дегеніміз қандай сандар? (1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар)

5) Ең үлкен уақыт  өлшемі?   Ғасыр

6) 1 жай сан ба, әлде құрама сан ба? (1 жай сандарға, құрама сандарға жатпайды)

7) 4 пен 10 санының ең үлкен ортақ бөлгіші (2)

8) 9 бен 15 санының ең кіші ортақ еселігі (45)

9) 5 санына бөлінгіштік белгісі. (0 мен 5)

10) Сандарды координаталық сәуледе салыстырғанда неге назар аудару керек?

(қайсы оң жақта орналасқан болса сол сан үлкен болады)

ІІ топқа арналған сұрақтар:

1)Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз? Бөлімдерін ортақ бөлімге келтіреміз,ары қарай бөлімі сол қалпында жазылады, алымдарын қосып алым етіп жазамыз)

2) Құрама сандар дегеніміз қандай сандар? (2 немесе одан да көп бөлгіштері бар сандар)

3) Дұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен кіші болған жағдай )

4) 8 пен 16 санының ең үлкен ортақ бөлгіші (8)

5) Тәуліктің 24-тен 1-і?  1 сағат
6) 3 пен 9 бөлінгіштік белгісі (цифрларының қосындысы 3 немесе 9 б-л3нсе)

7) Ең кіші жай сан (2)

8) Ең үлкен үштаңбалы сан (999)

9) 3 пен 13 ең кіші ортақ еселігі

10) Аралас сан дегеніміз қандай сандар?

Бірінші турды қорытындылау.

Топтарға рахмет, ал келесі ІІ кезеңіміз – «Кім жылдам?» деп аталады. Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Тапсырманы ең бірінші және дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.

Сандардың орналасу тәртібін  өзгертпей, сандардың арасына таңбаларды қойған кезде, нәтижесінде 1 шығатын болу керек. Төрт тапсырмаға 4 балл.

1    2    3

1    2    3    4

1    2    3    4    5

1    2    3    4    5    6

Жүргізуші:

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз,- деп келесі турға көшеміз.

Келесі III турымыз – « Терминдер» деп аталадыБұл турда оқушыларға әріптер беріледі, әр әріптен басталатын математикалық терминдер жазу керек. Қай топ көп терминдер жазады сол топ жеңіске жетеді.Әр терминге бір балл.

І топ

«М», «А», «Т», «Е», «М», «А», «Т», И», «К», «А»

ІІ топ

«А», «Р», «И», «Ф», «М», «Е», «Т», «И», «К», «А»



Жүргізуші: Математика –ғылым негізі.

Математика-білім көзі.

Математиканы білгендерге,

Ғажайыптың бір өзі.

Біздің келесі IV кезеңіміз «Ғажайып алаң» деп аталады.Бұл кезең бірнеше тапсырмалардан тұрады.

1-тапсырма тапсырма: Жасырынды санды табыңдар







2- тапсырма:Практикалық тапсырма. Бір парақ қағазды бес рет бүктеп,инемен тескенде неше тесік пайда болады.

3-тапсырма:

















 Ал, есепшілеріміз баллды есептеп жатқанда  біз келесі кезеңге көшеміз. Келесі кезең – «Жаңылмаймын» деп аталады.  Әр топты ортаға шақырамыз .

Келіңіздер!

Ойынның шарты мұндай: барлық қатысушылар бір қатарға тұрғаннан кейін санау бастайсыздар. 3 санына аяқталатын және 3 санына бөлінетін сандарды атауға болмайды. Осы санды айтуға тиісті қатысушы, орнында бір рет секіреді. Қателескен адам ойыннан шығып қалады және санау басынан басталады. Ең соңыңда қалған оқушыны жеңімпаз болып саналып  және оның тобына 5 ұпай қосылады. Егер ойынның шарты түсінікті болса, онда ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Ал біздің жеңімпазымыз - _____________.     Рахмет саған, орныңа отырағой.

Құрметті  мұғалімдер, 5 сынып оқушылары! Бүгінгі «Математикалық турниріміз» аяқталды, сіздердің уақыттарыңызды бөліп, ойынымызға қатысқандарыңызға үлкен рахметімізді айтамыз.

Келесі кездескенше! Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
07.12.2025
49
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12