Қазақстан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанын құрметтеу сезімін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет : «Танымдық дағды» Математика негіздері

Тақырыбы: Қазақстанымды не үшін сүйемін?

МАҚСАТЫ
Балаларды сандар қатарымен таныстыруды жалғастыру, оларға тура және кері санауды үйрету.

МІНДЕТТЕР
Әртүрлі орналасқан заттардың жиынын көзбен көріп санап алу білігін бекіту; өзіне қатысты және өзіне қарсы оң жақ пен сол жақты ажырату дағдыларын қалыптастыру; біркелкі бірнеше заттардың топтамаларын саны кіші тең топтамаларға бөлу амалын үйрету. Зейін, логикалық ойлау, елестету, кеңістікті бағдарлау қабілеттерін дамыту; тиянақтылыққа тәрбиелеу, Отанын құрметтеу сезімін қалыптастыру.

СӨЗДІК ЖҰМЫС
Балалардың белсендік қорына: «жиыны», «менің қарсымда», «менің оң (сол) жағым», «оның оң (сол) жағы» сөздерін айтқызу арқылы сөйлеу қабілетін жетілдіру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Аудиожазбаны тыңдау, қуаныш шеңбері, бейнелерді сәйкестендіру және жаңғырту жаттығуы, сұрақ-жауап, тура және кері санау жаттығуы, көзбен көріп санау жаттығуы, кеңістікті бағдарлауға арналған жұптық жұмыс, тәжірибе жаттығуы, қоршаған нысандарды геометриялық пішінге сәйкестендіру, талдау, бағалау, қорытындылау.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1. Көрнекілік материалдар.

Интербелсенді тақта.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні (аудиожазбасы).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің суреттері: рәміздер туралы білімді игеруге арналған әртүрлі суреттер. 
Ырғағы әртүрлі әуенжазбалар.
Қазақ халқының күйлерінің әуенжазбалары («Жайлау», М. Хамзин; «Қосбасар» Мүкей.)
Сандар қатары.
Сандар қатары бойынша санауды бейнелейтін жазба.
Құрамында саны әртүрлі нысандар салынған, Қазақстан жерінің табиғаты бейнеленген сюжетті сурет.
Өзінің, өзінен қарсы және өзгенің оң мен сол жақтарын ажыратуға арналған (асықтарды қолданып) сызбалы суреттер.
Үш ат арбаға балалар мен сарқытты тең үлестірудің сызбалы суреттері.
Бірден төртке дейінгі сандардың суретті карточкалары.

2. Үлестірмелі материалдар.
Әр балаға бір қызыл және бір көк асық. 
Бала санына қарай үш ат арбаның суреті салынған қағаз беттері. Балалардың, сандықтар мен қоржындардың үлестірмелі кескіндері (саны әркелкі).
Бірден онға дейінгі сандардың карточкалары.




Қазақстан Республикасының Мемлекетік Гимні естіледі.

Тәрбиеші:
– Балалар, қолымызды кеудемізге қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайық.
Гимннің бірінші шумағы орындалғаннан кейін, әуен тоқтатылып, балалар жарты шеңбер құрып отыруға шақырылады.
– Жарайсыңдар, балалар! Гимннен басқа қандай рәміздерді білеміз? 

 Қуаныш шеңбері. «Армысың!»

 

Бейнелерді сәйкестендіру және жаңғырту жаттығуы. «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері».
– Балалар, осы шумақтарда не туралы айтылды?
Балалар көк аспан, жер, алтын күн, бүркіт құсы, жаңадан келген күн туралы айтып жатады.

Тәрбиеші: балалар айтқан сөздерді сызбалы сурет түрінде бір қатарға тізіп жатады.
– Жарайсыңдар, балалар, осы суреттер тізбегіндегі кейбірін бір ортақ затқа біріктіруге болады.
– Ол қандай зат? Ойланып көріңдерші.
Балалар еліміздің Туына тән бейнелерді байқағанын айтады.


– Жарайсыңдар, балалар, тексерейік!

– Иә, бұл біздің Туымыз.
Педагог балаларға қазақ халқының «Қосбасар» атты (Мүкей) күйін тыңдатады.

 

Мүкей. «Қосбасар» күйі.
Қазақ халқының киіз үйі, кең даласы мен шауып келе жатқан тұлпардың бейнесі көрсетіледі.


– Балалар, бұл суреттердегі қандай таныс бейне естеріңе түседі?
Педагог киіз үй, жұлдыз және тұлпардың бейнесін қалдырады.

– Иә, балалар, біздің Елтаңбамызды есімізге түсіреді.

– Жарайсыңдар, бұл біздің елтаңбамыз.
Педагог Елтаңба мен Туды бір қатарға орналастырады.
– Гимн. Ту. Елтаңба. Бұлар қандай рәміздерге жатады? (Бұл мемлекеттік рәміздер.)
– Жарайсыңдар, балалар, бұл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
– Қазақстан біз үшін қандай ел? (Отанымыз, туған жеріміз, туған еліміз, атамекеніміз.) Жарайсыңдар!
– Біздің Отанамыз туралы сендерде қандай түсініктерің бар екенін тексеріп көрейік.



 
Панно алдында тура және кері санауға жаттығу. «Тура және кері санау».
Тәрбиеші:балаларға сандар жолағын көрсетеді.
12345678910
– Балалар, бұл қатарды танып отырсыңдар ма?
– Иә, бұл сандар жолағы.
– Сандар жолағымен тура санау ретін жаттайық.

 

– Балалар, мына сандар жолағы бойынша сол жаққа санап көрейік. (Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он.)
Бейнежазба бір сәтке тоқтатылып, біраздан кейін қайта қосылады.
– Жарайсыңдар, балалар! Тамаша!
– Оң жақтан сол жаққа қарай санаймыз. (Он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір.) Керемет!
Тәрбиеші: бірнеше баладан тура және кері санауды сұрайды.
Тәрбиеші: сандар жолағына тағы назар аудартады.

– Ал, енді белгілі бір саннан тура және кері ретпен санайық.
Бұндай санауда педагог көрсеткішті қолданады. Жаттығуды орындауға топтың барлық баласы немесе кейбір баланы қатыстырады.

 Көзбен көріп санауға жаттығу. «Саны қанша?»
Тәрбиеші:балаларға жайлау бейнеленген сюжетті суретті көрсетеді.

– Балалар, бұл сурет туралы не айтып бере аласыңдар?
– Иә, бұл туған өлкеміздің көріністері.
– Бұнда әртүрлі нысандар бар, соларды атап өтейікші. Жарайсыңдар!
– Балалар, осы сурет бойынша берілген тапсырманы орындайық. Суреттегі нысандарды санап, жиын санын көрсету керек.

Балалар көрсеткіш пен саусақты қолданбайды. Көзбен көру арқылы санайды. Жиын санын айтады. Цифрды көрсетеді.
– Күн – біреу. Жиын саны бір.

– Бұлттар – төртеу. Жиын саны төрт.

– Таулар – үшеу. Жиын саны үш.

– Жылқылар – бесеу. Жиыны бес.

– Ағаштар – сегіз. Жиын саны сегіз.

– Балалар – жетеу. Жиыны саны жеті.

– Ит – екеу. Жиын саны екі.

– Құстар – тоғыз. Жиын саны тоғыз.


Сергіту сәті. «Дос болайық».
Мақсаты: көрсетілген заттардың сандарына сәйкес бір-бірден, екі-екіден, үш-үштен бірігу дағдыларын қалыптастыру.
Құралдар. Бала санына қарай көгілдір түсті жалаулар. Ырғақты әуенжазба.
Сандар карточкалары (1, 2, 3, 4.)
Шарты.
– Балалар, сендер мереке кезінде көшеде, ғимараттардың алдында желбіреп тұрған қандай затты көріп жүрсіңдер? (Жалаулар желбіреп тұрады.)
Тәрбиеші: бір жерге қадалған бірнеше жалаудың суреттерін көрсетіп жатады.


– Жалаулар қаншадан қадалып тұр? 
Балалар жалаулардың екі-екіден, үш-үштен, төрт-төрттен, бес-бестен қадалып тұрғанын айтады.
– Балалар, қазір барлығымыз орынымыздан тұрайық. Жалауларды қолға алып, қажетті санға сай бірігіп тұруды көрсетіп жаттығайық.
Барысы.
– Балалар, сендерге айтатын бір ескертуім бар. Жалауды қатты бұлғап, қастарыңда тұрған балаларға кедергі жасауға болмайды. Абай болыңдар.
Педагог балалардың белсенділігін арттыру үшін, ырғақты әуеннің дыбысын ақырындатып қосады.

Тәрбиеші: бірден бастап төрт санына дейін бір саннан көрсетіп жатқанда, балалар осы санға сай (үштен, екіден, төрттен) бірігіп тұрады немесе бір-бірден тұрып жалауды бұлғайды.


Жаттығу аяқталғаннан кейін кезекшілер жалауларды орнына жинап қояды.

Үстел басында тәжірибе жаттығуы. «Ат арбаларға» тең үлестір.
Біркелкі заттарды тең бөліктерге бөлу және үлестіру.
Жаттығуды орындату үшін педагог әр баланың алдына үш ат арбаның, үш сандықтың және арбаларға орнатылатын әртүрлі бейнелердің кескіндерін дайындап етеді.
– Балалар, еліміздің табиғаты керемет, ауасы таза. Біздің туған жеріміздің көлі, тауы, шөл даласы, теңізі, орманы мен арқа даласы өте көрікті.
– Осы әртүрлі аймақтарда жатқан қалалар мен ауылдарымыз біз үшін ыстық.
– Біздің ел өте қонақжай. Қолда бар дүниеңді көпшілікпен бөлісу дәстүрімізде бар.
– Бүгін біз ауылға қонаққа бару үшін тамаша табиғатымызға саяхатқа шығамыз.
– Барған жерге қонақ болу үшін сәлем-сауқатымызды дайындап отырмыз. Барлығын ат арбаларға дұрыс үлестіру керек.
Тәрбиеші: үш ат арбаның суретін және әртүрлі бейнелердің кескіндерін көрсетеді.



Балалар қонақтар мен сарқыттарды үлестіріп шыққаннан кейін, педагог балаларға қайта сұрақ қояды.
– Сандықтардың саны қанша? (Сандықтардың саны үш.)
– Сандықтарды үш арбаға қалай тең орналастырдыңдар? (Сандықтарды бір-бірден орналастырдық.)

– Жарайсыңдар! Қоржындардың саны қанша? (Қоржындардың саны тоғыз.)
– Қоржындарды үш арбаға қалай тең орналастырамыз? (Қоржындарды екі-екіден орналастырамыз.)

– Тамаша! Қонаққа барамын деген балалардың санын санадыңдар ма? Жиыны қанша? (Жиына тоғыз бала бар.)
– Қонақ балаларды үш арбаға қалай тең бөліп отырғызамыз? (Балалардың үш-үштен бөліп отырғызамыз.)

– Дариға, әр арбада саны неше сандық бар?
– Ержан, әр арбада саны неше қоржын бар?
– Ринат, әр арбада саны неше бала бар?
– Әр арбадағы балалар мен заттардың сандарын салыстырса, олардың арасында теңдік бар ма? Неге?
– Иә, балалардың саны қоржындардан артық, қоржындардың саны сандықтан артық.
Қорытынды.
– Балалар, арбаға балалар мен заттарды қалай орналастырдық? (Барлығын тең бөліп орналастырдық.)
– Байқадыңдар ма, балалар, заттарды тең бөліктерге бөлуге болады екен (бір-бірден, екі-екіден, үш-үштен). Жарайсыңдар!

 Кеңістікті бағдарлауға арналған жұптық жұмыс. «Жұптың әрекетін айтып бер».
Балалардың әрқайсы қызыл және көк түске боялған асықтарды бір-бірден алып кілемге өтеді.
1-тапсырма.
– Балалар, қазір екі қатарға тізіліп тұра қалыңдар.
– Бір-біріңе қарсы тұрып, тізерлеп отырыңдар.
– Қазір бір-біріңе қарама-қарсы қарап, жұп құрап отырсыңдар.
2-тапсырма.
– Әрбіреуің қызыл асықты оң қолға, көк асықты сол қолға алып көрсетіңдер.
Тәрбиеші:балалардың тапсырманы дұрыс орындағанын тексереді.

Тәрбиеші: түсі қандай асықты, қай қолында жатқанын балалардан жеке-жеке сұрайды.
Балалардың жауаптарына мысал. «Қызыл асық оң қолымда, көк асық сол қолымда».
Егер балалардың саны көп болып жатса, тәртіпті сақтау екіталай болса, педагог балаларды үстел басына қарама-қарсы отырғыза алады.
3-тапсырма.
– Енді, балалар, асық ұстаған алақанды ашыңдар. Асықта бір-біріңе қарсы қойыңдар.
– Балалар, қарсы жақта жатқан асықтардың түстері бірдей ме? Неге бірдей емес?
– Жарайсыңдар, балалар! Әр баланың өз жағы бар. Ал, енді бірінші қатардың балалары асықтарыңды тура сол деңгейде жерге алып қойыңдар. Қолдарыңды артқа жасырып отыра тұрыңдар.
Тәрбиеші: екінші қатарда отырған балалардан сұрайды:
– Екінші қатардың балалары қызыл асық пен көк асықтар сендерге қарсы қай жақта жатыр?
Екінші қатардағы балалардың болжалды жауаптары.
– Қызыл асық маған қарсы сол жақта, көк асық маған қарсы оң жақта жатыр. Жарайсыңдар!
Тәрбиеші: бірнеше балаға осы сұрақты қояды. Жауаптарын тыңдайды.

– Енді, екінші қатардың балалары өз асықтарыңды алдарыңа сол деңгейге қалдырыңдар. Қолымызды артқа жасырайық.
– Бірінші қатардың балалары, қызыл асық пен көк асық сендерге қарсы қай жақта жатыр?
Бірінші қатар балаларының жауаптары қайталанады.
– Қызыл асық маған қарсы сол жақта, көк асық маған қарсы оң жақта жатыр. Жарайсыңдар!
Тәрбиеші:сол қатардағы бірнеше балаға осы сұрақты қайта қойып, олардан жауап алады.
4-тапсырма.
– Балалар, асықтарды қайта қолға алып алдарыңа ұстай тұрыңдар.

– Бірінші қатардағы балалар екінші қатарға қарайық.
– Олардың қай қолдарында қызыл асық жатыр? (Қызыл асықтар оң қолдарында жатыр.) Жақсы.
– Көк асықтар қай қолдарында жатыр? (Көк асықтар сол қолдарында жатыр.) Жарайсыңдар!
– Екінші қатардағы балалар бірінші қатарға қарайық.
– Олардың қай қолдарында қызыл асық жатыр? (Қызыл асықтар оң қолдарында жатыр.) Жақсы.
– Көк асықтар қай қолдарында жатыр? (Көк асықтар сол қолдарында жатыр.) Тамаша!
Тәрбиеші: бірнеше балаға сұрақ қояды. Жауаптарын тыңдайды.
Қорытынды.
– Байқадыңдар ма, балалар, заттың тұрған жері өзіңе қатысты айтылғанда бір тәртіпте анықталады. Ал, басқа біреудің қолындағы заттың тұрған жері өзгеше тәртіппен анықталады.
– Бұны біз өзіне кеңістікті өзіне қатысты бағдарлау және кеңістікті біреуге қатысты бағдарлау деп екіге бөлеміз.
– Естеріңе сақтап алыңдар.
– Балалар, жаттығу қиын болып көрінгенімен, бірнеше қайталаудан кейін кеңістікті бағдарлауды үйреніп аламыз.

3. ҚОРЫТЫНДЫ
Балалардың жұмысын талдау, бағалау және қорытындылау.
– Балалар, бүгін қандай жаңа білім алдыңдар?
– Қандай тапсырманы орындау қиын болды? Неге?
– Балалар, заттардың бір тобын бірдей тең бөліп көрдіңдер ме?
– Біздің Отанымыз қалай аталады?
– Қазақстанды не үшін жақсы көресіңдер?
– Балалар, бүгін сендер тапсырманың барлығын тиянақты орындап, жаңа білім алдыңдар.
– Жұптық ойындарда зеретік таныттыңдар. Өздеріңнің оң және сол жақтарыңды түсініп алдыңдар, өздеріңе қарсы оң жақ пен сол жақты дұрыс таптыңдар. Көп затты тең бөлуді үйреніп алдыңдар. Жарайсыңдар, балалар! 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі