Материалдар / «Қазақстан - бірліктің бастамасы, Түркістан - түркілердің астанасы» концерттік бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақстан - бірліктің бастамасы, Түркістан - түркілердің астанасы» концерттік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін,тарихын білуге жалпы адамзаттық құндылықтар мен көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2022
270
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫ



ОҚУ БӨЛІМІ

_____________________________________________________________________________


2021жылдың 15 ауысымы

«Жетістік формуласы» мамандықтар жәрмеңкесі ауысымы

«Қазақстан - бірліктің бастамасы, Түркістан - түркілердің астанасы» концерттік бағдарлама

СЦЕНАРИЙІ


Жауапты мұғалімдер:

Қамбарова Г.М.- ағылшын тілі пәні мұғалімі

Жандарова Ж.С- химия пәнінің мұғалімі

Майлыбекова З.Ш. - география пәнінің мұғалімі



Өткізілу орны: «Балдәурен» РОСО филиалы, АКТ залы

Өткізілу уақыты:15.12.2021ж. сағат 20:00.

Қатысушылар: ауысымның қатысушылары, қонақтар, мұғалімдер.

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін,тарихын білуге жалпы адамзаттық құндылықтар мен көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

Міндеттері:

ауысымға қатысушыларды осы өлкені таныстыру, тарихын, ерекшеліктерін таныту;

оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;

еліміздің жас азаматтарының бойына рухани тәрбиені сіңіру;

Өткізілу түрі: әдеби-сазды кеш.

Қажетті жабдықтар: слайдтар, бейнематериалдар, суреттер, костюмдер, микрофондар, театр реквизиттері.

Дайындық жұмысы:

  1. Әдебиетпен, ақпараттармен жұмыс;

  2. Сценарий жазу;

  3. Қажетті жабдықтар дайындау;

  4. Балалармен жұмыс;




ІС-ШАРАНЫҢ БАРЫСЫ:

Слайд№1.Видео «Тәуелсіз Қазақстан»(1 мин)

(Сахна ашылады, фанфарлар орындалады, сахнаға жүргізушілер шығады

1-Жүргізуші: Қайырлы кеш, қымбатты оқушылар мен аяулы ұстаздар, қадірлі қонақтар!

2-Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар мен балдәурендіктер! Көп ұлтты және ортақ салты мен тарихы бар біздің арамыздағы өзара келісім - біздің жеріміздегі бейбітшілік пен берекенің дәлелі болып табылады. 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Қазақстан - бірліктің бастамасы, Түркістан - түркілердің астанасы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

1-ЖүргізушіИә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз.

2-Жүргізуші:Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,

Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек ғана,

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана дей отырып әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, сахна төрінде:

-----------------------------------------------------------------------------------

Слайд№2.1-Жүргізуші: Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.

2-Жүргізуші: Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Слайд№3.Видео: «Тәуелсіздік» (2 мин)

Ән: Жұмаш Аңсағаным «Елбасы»

Слайд№4.«Тәуелсіздік шежіресі» видеосы ән орындалып жатқанда қойылады

1-Жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан, 

Отыз жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән. 

Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан, 

Сен келгенде сары мұңнан тазарғам. 

2- Жүргізуші: Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.

Дәстүрлі ән:Тоқтар Жанель «Жырау рухына»

1- Жүргізуші:

Слайд№5

2- Жүргізуші

1-Жүргізуші:

1-Жүргізуші:Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік,қош келдің!

2- Жүргізуші:Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Слайд№7. Ән : Хор «Айналдым елім»

1-Жүргізуші: Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,

Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,

Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,

Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,

Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,

Айбарлы менің Алашым!

2- Жүргізуші:Жаңарды заман, жасампаз елміз жайнаған.

Төсінде сан мың ұлыс пен ұлты жайлаған.

Мұнай мен газы атқылап көкке алтын боп,

Еңбекші жұртпен жадырап кетті бай далам!

Ән: «Атамекен» орындайтын тарих пәнінің мұғалімі Абуов Жалғас Абайұлы

1-Жүргізуші:Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі "Қазақстан - бірліктің бастамасы, Түркістан - түркілердің астанасы" атты кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!

2- Жүргізуші: Мерейіміз үстем, еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Балдәуренде қалыптасқан дәстүр бойынша қонақтарымызды шығарып саламыз!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!