Материалдар / «Қазақстан - дінаралық татулық орнаған ел» ашык сабак
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақстан - дінаралық татулық орнаған ел» ашык сабак

Материал туралы қысқаша түсінік
для учителей истории
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
1505
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 15.10.2018

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»
Мұғалім есімі: Тюменбаева Айгерим Кайратовна 


Сынып:

9 «Ж» 


Қатысқандар саны: 28


Қатыспағандар саны: 


Пән атауы: 


Зайырлылық және дінтану негіздері 


Сабақ тақырыбы: 


«Қазақстан - дінаралық татулық орнаған ел» 


Сабақ мақсаты: 


Барлық оқушылар: Тәуелсіз Қазақстанадағы конфессионалдық жағдай, діни сеним бостандығы туралы түсінік,дінаралық қатынастардағы толеранттылық, ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы оқып үйренеді 

Оқушылардың басым бөлігі: қосымша мәліметтерді пайдалану, ізденіп оқу, ғаламдық проблемаларды шеше алу, өз ойларын айтуды ұйренеді 

Кейбір оқушылар: Дінаралық келісімнің Қазақстандық моделін таба алады 


Тілдік мақсат: 


Оқушылар: Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлуді істей алады. 

Негізгі сөздер мен тіркестер.

Зайырлы, толеранттылық, дін, діни конфессионалдық жағдай, , ұлтаралық және дінаралық келісімнің, бейбітшілік.


Жоспар 




Ресурсатар 


Батсталуы 


Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Қазақстан - дінаралық татулық орнаған ел» атты

Сабағымызды бастайық.

Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себептен бе, алды артымызды андымай басып келенсіз жағдайларға тап болып жатамыз. Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі осы жайында, бүгін біз сабақ барысында діни ахуалды саралай келіп негізгі түсініктерді талдап өтеміз. 



Мағынаны таны: 


Зайырлық, толеранттылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі

Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатының басты мәселесінің бірі.  Діндердің бейбіт қатар өмір сүруі дінаралық диалог дінаралық қатынастағы толеранттылық

Қазіргі толеранттылық түсінігі 1789 жылы Францияда өткен құрылтайшылар жиналысындағы «Азаматтар мен адам құқығы декларациясында» көтерілген идея негізінде ағарту дәуірінің ойшылдарының көмегімен мақұлданған болатын. Бұл құжат сөз және ой бостандығын жария еткен алғашқы құжат саналды. 1995 жылы БҰҰ-ның Білім,Ғылым және Мәдениет Ұйымы толеранттылық жалпы құндылықтар мен сыйластық негізін қалаушы және әлемдегі түрлі діндер,мәдениеттерді дұрыс қабылдай білу ретінде танылған «Төзімділік ұстанымдарының декларациясын» қабылдады. «Философиялық сөздікте»: «Толеранттылық – өзге көзқарас,әдет,өнеге,ғұрыптарға төзімділік таныту.Толеранттылық түрлі халықтар мен ұлттар және діндер арасындағы қатынаста өте қажет.ол өз-өзіне сенімділік белгісі және өз ұстанымының сенімді түсінігі,басқа пікірлермен салыстыруға қорықпайтын және рухани бәсекелестіктен қашпайтын барлық идеялар үшін ашықтық белгісі» «Толеранттылық» термині ұстамдылық,сыйластық және әдептілік,түсіне және кешіре білуді өз бойына сіңіре алғандықтан кең мағынаға ие. 



Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы

АКТ. Слайд презентация, бейнеролик


Ортасы 


2.Ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық моделі 

Мемлекет азаматтық қоғам діни бірлестіктер

Тәуелсіздік алған жылдардан бері біздің мемлекет бейбітшілікті нығайту және аймақта тұрақтылық орнатуға қатысты бірнеше бастамаларды ұсынды. 2002 жылдың қараша айында президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясындағы сөзінде барлық конфессияларды Еуразиялық дінаралық бейбітшілік пен келісім хартиясын қабылдауға шақырды. 2003 жылдың ақпанында елбасының бастамасымен Алматыда мемлекеттің ресми және мұсылман,христиан, иудей,басқа конфессия өкілдері қатысқан бейбітшілік пен келісім халықаралық конференциясы болып өтті. Онда бейбітшілік пен тұрақтылық декларациясы қабылданды. Бұл құжатта «дін өркениеттер диалогын байланыстырушы болуы керек», «бейбітшілік пен халықтың гүлденуі барлық діндер мен әлем мәдениетінің ақырғы мақсаты болып табылады» делінген. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш жылда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өтті. 2003 жылы I Съезд, 2006 жылы II съезд, 2009 жылы III съезд, 2012 жылы ІV съезд өтіп,оған буддизм, индуизм, ислам, проваслав, католик, протестант, конфуцийлік және басқа да дін өкілдері үн қатты.

Ал енді осы аталған дәстүрлі діндер көшбасшыларының өткізген съездері жайлы не білеміз?

Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерін өткізу – ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмі ретінде мәдениет және өркениеттер диалогін дамытуға Қазақстанның қосқан нақты үлесі.

18 қазан — Рухани келісім күні. Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі. 

«Еркін жауап» стратегиясы. 


  • Бүгінде облысымызда қанша діни ұйым бар екендігін білесіңдер ме? 


  • Қанша ғибадат нысандары бар?.. 


  • Облысымызда шетелдік миссионерлер бар ма?


  • «Қазақстан – дінаралық келісім аймағы» деген сөз орамын қалай түсінесіңдер? 


  • -Оқушылар, «Экстремизм,терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді? 


  • Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім? 



http://www.youtube.com/watch?v=BTGhTLZP8d8 

ШҚО діни бірлестіктер слайд презентация анықтамалық брашура

СТО сұрақтары



Аяқталуы 


Ой толғаныс. 

«Бір айналым сөйлесім» 

Мұны білу өте маңызды! 
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа! 
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз. 
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн. 
4. Егер 
сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз. 
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы 
көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз. 
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау. 
7. Діни 
жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз. 
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба? 
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн. 
10. Есіңде болсын! Есте сақта!  
Қорытынды. 
Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек. 
Жазушы болсын, жұмысшы, 
қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек. 
Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. 


Толеранттылық гүлі. 

Қосымша ақпарат 

Саралау 

Бағалау 


Саралау, мағынаны тану арқылы нәтижелі жұмыстарға баулу. Қорытынды пайымдау ой пікірлерін тындай отырып толықтырулар мен ұсыныстар дайындауға үйрету. 

Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау 




Рефлексия 


Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Менің жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде ұлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау: 
Қандай екі нәрсе табысты болды? 
1) 
2) 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? 
1) 
2) 

Сабақ барсында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!