«Қазақстан - ортақ үйіміз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстан - ортақ үйіміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан - ортақ үйіміз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан - ортақ үйіміз»



Білім беру саласы: «Таным»
Бағдарлама тарауы: «
Қоршаған ортамен таныстыру»
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан - ортақ үйіміз»
Мақсаты:
• Балаларға туған елінің, отанының Қазақстан Республикасының белгілерімен таныстыру.
• Өз ұлты мен басқа ұлт өкілдері жайында түсінііңтерін молайту.
• Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
• Өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
• Ардақтай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ұлттық заттар, киімдер. Топқа күзгі жапырақтар шашып тастау.
Әдіскерлік тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақтар – жауап, өлең, тақпақтар айту.
Сөздік қоры: «Қазақстан Республикасының рәміздері»
Олар: Әнұран, Көк ту, Елтаңба
Ұлт өкілдері: Орыс, қазақ.

Сабақ барысы: Балалармен бірге тәрбиеші кіреді . Қолында әдемі, гүлденген қорапша бар.
Шаттық шеңбері: Амандасу.
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейінші жараса
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн.
Аман – есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.

Ой балалар тоңып кеткен жоқсындар ма? Мен тоңып кеттім.
- Мына жапырақтар қайдан түскен?
- Ағаштан.
- Түсі қандай?
- Сары
- Бұл қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Күзде күн салқындайды, аспанды бұлт торлайды. Жиі – жиі жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді. Қане балалар кім күз туралы тақпақтар біледі.
Бала: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Бала: Қарашы күз келді, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Өте жақсы балалар.
Тәрбиеші: - Балалар бізбенен бірге кірген кім?
- Қай тілде сөйлеп тұр.
- Орыс тілінде.
- Біздермен ойын ойнады.
- Енді біз қонақпен қоштасайық.
Бұрыштарға барып қазақ елін бейнелейтін бұрышты тауып алып.
Тәрбиеші:
- Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
- Қазақстан.
- Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?
- Астана.
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қандай тілде сөйлейміз?
- Қазақ тілінде.
Тәрбиеші: Балалар мынау кең байтақ Қазақстанжерінде көп ұлт өкілдері тұрады.
Олар: Орыстар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Бала: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Өте жақсы. Қане балалар шеңберге тұрайық.

Біз ұлтты мекенбіз
Ортақ біздің үйіміз
Ортақ біздің жеріміз
Жаса Қазақстаным
Жасасын қазақ еліміз.

Тәрбиеші:
- Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі. Бұны балалар – Рәміздер деп атаймыз.
- Әнұран, елтаңба, көк ту.
- Елбасымыз Әбішұлы Назарбаев.

Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.
- Балалар Астанаға барғандарың бар ма?
- Онда не көрдіңдер?
- Зарина мен Астанаға бардым. Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.

Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік. Бір бала елтаңбаның қасына тұрып,

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.
Бала:
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте досым қазақтың жерін
Қамбаға жылда алтын дән құйған
Қазақстан Республикам менің!

Балалар қазір ойын ойнаймыз.
Ойынның аты: «Өз түсіңдң тап»
Ортаға шеңбер, жан – жақты түрлі – түсті ленталар тағылған. Сендер өздеріңе ұнаған лентаны ұстай бастаңдар. Тәрбиеші бақан болып көтерген кезде киіз үй сияқты болып шығады.
Шаңырақты көтеріп
Уықтарды құрайық
Өрімдей болып өріліп
Киіз үй болып тұрайық.

Балалар қуанып, шаттанады. Енді бұл киіз үйде не болуы керек. Сандық, көрпе, дөңгелек үстел. Ойнымызды серуенде жалғастырамыз.
Қорытындылау сұрақтары:
- Балалар біз қандай елмен таыстық. Қай ел туралы айттық?
- Рәміздер қалай аталады?
- Бізге кім қонаққа келді?
Жақсы жауап берген балаларды бағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
934
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі