Білім беру
салалары: «Таным»
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырыбы:Қазақстан ортақ
үйіміз.
Мақсаты:Балалардың Қазақстанда тұрып
жатқан ұлттар туралы түсініктерін кеңейту.
Ұлттардың тағамдары және
ойындарымен таныстыру, ұлттардың ойындарын ойнай білуге
үйрету.
Достыққа,татулыққа,
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ұлттардың суреттері,ұлттардың
киімдері,ағаш ат,ақ сүйек,әтештің кароналары,шығыршық,матадан
тігілген қаптар.
Әдіс –
тәсілі: жылулық шеңбері,
түсіндіру,ойын , көрсету ,саяхат.
Ұйымдастыру
кезеңі
Жылулық
шеңбері
Ақпыз,сары,қарамыз
Бәрімізде
баламыз.
Бір жерде біз
тұрамыз,
Бақшамызға
барамыз.
Тәрбиеші: Балалар,біз
сендермен Қазақстан тұратын ұлттармен танысқан болатынбыз.Қане,айта
қойыңдаршы,қандай ұлттарды білесіңдер?
Балалар:
қазақ,орыс,татар,өзбек
Тәрбиеші:Біздің тобымызда
қандай ұлттар бар?
Балалар:қазақ,орыс,татар.
Ойын: «Қай ұлт жоқ» (ұлттардың
суреттерін мұқият қарап алады,көздерін жұмғанда,бір ұлттың суретін
жасырамын,қай ұлт екенін табу керек.)
Тәрбиеші : Балалар бүгін
біздің күніміз ерекше болмақ.Саяхатқа шығамыз.Саяхатқа барғыларың
келе ме?
Балалар:
иә
Тәрбиеші: олай болса келіңдер
аттарға отырайық.(балалар атттарға
отырады)
1.Қазақ ауылына
келеміз.
Тәрбиеші: Мынау қазақ ауылы.
Ұлттық тағамдары-бешбармақ,бауырсақ, шелпек жатады.Қазақтардың
ұлттық ойындары қыз қуу,асық ату,қол күрес теңге алу,ақсүйек.
Келіңдер «Ақ сүйек» ойын ойнайық.
«Ақсүйек» ойыны.Ойынның
шартымен таныстыру.(Балаларды шеңберге тұрғызып,қолымдағы сүйекті
көрсетемін,қазір сендер көздеріңді жұмған кезде, сүйекті жасырып
қоямын,балалар сүйекті іздейді,сүйекті тапқан бала жеңіске
жетеді.Музыка ырғағымен балалар сүйекті іздейді,ойын 1-2 рет
қайталанады)
Тәрбиеші: Алдымызда әлі талай
қызықты сәттер кездеседі,не күтіп тұр екен
жүріңдер.
2.Мынау орыс ауылы.Мұнда
орыстар тұрады.Ұлттық тағамдары-күлше нан,тұшпара.Ұлттық ойындарына
әтеш сайысы,қызыл орамал,өзендер жатады.Келіңдер «Әтештер сайысын»
тамашалайық.
Ұлттық ойын «Әтештер
сайысы»
Ойыннның шартымен
таныстыру.(Менің қолымдағы шығыршық,осы шығыршықтың ішіне екі
баланы сайлап алып,бастарына әтештің кароналарын
кигізіп,шығыршықтың ішіне біріне-бірін қаратып қоямын,белгі
берілген кезде,екі бала қолдарын белдеріне қойып,бір аяқтарын
көтеріп,иықтарымен бір-бірін итеріп,шығыршықтан шығарады,кім
шығыршықтың ортасында қалса сол жеңіске
жетеді)
3.Мынау татар ауылы.Мұнда
татарлар тұрады. Ұлттық тағамдары-шак-шак,учпучмак. Татарлардың
ұлттық ойындарына қаппен күш сынасу, қаппен секіру,аударыспақ
жатады.Қазір сендермен ұлттық ойыны «Қаппен секіру» ойынын
ойнайық.
Ұлттық ойыны «Қаппен
секіру»Ойынның шартымен таныстыру.(Екі баланы ортаға шығарып,қапты
аяқтарына кигізіп,белгі берілгенде,қаппен алдыға қарай жарыса
секіру,бірінші кім келсе,жеңімпаз аталады)
4.Өзбектер ауылы. Мынау өзбек
ауылы.Мұнда өзбектер тұрады.Ұлттық тағамдарына палау,кәуәп
жатады.Ұлттық ойындарына көкпар жатады.Көбінесе,өзбектер би
билеген.Қазір өзбек ұлтының биін тамашалайық.Өзбек
биі.
Саяхаттан
оралу.
Тәрбиеші:Сендерге саяхатымыз
ұнады ма?Сендер қандай ұлттардың ойындарын ойнап,тағамдарымен
таныстыңдар?
Балалардың
жауабы.
Шаттық
шеңбері
Ортақ мекен жер
шары,
Төбемізде бір
аспан,
Барлық ұлттың
баласы,
Достығымыз
жарасқан.
Рахмет балалар!Сау
болыңдар!