жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан - Отаным, әлем білген атағын
Қазақстан - Отаным, әлем білген атағын
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан - Отаным, әлем білген атағын
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
1-жүргiзушi :
Армысыздар, құрметтi ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қазақстан - Отаным, әлем білген атағын» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргiзушi:
Естігенде
көк аспанның астында,
Тік
тұрыңдар айтылғанда Әнұран.
Бар
қазақтың үніндей боп қалықта,
Шарықташы,
Әнұраным, шарықта!
Оны
айтуға, жас ұланым, жалықпа.
ӘНҰРАН ОРЫНДАЛАДЫ
1-жүргiзушi :
Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы
2-жүргiзушi:
Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Еліміздің осынау қилы да, қиын тарихына көз тастап көрейік. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды.
1 оқушы. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.
2 оқушы. 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңдарына қол қойды.
3 оқушы. 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.
4 оқушы. 1995 жылы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда Ата Заңымыз қабылданды.
5 оқушы. 1998 жылы 10 маусымда елордамыз Астана қаласы болып бекітілді.
6 оқушы. 2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
7 оқушы. 2003-2005 жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
8 оқушы. 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
9 оқушы. 2010 жылы 7-ші Қысқы Азия Ойындары Астана -Алматы қалаларында өтті.
10
оқушы. 2015
жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы
дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі
атанды.
11
оқушы.
2017
жылы Қазақстанда алғаш рет "ЭКСПО"
көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме
10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында
Астанада өтті.
12 оқушы. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның астанасының атын тұңғыш президентіміз Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
13 оқушы. 2019 жылы 20 наурызда президент сайлауында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев болып сайланды.
2-жүргізуші:
..............................................................ОРЫНДАУЫНДА
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ӘНІ.
1-жүргiзушi:
Менiң туған өлкем - кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексiз сүйемiн. Әрқашан аялап, қорғап жүремiн. Елін сүйген жас өрендердің өлең шумақтарын тыңдайық.
1-оқушы.
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
2-оқушы.
Бостандық құтты болсынерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
3-оқушы.
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым асқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
4-оқушы.
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
5-оқушы.
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне.
6-оқушы.
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
2 -жүргiзушi:
Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым
Алтын бесік байтақ дала – арманым
Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың
Жаса Қазақстаным,
Жаса, менің ұлы елім!
1 -жүргiзушi: ДОСТАРЫМЫЗДЫҢ БИІН ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР! «ЖАСА, ҚАЗАҚСТАН» (флешмоб)
2-жүргiзушi:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Біз, бүгінгі жас өрен, Қазақстан Республикасының рәміздерін мақтаныш етеміз.
1-оқушы:
Рәміздерім - елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім - Әнұран,Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
2-оқушы.
Шексіз, ашық көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – ел-жұртымның халық әні
3-оқушы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын түрегеліп тұрып тыңдайды, айтады. Бұл өз мемлекетіне деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын, бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын әнге жазған. ҚР мемлекеттік Әнұраныны Шәмші Қалдаяқовтың әніне, Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әні.
4-оқушы.
Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
5-оқушы.
Тудың түсі - көгілдір. Көгілдір ашық түс - жер мен көктің біртұтастығын білдіретін түс ретінде қабылданады. Туымыздың ортасындағы күн бейнесі - өмір мен қуаттың көзі, бейбітшілік пен байлықтың нышаны. Қыран - жомарттылық, қырағылық, еркіндік пен ой биіктігін, кеңдік, болашаққа деген сенімді білдіреді. Туымызға жаңашылдық пен ерекшелікті қазақтың ұлттық оюы - «Қошқармүйіз» беріп отыр. Тудың авторы - суретші - Шакен Ниязбеков.
6-оқушы.
Елтаңбамның шаңырақ бас тірегі
Уықтар шын достықтың ыстық лебі,
Жарық жұлдыз жол сілтеп баршамызға
Қос пырақ қалықтаған ел тілегі!
8-оқушы.
Шаңырақ көгілдір түстің аясында орналасқан, оның жаң-жағынан уықтар тарап, кун нұрының өзіндік бейнесін астарлайды. Қанатты тұлпар - шексіз даму мен халықтың биік рухының белгісі. Бесбұрышты жұлдыз - адамдардың әркезде ақиқатқа, шексіздік пен биіктікке талпынысының белгісі. Сонымен бірге, шаңырақтаң тарайтын уықтардың керегеге киылысуы- үш жүздің мызғымастығын білдіреді. ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторлары - архитекторлар Шотаман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
1 -жүргiзушi: Біздің еліміз жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.
............................. ОРЫНДАУЫНДА «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» ӘНІ.
2-жүргізуші. Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген