400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Қазақстан - туған елім,ұлы өлкем»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Қазақстан туралы түсінік беру.Отанымызға деген сүйіспеншілік арттыру.Әнұранымызды Елтаңбамызды Туымызды түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

№42 «Айналайын» балабақшасы МКҚК





Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:

Шугаева Н.Г







Тақырыбы: «Қазастан-туған елім,ұлы өлкем»

«Жұлдыз» ортаңғы тобы















Тәрбиеші:Дүйсеналина А.А

Мухамбетова А.С













2025-2026 оқу жылы

25 Қазан - Республика күні (Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем)



Ұйымдастырылған іс-әрекет мақсаты:
1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған іс-әрекет әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар қазан айында қандай мереке күндер барын білесіңдер?

Балалар:- Ұстаздар күні,
-Қарттар күні,
– Республика күні.

Тәрбиеші: Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастаймыз.

Хор:Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?
-Мен
Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен
Кең даланы сүйетін кім?
-Мен
Ата-ананы сүйетін кім?
-Мен
Досын сүйетін кім?
-Мен
Болашағы елімнің кім?
-Мен
Кәне балалар Отан деген не?
Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана
Біздің Президентіміз кім?
Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
-
Ту, Әнұран, Елтаңба.

Кәне, кәне тұрайық,
Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім.

Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық,

Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..

-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.

Енді балалар тәрбиеленіп жатқан бала бақшамыз туралы
Тақпақ айтып жіберейік.


Бала бақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз.


Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағаты ұнады ма?
Қорытынды: Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің – дей отырып,
Балалар осымен Республика күніне арналған
«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты ұйымдастырылған іс-әрекеті аяқталды.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.11.2025
41
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі