жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» ашық сабақ
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны»
Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны» атты тақырыпты балаларға түсіндіру, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау. Алма мен қызғалдақтың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, табиғатты аялауға, қорғауға баулу. Эстетикалық талғам мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, алма бағы, қызғалдақ алаңы декорациялары.
Билингвальды компонент: алма-яблоко-apple, ағаш- дерево-tree, қызғалдақ-тюльпан-tulip.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, слайд.
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық -қозғаушылық Ізденуші- ұйымдастыру-шылық Рефлексиялық- түзетушілік |
-Балалар, бүгін бізде өте ерекше күн, себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Алдымен осы қонақтармен амандасып алайық. «Сәлем -сөздің атасы, деген халқым, Сол халқымның сақтадық ғажап салтын, Сәлем берейік иіліп баршаңызға, Ізетпенен алдыңда осы қалпым» -Сәлеметсіздер ме! Шаттық шеңбері Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер, Қызыл гүлдер,көк гүлдер Жайнар кезім келді деп. Қанаттарың желбіреп, Таңмен бірге оянып Күн нұрына боянып Көрік бердің
далаға - Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? - Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезілінде неше ай бар, қане, атап беріңдерші? -Қазір қандай ай? -Бір аптада неше күн бар? -Бүгін қай күн? -Бүгін балалар, қыс мезгілінің соңғы күні екен. Ертеңнен бастап қандай мезгіл келеді? -Дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілі келеді. Көктем мезгілінде жан дүниенің бәрі жанданып, оянатын кез. Айналаның барлығы тамаша күйге түсіп түрленеді. Қар еріп, жылғалардан су ағады. -Көктемнің белгісі, қар астынан жарып шығатын қандай гүл еді? -Қане, бәйшешек гүлі жайлы кім айтып береді? -Балалар, бәйшешек гүлінен кейін қандай гүл өсуші еді? -Дұрыс айтасыңдар, қызғалдақ гүлі өсіп шығады екен. -Ал балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміздің аты «Алма мен қызғалдақтың отаны – Қазақстан». Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. – Сәндік өсімдіктер арасында түрлі-түсті бояуы мен нәзік пішіні жағынан ешбір гүл қызғалдаққа тең келмейді. Ерте көктемде қар астынан жарып шығатын бәйшешектен кейін табиғатта алғаш гүлдейтін өсімдіктердің бірі. Оның маңыздылығы да сонда. Біздің жерімізде өсетін жабайы қызғалдақтар қазіргі тюльпан атты мәдени өсімдіктің атасы. Яғни қызғалдақтың отаны – Қазақстан. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны-Голландия болып саналады. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді.Осы фестивальда қызғалдақтың отаны –Қазақстан. Ал екінші отаны-Голландия деп хабарланды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғал-дақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі–біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі. (Слайд көрсету) -Балалар, қызғалдақ жайлы кім тақпақ айтады? Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Табиғи алманың
құрамында минералдар, калий, кальций, магний, фосфор, натрий, фтор
бар. А,Е, С,В1, В2, В6 дәрумендері бар. Алманың пайдасы көп. Қан
қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін арттырады. Адам
денсаулығын жақсарту үшін күніне бір алмадан кем жемеу керек.
Алмадағы С дәруменінің арқасында суық тию вирустары денеге кіре
алмайды. Алмадан: алма джемі, алма жапырағы тұнбасы, алма шайы,
алма ботқасы, алма сусыны, алма тосабы
жасалынады. -Балалар, алма жайлы кім тақпақ айтады? Сергіту сәті: Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып
тербелейікші. Көрік берші далама! Көрік берші қалама! Билингвальды компонент: алма-яблоко-apple, ағаш- дерево-tree, қызғалдақ-тюльпан-tulip. Дидактикалық ойын: «Не артық?» (слайдпен ойнату) Мақсаты: балаларды байқағыштыққа, зеректікке баулу. Ой-өрісін дамыту. Шарты: слайдта суреттегі заттардың ішінен артық затты тауып атайды. Дидактикалық ойын: «Өсу ретімен қатарға тұр» Мақсаты: балаларды шапшаң ойлауға, сергектікке баулу. Ой-өрісін дамыту. Шарты: балаларды екі топқа бөліп кезектесіп, бір топқа сурет бойынша алманың, екінші топқа қызғалдақтың өсу ретімен шапшаң сапқа тұрғызу.Әр топ бір-бірінің қатесін түзейді. -Балалар, жарайсыңдар, ойынды жақсы ойнадыңдар. -Біз енді алманың өскенін көзімізбен көру үшін алма бағына барамыз. -Балалар, біз серуендеп, таза ауамен демалу үшін ол жаққа жаяу барамыз. Бізге бақ жақын екен. -Балалар, мына кереметті қараңдар! Қызғалдақ алқабы неткен әдемі еді. Бұл гүлдер ең нәзік гүлдер. -Міне, балалар, алма бағына да келіп жеттік. Әдемі алма бағын тамашалап, алманың қалай өсіп, пісіп тұрғанын көріп, алманың пайдасы жайлы айтқызады. Пісіп жерге түскен алмаларды себетке жинап алады. Дидактикалық ойын: «Ойна да, ойла» Мақсаты: балаларды ептілікке, зеректікке баулу. Ой-өрісін дамыту. Сұраққа шапшаң ойланып жауап беруге үйрету. Шарты: балалар шеңбер құрып тұрады, тәрбиеші допты бір балаға сұрақ қойып лақтырады. Бала допты қағып алып жауап беріп допты кері лақтыруы қажет. Мысалы: Алманың қасиеті? Алма қандай? (балаларға бір-бірден айтқызу).... - Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырайын, дұрыстап ойланып шешуін табуға тырысамыз. Жұмбақ: Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. Ортасында қазығы, Бұтағында азығы. Қар астында қыстады, Жасылмен бөркін тыстады. Көкпеңбек еді көктемде, Қызарды күні жеткенде. Қырға кілем жайдым. Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп боп оралады. Жарайсыңдар, балалар! Сендер жұмбақтың шешімін таба білдіңдер. |
Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айта отырып, қонақтармен амандасады. -Сәлеметсіздер ме! Балалар шаттық шеңберге тұрып,өлең жолдарын қайталайды. -Төрт мезгіл бар. -Қыс мезгілі. -Үш ай бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. -Қазір ақпан айы. -Жеті күн бар. -Бүгін төртінші күн – бейсенбі. -Көктем мезгілі келеді. -Бәйшешек гүлі. Дарын: Бәйшешек: Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі-бәйшешек. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15 см, ерте көктемде науырыз айының бас кезінде көктеп бүршік жарады. Мен боламын қырларында текеметтің. Көктемге алғаш көрік әперетін. Бәйшешекпін, көктесем қар астында, Қыс ызғарын, қаймықпай көтеретін. -Қызғалдақ гүлі өсіп шығады. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Нұрайлым: Кім білмес қыр аруы қызғалдақты, Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты. Сәні деп өмірінің көңілінің, Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты. Айкүн: Қызғалдақ Қызғалдақ-ау қызғалдақ, Екті ме сені қызға арнап? Көктемде көзге түсе сап, Кетесің қайда бізді алдап? Қызғалдақ-ау қызғалдақ, Қызарып қырдан көріндің. Қызығыңды бізге арнап, Алмай жатып төгілдің. Қызғалдақ-ау қызғалдақ, Тере келдім қызығып. Апарайын қызға арнап, Қала көрме үзіліп! Сырым: Апорт деген тәтті алма Апорт деген тәтті алма, Өседі ол бақтарда. Апорт деген тәтті алманың Таттың ба сен бал дәмін? Апорт деген тәтті алма, Таттың ба сен бал дәмін? Алатауда өседі ол, Оған тең жоқ деседі ел. Балалар сергіту жаттығуын өлең мазмұнына қарай қимылмен жасайды.
Сөздерді үш тілде қайталайды: алма-яблоко-apple ағаш- дерево-tree, қызғалдақ-тюльпан-tulip. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар баққа бара жатып жол жөнекей қызғалдақ алқабына кездеседі. Қызғалдақтарды тамашалап, соңынан баққа келеді. Алма бағын тамашалап, алмаларды себетке теріп алады. Допты қағып алып тәрбиеші сұрағына жауап береді. Допты кері тәрбиешіге лақтырады. -Алма домалақ, қызыл, сары, жасыл түсті болады,тәтті, хош иісті, т.б. -Алма. -Алма. -Бәйшешек. -Алма. -Қызғалдақ. -Алма. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды;
Түсінеді: алма мен қызғалдақтың пайдасын түсінеді;
Қолданады: меңгерген материалды ойын кезінде қолданады.
Толтырған тәрбиеші: Ш.Б.Каршалова
Тексерген әдіскер: А.А.Елюбаева
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген