Материалдар / Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы 2018 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. «Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік. Бұған мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламды арнағанымды білесіздер», деді Мемлекет басшысы. Президент бағдарламалық мақаладағы негізгі міндеттерге назар аударып, Қазақстан қоғамының даму кезеңдеріне қатысты ойларын ортаға салды. «Мен ең алдымен болашақ қазақстандықтың болмысын айқындап, қандай болуы қажеттігін атап өттім. Біріншіден, ол – әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылатын прагматик, әрі реалист
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2018
4802
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені Елбасы 2018 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. «Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік. Бұған мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламды арнағанымды білесіздер», деді Мемлекет басшысы. Президент бағдарламалық мақаладағы негізгі міндеттерге назар аударып, Қазақстан қоғамының даму кезеңдеріне қатысты ойларын ортаға салды. «Мен ең алдымен болашақ қазақстандықтың болмысын айқындап, қандай болуы қажеттігін атап өттім. Біріншіден, ол – әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылатын прагматик, әрі реалист. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті нығайтып, ұлтының дамуын тежейтін барлық нәрселерден бас тартатын адам. Төртіншіден, білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан. Бесіншіден, тек эволюциялық даму ғана халқының өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретінін жақсы түсінетін саналы азамат. Алтыншыдан, ол – түрлі тілдерді меңгерген, әлемнің үздік тәжірибелерін алуға және заман талаптарына сай өзгеруге қабілетті, сана-сезімі ашық адам» деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету - бұл біздің табыстарымыздың іргетасы және Қазақстанның одан әрі өсіп - өркендеудің шарты. Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылғы 18 ші қазанда өткізілді. Содан бері бұл күн - Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі.19 шы қазан күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында  Рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс - шараға аудан әкімінің орынбасары Г.Біләлева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ф.Қожаханов, ауылдық округтердің дін өкілдері, мектеп директорлары, ұстаздар, этно мәдени орталықтардың өкілдері мен жастар қауымы қатысты. Жиналған көпшілік қауымды аудан әкімінің орынбасары Г.Біләлева құттықтап, мерекенің мән - маңызына тоқталды. Дөңгелек үстел барысында келген қонақтар сөз сөйледі.- « Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн - қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі ретінде атап өтіледі.  Бүгінде Қазақстанды барша әлем танып отыр. Өйткені Елбасы Н.Назарбаевтың бейбітсүйгіш саясатының арқасында Қазақстанда бір шаңырақ астында ынтымақ пен достықта түрлі конфессия мен діни  ұйымдар, көп ұлтты халық өкілдері тату- тәтті тұрып, еңбек етіп, еліміздің абыройын асқақтатуда.Әрине, мұнда егеменді мемлекетіміздің Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқаратын рөлі ерекше дер едім. Бізге, қарапайым қазақстандықтар үшін ең бастысы елде тыныштық болып, ұлтаралық келісім нығайып, халқымыз, еліміз аман болсын»,- деді Жаңақұрылыс ауылдық округінің имамы С.Самарбек.Сондай-ақ аталмыш басқосуда неміс этно - мәдени орталығының жетекшісіі В. Мешкаускас (Песчан ауылы),  аграрлы техникалық колледжінің 3-ші курс студенті А.Хомякова,` В.Трубаченко Рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтау салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні болғандықтан елдегі ұлтаралық, конфессияаралық келісім, халықтар ынтымағы біздің басты құндылығымыз деген пікір білдірді  

Ұлы Жаратушы иеміз адамзат баласының берекесі артып, ғибратты өмір сүрулері үшін, топтасып өмір сүруге бейім етіп жаратқан. Қоғам ішіндегі адамзат баласы үшін басты құндылық ретінде танылған имандылық − бірлік және татулықтың арқасында тамырын кеңге жаяды. Ол үшін бізге ең алдымен бірлік керек. Халқымыз: «Бірлік бар жердетірлік бар», – дегенБірлік – қасиетті сөз.

Бүгін Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 140 этника мен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы».Қазақстан Республикасның Конституциясына сай, еліміз құқықтық, зайырлы және демократиялы ел. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.«Бірлік бар жердетірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтау 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ