жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан -бірлік мекені
Рысбек Жанерке
Аты жөні: Рысбек Жанерке
Мектебі: Шымкент қаласы №117 жалпы орта мектебі
Мекен жай: Шымкент қаласы Алтынтөбе № 1
Сыныбы: 10
Телефоны: 87077383493
Қазақстан- бірлік мекені
Мамырдың бірі- бірлік күні
Ән салып , би билеген халық үні
Қуанышпен тойлаған барша ұлттар
Құтты болсын мамырдың бірі күні
Қазақ елі татулықтың мекені,
Достық деген тұрақтардың бекеті.
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан
Қаншама ұлт достық жырын шертеді.
Бірлігіміз мәңгі біздің жырлансын
Басқа әлем еліме қарап тамсансын.
Бірлік біздің ұранымыз шырқайтын,
Қазақ елі биіктегі мұз айдын
Ия, халқым, мереке құтты болсын. Қазақстан халықтарының бірлігі күнін барша Қазақстандықтар тойлаймыз. Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде бірліктің маңызы зор. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтастықтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден бір алғышарты. Қазақ халқы «бірлік түбі береке», «алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» дейді. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттардың тарихы тереңде жатыр. Олар қазақ жеріне түрлі себептермен келген болатын. Бірақ қазақ халқы оларды жатсынбай, қолдағы барымен бөлісе отырып, қиын қыстау кезеңді бірлікте біріге отырып, қиындықтан мойымай бірге шықты. Бүгінде Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі, еліміздің баға жетпес байлығы. Әлемдік тарихта әртүрлі ұлт өкілдерінің бір жерде, бір елде бірлесіп бейбітшілікте өмір сүруде. Берекені мақсат тұтқан еліміз ешқашан мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.
Тарихқа көз жүгіртсек бүгінде қазақ елі -130 ға жуық халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр. ХХғасырдың 30 жылдары КСРО -да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі болды. Сол жылдары ұлт мүддесін қорғаған ұлт зиялыларын , қарапайым адамдарды жазықсыз қудаласа , кейін оларды туған жерінен айырып , күшпен жер аудартты. Кейін соғыс кезеңдерінде де біраз халықтар қудаланып, Қазақстан жеріне де келді. Қиын қыстау кезеңдерде қазақ халқы оларға қол ұшын бере білді. Жер аударылған халықтар ауыл шаруашылығының жұмыстарына белсене араласып, жергілікті халықтармен өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, ал мал бағу тәжірибесінде жергілікті халықтан тәжірибе жинақтады. Уақыт өте келе ұлттар арасында мызғымас достық , бірлік қалыптасты. ХХ ғасырдың 50 жылдардың басында жер аударылған , тағы басқа түрлі себеппен келген өзге ұлт өкілдері ақталып өз отандарына оралса, қайсібірі Қазақ жерінде тұрақтап қалды. Өз бақыттарын Қазақ жерінен тапқан өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген терең пейілдерін танытатын түрлі монументтер еліміздің әр қиырында көрініс табуда. Осының барлығы татулық пен бірліктің, ауызбіршілік,ынтымақтастықтың арқасында деп білемін. Қазақ елінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері киелі шаңырақта тату-
тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр. Барлығының жүрегінде бір ғана ел бар. Ол Қазақстан. Бізге басқа әлем елдері қызыға қарайды.Себебі: біз бір ту астында рухы биік , жалынды жігері бар жастары бар елміз. Бүгінгі күнде өзге ұлт болғанымен талай жарыстарда Қазақ елінің көк байрағын желбіретіп жүрген қазақстандықтарды көрсем жүрегімді қуаныш, мақтаныш тербейді. Яғни бұл ұлтаралық татулықтың арқасы деп білемін. Біздің кең байтақ еліміз қашан да өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын. Ең бастысы , ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде еліміз тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Барша Қазақстанда тұратын барша ұлттар арасына, достыққа сызат түспесе екен деп тілеймін. Қазақ мақалында "Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады" дейді. Осы мақалға байланысты бір аңыз есіме түсіп отыр: "Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп – оңай сынады. Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке – жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әрқайысыңды біртіндеп құртады» – дейді. Осы аңызды әрбір азамат білсе екен деймін. Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізді.
Жақында мен С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» атты шығармасын оқыдым. Сол жерде өзге ұлттың өкілі қазақ досының қызын, бауырына қызым деп басып, өсіріп, оқытып,тәрбиелеуі , өзім өзге ұлт болсам да жаным қазақ деп ,ел істеріне бар қабілетімен араласуы, ұлттар арасындағы достықты ту етуі қатты әсер етті. Ия сол күні толқып, жүрегімде өзге ұлтқа деген құрмет, достық сезімі менде алаулай түсті. Ия, мен жақсы жаза алмаймын. Бірақ мен ұлтқа бөлінбей достықты ту ете білуіміз керектігін өз дос жарандарыма айтып жүрерім хақ. Достыққа адал бола білсек, бірлігіміз жарасқан ел бола аламыз. Бүгінде Қазақстан халықтарының бірлігі күнін әр жылдың 1 мамырында тойлап жүрміз. Ырыс-ынтымаққа жолығады, дәулет бірлікпен толығады дейді емес пе? Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастық нығая берсін. Қоғамда осы бірлігімізді, тұрақтылықты сақтау бұл жетістік. Бұл жетістікті бағалау , оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір азаматтың міндеті болса, еліміздің алар асуы көп болары сөзсіз. Мен өз еліммен мақтанамын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген