ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ !.

Тақырып бойынша 24 материал табылды

ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ !.

Материал туралы қысқаша түсінік
25 қазан Республика күні
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

266 мектеп-лицей директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ысқақова А.А.

ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ !. Құрметті ақылды бүлдіршіндер баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін. Ақжайық, Алтай арасы Қазақтың шалқар даласы Республикама қарашы! Жерімнің дәні маржандай Қырманы асқар таулардай Республикама қарашы! Шолсаң да биік аспаннан Қарқырар кені тастардан Республикама қарашы! Шырқаған сайын тірегі Республикама қарашы! І. Әнұран. Тәрбие сағатын ашу үшін № 266мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары балабақша меңгерушісі Алтынай Амангелдіқызына беріледі. Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің 25 қазан Республика күніне арналған «Қазақстан менің Республикам!» қысқаша тәрбие сағатын тамашалаңыздар. ІІ. Хор: «Егеменді Қазақстан» Елші: - Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?! Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін. Елші: - Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдіңбақытты балалары екенін білейін деп келдім. Жүргізуші: - Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз. Елші: - Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика? Елші: - Президент кім? Балалар: - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Елші: - Отандарыңның астанасы қай қала? Балалар: - Астана қаласы. Елші: - Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты? Балалар: - Әнұран, Туы, Елтаңбасымен. Елші: - Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер? 1.Ерсұлтан: Әнұраным, жан ұраным Айтар әнім, сөйлер сөзім Туған жерім сағынарым Мәңгі - бақи шырқалады Республикам, Әнұраным 2. Жанымкүл: Елтаңбасы елімнің Неткен көркем, әдемі Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. 3. М.Каусар: Жарасқан байрақтың мәні бар Көк аспан, көк қыран сәні бар Көк байрақ ашық көк кеңісін Алтын күн – белгісі жеңістің. ІІІ. Ән: «Ойнаймыз да күлеміз». Мертай Аделя. Жүргізуші: - Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не? Балалар: - Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз. 4.Айсұлтан: Отан – сенің ата - анаң, Отан – досың, бауырың Отан - өлкең, астанаң Отан – аудан, ауылың. 5.Айсара: Отан – атам, Отан – әкем Осы сөзім қате ме екен? Қате болса неге біздер Дейміз оны атамекен. Жүргізуші: - Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен. Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек. - Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.

- Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе? IV. Нақыл сөздер. 1. Отан – оттан да ыстық. 2. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. 3. Отан үшін отқа түс, күймейсің. 4. Оз елің алтын бесік. 5. Халқын сүйген, салтын сүйеді. 6. Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің. V. Ән. «Қошақан». Ерғабылов Рамазан, Өмірзақова Диана Муслим ата - анасымен бірге Алматыға қайтып барады. «Ата бата берші»,- деп атасынан бата сұрайды. Атасы: «Сұрасаң бата берейін Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілепен төгейін Жорытқанда жолың болсын, Қыдыр ата жолдасың болсын, аумин!» Содан кейін Муслим атасына қиыла қарайды. Атасы: - Бұйымтайың болса айта ғой, балам. Муслим: - Ата, сіздердің «Алтын тойларыңыздан» теберік әкетсем деп едім. Көп сыйлықтың ішінен бір көк көйлек ұнап қалды. Атасы: - Қалағаның сол болса несін аяймыз. Киім көп, қазір кимеспін. - Тура Қазақстанның көк байрағы секілді көркем жиде өзі. Муслим: - «Ту желбіресе көңілім көтеріледі. Осы көйлекті атамды сағынғанда иіскеп күтіп киемін. Атасы: - Еліңе, жеріңе адал қызмет ет, балам. Өркенің өссін балам! Муслим: - Тәуелсіздікті қорғайтын ұрпақ біздерміз ғой. Туған өлкені, сіздерді өте жақсы көремін. Атамның көкпеңбек жидесін терең құрметпен қарайтын боламын. Жүргізуші: Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл? 6.Аяна: Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл. Өз тіліңді құрметте. 7.Әбдірахман: Мен оның күнін сүйем, Түнін сүйем. Мен оның құдіретті Тілін сүйем. 8.Н.Кәусар: Қазақстан халқының Қазақ тілі тірегі Ана тілінде айтылар Әнұраны, жүрегі.

VІ. Хор. «Отаным – Қазақстан!» Елші: - Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, бүгінгі бақытты балаларға өзімнің кішкене ғана сыйлығымды тапсыруға рұхсат етіңіздер. Қазақстанның болашағы гүлдей жайнай берсін! Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін. Қайта тудым өмірге қайта келдім Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске Жаса – жаса мәңгіге туған елім. Осыменен «Құлагер» мектеп алды тобының қысқаша тәрбие сағатын аяқтаймыз. Көңіл, ынта қойып тыңдағандарыңызға көпте - көп рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі