400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан -ортақ үйіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық топ мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Shape1

№1 мектеп – гимназиясы











Shape2



Қазақстан – ортақ үйіміз

























































Қазақстан – ортақ үйіміз

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Қазақстан – ортақ үйіміз

Мақсаты: Балаларға 1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерінкөтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, ән айту, би билеу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, әр ұлт өкілдерінің суреттері, плакаттар, буклеттер, сурет салу құралдары.

Салалалық байланыс: Шығармашылық, таным.

Құрылымы:

1.Сәлемдесу

2.Баяндама

3.Топтық таныстыру

4.Құттықтау сөз

5.Тақырыпқа арналған тақпақтар

6. Би

7. Ән

І. Сәлемдесу

Саламатсыздар ма?

Здраствуйте?

Армысың шапағатты күн ана .

Армысың қайырымды аспан ана.

Армысың мейірімді жер ана.

Амандықпен бар әлемді жарылқа .

Здраствуй солнце золотое.

Здраствуй небо голубое.

Здраствуй ветер ветерок .

Здраствуй мой дружок.

ІІ. Баяндама

ІІІ. Топтық таныстыру.

  1. 0а «Ынтымақ» тобы - «Игілік басы – ынтымақ»

  2. 0б «Достық» тобы - «Досы көпті жау алмас»

  3. 0 в «Бірлік» тобы – «Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады»

  4. 0г «Татулық» тобы – «Татулық - табылмас бақыт»



Фанфара ойналады.
жүргізуші:
Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,
Көгілдір аспан, көк жиек, орман-шарбақты.
Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,
Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты,
Сыңғырлы Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,
Өздерің болып санама бала тұнды жыр.
Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,
Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.

жүргізуші:
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!



ІV. Құттықтау сөз «Бірлік» тобы

Іздену ұйымдастырушы:

-Балалар біздің ұлтымыз қандай?

-Қазақ

-Біз қай тілде сөйлесеміз?

-Қазақ тілінде

Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі ұлттық киіміміз, салт-дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқа да ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, түрік, татар т.б ұлт өкілдері тұрады.

Қане балалар бәріміз экранға қарайық.

1-слайд: Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру. Балалар осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін-жерім деп, құрметтеп үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде.

2 слайд: Экраннан Елбасы құттықтауы мен Астана қаласы орталық алаңда өткізіліп жатқан шеруді тамашалау (түсіндірме беру)

Біздің де Қазақ халқы орталық алаңға осылай салтанатты шеруге шығады. Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді. Балалар, ертең біз мерекеге барғанда қолымызға не ұстап шығуға болады деп ойлайсыңдар?
- Шар, жалауша.
- Дұрыс айтасыңдар, біз мерекеге шар, жалаушалар ұстап шығуымыз керек. Олай болса осы мерекеге арналған шарымыз бен жалаушаларымыздың суретін салайықшы.
- Жалауша қандай пішінге ұқсайды?
- Тіктөртбұрышқа
- Түсі қандай болады?
- Көк болады.
- Ал шар қандай пішінге ұқсайды?
- Домалақ, сопақша.
- Түстері қандай болады?
- Қызыл, көк, жасыл, т. б
Жарайсыңдар балалар, жалаушамыздың түсі көк, пішіні тіктөртбұрышты, ал шарларымыздың түстері әр түрлі, пішіндері домалақ, сопақша болады екен. Қане алдарыңдағы қағазға өздеріңе ұнайтын шар мен жалаушаның суретін салайық.(Балалар өз қалаулары бойынша ұнайтын суреттерін салады)

Сергіту сәті:

Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. (өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)


Дидактикалық ойын: «Қай ұлттың бас киімі?»
Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін тауып кигізу.
Балалар сендер достық, ынтымақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ұрыс, ырысты қашырар
Ынтымақ, халықты асырар.

V. Тақырыпқа арналған тақпақтар. (балалардың тақпақтары)

VІ. Аппликация

Ұлттық киім құрастыру

VІ. Би

Әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген ұлт өкілдері өнер көрсетеді.

Қорытынды: Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.

  1. Қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?

  2. Қазақстандағы қандай қала аттарын білесіңдер?

  3. Қазақстанның бас қаласы қай қала?

  4. Біздің тұратын қала қалай аталады?

Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын.
Біздің достығымызды білдіретін «Атамекен» әнін айтайық.

VІІ. Ән.

Атамекен




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі