Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ Күні: 25.04. 2024ж Өтетін орын: Музыка залы Тақырыбы: «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» Мақсаты: Бірлік мерекесінің – қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру. «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру. Мерекелік көңіл- күй сыйлау. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, адал ниеті мен мақсат-мүдде ортақтығының символына айналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт- дәстүрін сыйлауға және адамгершілікке тәрбиелеу. Ұйымдастыру кезеңі: Шаңырақты көтеріп қазақ шығады. Өзге ұлттар би қимылдарынмен билеп шаңырақты қоршап «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» (көріністі көрсету) Қазақ: 1-мамыр- бұл баршамыздың ынтымағымыз бен өзара түсіністігімізді, достығымыз бен бауырластығымызды жарқыратып көрсетер кемел күн!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Успех-GOLD-8 » ЖШС

«Асыл бесік» бақшасының

меңгерушісі:

А.Мамырбаева

« » 2024 ж











«Құлыншақ» ересек тобы

«Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ»









Тәрбиешілер: Тилейхан К

Даңғыл З











Өскемен қаласы

2023-2024 оқу жылы

Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ

Күні: 25.04. 2024ж

Өтетін орын: Музыка залы

Тақырыбы:   «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ»

Мақсаты:  Бірлік мерекесінің – қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру.  «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру. Мерекелік көңіл- күй сыйлау. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, адал ниеті мен мақсат-мүдде ортақтығының символына айналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу.  Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт- дәстүрін сыйлауға және адамгершілікке тәрбиелеу. 

Ұйымдастыру кезеңі: Шаңырақты көтеріп қазақ шығады. Өзге ұлттар би қимылдарынмен билеп шаңырақты қоршап

«Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» (көріністі көрсету)

Қазақ:   1-мамыр- бұл баршамыздың ынтымағымыз бен өзара түсіністігімізді, достығымыз бен бауырластығымызды жарқыратып көрсетер кемел күн!

Орыс: Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ. Осында өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт  пен ұлыстар достығының, өзара келісімі арқасында қоғамдағы саяси тұрақтылықты, сындарлы қалпын сақтап келеді.

Қазақ: Ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдері бір шаңырақ астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны баршамызға мәлім. Олай болса, ортамызға өзге ұлт өкілдері мен бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

Қазақтар: Бейбітшілік жасасын, ынтымақтастық жасасын! Ура-ура-ура!

ҚазақКелесі кезекте Орыс халқының өкілдерін ортаға қошеметтеп шақырайық.

Орыстар:Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын, Ура, Ура, Ура!

Орыс: Ендігі кезекте Өзбек ұлт өкілдерін шақырайық.

Өзбек: Ынтымағы жарасқан Қазақ елі жасасын! Ура, Ура, Ура!

Қазақ: Ендігі кезекте Қап тауі (кавказ) ұлт өкілдерін шақырайық.

Қап тауі (кавказ): 1-мамыр ынтымағы жарасқан Қазақ елі жасасын! Ура, Ура, Ура!

Орыс: Ендігі кезекте Кәріс ұлт өкілдерін шақырайық.

Кәріс: Достымыз мәңгілікке жасасын! Ура, Ура, Ура!

Қазақ: Ендігі кезекте Өзбек ұлт өкілдерін шақырайық.

Өзбек: Қазақстан гүлдене берсің! Ура, Ура, Ура!

Орыс: Ендігі кезекте татар ұлт өкілдерін шақырайық.

Татар: Қазақстан мәңгілікке жасасын! Ура, Ура, Ура!

Хор:

Кең даласын,

Егін жапқан.

Бар баласы

Бақыт тапқан.

Менің жерім,

Туған елім.

Күн сәулелі Қазақстан.

Қазақ:

Құрметті қонақтар «Бейбітшілік» Осы бір асыл сөз қазір бүкіл дүниеге тарап, әрбір ізгі ниетті, адал ойлы адамның жүрегінен құрметті орын алады. Қазақтың барлығы бір-біріне бауыр басқан.

Бейбітшілік – адамзат өмірінің бүгінгі мен ертеңі. Оның шайқалмай, сынбауы үшін бейбітшілік құсы аспан көгінде қалықтай береді.

Орыс: 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» ертеңгілігімізді бастаймыз.

Би: «Достығымыз жарасқан»

(Әр ұлт өкілдері шаңырақпен билеп шығады)

Қазақ: 

Бірлік пен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқыраған жарық күн.

Ырыс дәулет, бақыты халықыңның,

Жайнай берсін, жайнай берсін, алтын күн!

 Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

— Қазақстан.

Балалар біздің ұлттымыз қандай?

Қазақ.

Біздің елбасымыз кім?

Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Біздің елімізді қандай өзге ұлттар бар?

Орыс, татар, өзбек, кәріс, қырғыз, және де т.б.

Дұрыс айтасыңдар. Біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда басқада ұлт өкілдері тұрады. Олар бір — бірімен тату, дос бауырлардай өмір сүріп жатыр. Қазақстанды олар өз жерім, өз елім деп мақтан тұтады. Ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің салт — дәстүрлерін, ән — жырларын көрсетеді. Президентіміз, елімізді бірлікке, ынтымаққа, бейбітшілікке, татулыққа бір шаңырақтың астына өмір сүруге шақырады. Сондықтан біз елімізді

«Қазақстан –татулығы жарасқан шаңырақ» деп айтсақ артық айтқандық емес. Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркейіп, әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа толы.

Ал, Балалар енді өзмізідің елімізден, жерімізден мақтанатындай қандай тақпақтар айтып берсек.

Балалардың тақпағы



2-Орыс:      

Көп ұлттың құт дарыған мекеніміз,

Достық күйін мақтаныш етеміз біз.

Бейбітшілік бүгінгі ұрпағымыз,

Мүдделі мұраттарға жетеміз біз.

Ән: «Достық»

2-Орыс:      

«Өзге тілдің бәрін біл - Өз тілінді құрметте» демекші

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?!

Қазақстан мемлекетіне деген мақтанышын, тілегін орыс халқы ойын арқылы жеткізгісі келіп тұр екен

Ойын: Орыс халқының ойыны "Көңілді музыканттар"

Мақсаты: Шапшаңдық, төзімділік, әр халықтың бір-бірімен достық қарым-қатынасын қалыптасыру.

Ойын барысы: Екі бөліктен тұратын кез-келген әуенмен балалар шеңберде тұрып, музыкалық аспаптарда ойнайды (сылдырмақтар, румбалар, қоңыраулар және т.б.). Ақжелкен шеңбердің ортасында тұрады, дирижерлық етеді. Бірінші бөлімнің аяқталуымен балалар құралдарды еденге қойып, шеңбер бойымен оңай жүгіреді. Ақжелкен жалпы шеңберге айналады және балалармен бірге жүгіреді. Музыканың аяқталуымен ойыншылар аспаптарды тез бөлшектейді. Аспапты алмаған адам дирижер болады.

Орыс:

Хор:

Алтын шашқан сияқты,

Жер бетіне нұр таным.

Барлық ұлттқа шуақты,

Осы менің Отаным.

Ән: «Достар»

Татар:

Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!

Кавказ: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Кәріс:

Қазақстан – осы ұлан байтақ өңірді мекендеп жатқан барша ұлт пен ұлыстың Отаны деген қарапайым да қастерлі қағиданы бүгінгі адамдардың да, келер ұрпақтың да санасынан бір сәтке шығармауымыз керек. Ендеше басымызға қонған бақытымыз бен бірлігіміздің берекесі арта берсін деп тілейміз!

Өзбек:

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Орыс:

Қуанайық баршамыз,
Бүгін шаттық мереке.
Бірінші мамыр бүгінгі,
Сыйласын бақ береке.

Қазақ:

Әрбір үйде орнасын,
Сыйластық пен ынтымақ.
Халықтардың достығы,
Мәңгі болсын жарқырап.

Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен Қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арманы

«Бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық. Іргеміз әрқашанда арылмасын.

«Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ» бейбітшілік мәңгілікке жасай берсін! Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.

Тексерді:

«Успех-GOLD-8» ЖШС

«Асыл бесік»

балабақшасының әдіскері:

Еркешева Ж.К.__________






«Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ»

2023-2024 оқу жылы






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2025
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі