жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан – туған өлкем. Қазақстанның жер бедеріне сипаттама.Ашық сабақ 8 сынып
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Тауман Амандосов атындағы орта мектеп
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – туған өлкем.
Қазақстанның жер бедеріне сипаттама.
Дайындаған: жоғары санатты география пәні мұғалімі
Азмағамбетова Лаззат Муратовна
Атырау
8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – туған өлкем.
Қазақстанның жер бедеріне сипаттама.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Оқушыларға өз отаны Қазақстанның жер бедері мен табиғат ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Тәуелсіздіктің 27 жылдығына байланысты егеменді еліміздің ұлан – байтақ қуатты ел екендігіне көз жеткізу.
Тәрбиелік – Оқушылардың өз отанына деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық тәрбие беру, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық – Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін білу. Өздіктерінен ақпараттық техниканы пайдалана білу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес оқыту (инновациялық)
Сабақтың әдісі: Саралап оқыту әдісі
Көрнекілігі: «Қазақстан Републикасы» картасы «Мемлекеттік рәміздер» Н.Ә.Назарбаев сөздері, кітапша, карталар
Техникалық құралдар: Компьютер
Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру
ІІ. Өткен материалдарды қайталау
Сабақ Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен басталады.
Орасан зор Еуразия құрамындағы орталық. Кең байтақ алқапты алып жатқан сайын дала мен құмды шөлдерде көшпелі ұлы мемлекет пайда болды. Міне сол мемлекет Қазақстан деп аталады.
Н.Ә.Назарбаев
Баяу музыкалық әуеннен мына өлең жолдары оқылады.
Қазақстан, атамекен, жер анам,
Ата- баба өсіп – өнген кең далам.
Қазақстан сенде туып, сенде өстім,
Қарыздармын сол үшінде мен саған.
Қазақстан туған жерім киелім,
Қасиетіңді қастерлеп, басымды да иемін,
Табиғатың тұнып тұрған қазына
Соның бәрін аянбаймын, сүйемін
Қазақстан. Қазақстан – алтын күн
Жанымызда жарқылдайтын жарқын күн
Аталдың сен барлық әлем тілінде,
Атамекен қазақ деген халқының.
Өткен тақырыптарды еске түсіріп өтейік.
Геологиялық
құрылысы
Физикалық
географиялық орны
Жер бедері
Шекаралары
Қазақстан
Пайдалы
қазбалар
Сабағымызды электрондық құралмен жалғастырамыз.
1 – модуль Глобус
Кіріспе
Қазақстанның жер бедері. Тақырыпты оқушылар жалғастырады.
А) Географиялық орны
Ә) Шекаралары
Компьютерден орындалатын тапсырма
Қайсы тұжырым дұрыс болып табылады?
А. Ә. Б. В.
2 – модуль Дүрбі
Қазақстанның таулары сипаттама тыңдау.
Компьютерден орындалатын тапсырма №6
Жауап: 1. Хантәңірі (6995м)
2.БГО-на 100 ж.
3. Талғар
4. Бесбақан
5. Иманбұлақ
2. Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне сипаттама бер.
Компьютерден орындалатын тапсырма №5
Картадан Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелерді табыңдар. Олардың картадағы тиісті орнын табыңдар. Олардың картадан тиісті орнын тауып орналастыр.
А. Сарыарқа
В. Мұғалжар
С. Маңғыстау таулары
3.Қазақстанның жазықтары туралы сипаттама.
Орындалатын тапсырма №3
Қазақстан аумағандағы жазықтар мен ойпаттарды табыңдар. Картадан тиісті орнын тауып орналастыр.
А.Батыс Сібір жазығы
Ә. Тұран ойпаты
Б. Каспий маңы ойпаты
4. Үстірттер мен қыраттарға сипаттама.
Орындалатын тапсырма №4
Картадан Қазақстан аумағандағы үстірттер мен қыраттарды тауып орналастыр.
А. Жалпы Сырт
Ә. Бетпақдалада
Б. Үстірт
В. Орал алды үстірттер
Г. Торғай үстірті
Д. Балқаш маңы үстірті
5. Қазақстанның пайдалы қазбаларына сипаттама.
Орындалатын тапсырма №7
6. Қазақстанның пайдалы қазбаларының таралу аудандарын анықтаңдар.
Картамен жұмыс: Көрсетілген пайдалы қазбалардың орнын тақтадағы картадан көрсетеді.
Сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.
Деңгейлік тапсырмалар.
Қ
азақстан
Республикасы қандай мемлекеттермен
шектеседі?Биік тауларға абсалюттік биіктіктер неше болатын таулар жатады?
Қазақстанның жер бедеріндегі ең төмен нүкте қай жерде және Қалай аталады? 1 – 2 – 3 м.
Атырау облысы Қ
азақстан
жер бедерінің қандай бөлігінде
орналасқан? Ол туралы не айтасың.Мұнай мен қандай пайдалы қазбаларға жатады? Олар туралы не білесің.
Қ
азақстан
қандай теңіздерге шыға алады. Оның шығу
жолы қандай?
Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері қандай атап шық. Үлкен.
Қазақстан Республикасы батыстан шығысқа қарай және оңтүстіктен солтүстікке қарай аумақты алып жатыр. Табиғат жағдайы қалай әсер етеді.
Пайдалы қазбалардың сарқылатын байлық екенін білесіңдер, сондықтан пайдалы қазбаларды қалай тиімді пайдалану керек депойлайсың.
Географиялық диктант
Қазақстан Республикасы................жылы............күні тәуелсіздік алды.
Қазақстан Республикасының астанасы...............................
Қазақстан Республикасы................жылы, БҰҰ мүше болып кірді.
Қазақстан Республикасының халқының саны.................................
Қазақстан Республикасының рәміздері қандай, олардың авторлары кімдер.................................................................................
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл ..............жыл.
Биыл желтоқсан оқиғасының.............жылдығын тойлаймыз.
ІІІ.Қорытынды
Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе оқушылардың дайындаған Қазақстан туралы 5 жол өлеңдерін тыңдаймыз.
Бүгінде Қазақстан Республикасы жас болса да дүниенің 145 мемлекетімен, Сыртқы сауда байланысын орнатқан. Әлемнің 122 мемлекетімен экспорттық, 115 мемлекетімен импорттық тауар алмасуын жасайды. Экономикамыздың күннен – күнге қарқынды дамуының арқасында әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуға толықтай мүмкіндігіміз бар.
Егеменді еліміздің шығар белесі әлі де биік болмақ.
IV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
Қазақстанның жер бедерін түгелдей кескін картаға түсіру.
«Менің Қазақстаным» әнұраны орындалады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген