400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан -ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланың барлық оқушыларға, ұстаздарға, оқырмандарға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ №1 ГИМНАЗИЯСЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ








ТАНЫМДЫҚ САҒАТ


20181216081639.jpg















Тақырыбы: Қазақстан –ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел!

















2020-2021 оқу жылы

Тәрбие сағатының жоспары:


Тақырыбы

Тәуелсіздік-ел тілегі

Мақсаты

Оқушыларға егеменді еліміздің жетістігін түсіндіру.1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл-қыздардың ерліктерін айтып өту.Өз Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Күтілетін нәтиже

Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғымды түсіну. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,  
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуын тәрбиелеу.

Құндылықтар

Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру, болашаққа деген сенімі, ой - өрісі дамыту, елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды қорғап қалу

Қосымша






































Тәрбие сағатының барысы


Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Кіріспе



















Негізгі бөлім


  1. Сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі онлайн тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтау үшін, видеоны мұқият көрейік.


  1. Ойқозғау.

Мұғалім: Дұрыс айтасыздар, бүгінгі біздің тақырып: «Тәуелсіздік ел тілегі». Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.


  1. Ұйымдастыру.

Мұғалім: Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы. 
Қыран құсым көк аспанда самғасын 
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр 
Жас ұландар, берік ұста туыңды 
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.  
Еліміздің рәміздерін атайық.  
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) 
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.  
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.  
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков  
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.  
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев. 
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз?! Неге соншама қастерлі ұғым?! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды.
Бұл — атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.


«Кім жүйрік?»


1) 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
2) 1991 жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
3) 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
4) 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
5) 1994жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6) 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7)1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

https://youtu.be/84OXpjHv2tw



















































Бағалау: әр оқушы өз-өзін бақылайды.

Қорытынды


Мұғалім: Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!








Дифференциация

Бағалау

Өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын қадағалау

Дифференциацияланған ресурстар: аудиал, визуал, тыңдай алуы және топпен жұмыс жасай алуы, талдау жұмыстары.

Бірлесіп талдау.

Өзін-өзі бағалау.


Ұйымдастыру сәті, сабақ барысындағы өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылау.



Рефлексия

Кері байланыс

Оқушының қандай қырын тани алдым?


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі