400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс шара сабағымды география пәнімен кіріктіріп өткізу мақсатында құрып отырмын.Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Қызықты география пәнінен алған білімдеріңізді тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған кешімізде білімдеріңізді сынаққа салып, күш сынасады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Географиялық кештің тақырыбы: «Қазақстан әлеміне саяхат»

Сыныбы: 9

а) Бұл кешті өткізе отырып оқушылардың география пәнінен алған білімдерін сынау.Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құреттеуге тәрбиелеу.

Оқушылармен амандасып кештің ұйымдастыру кезеңімен таныстыру.

1.Оқушылар келіп, 2 топқа бөлінеді.1 -топ Бейбітшілік. 2-топ Тәуелсіздік

2. Құрылған 2 топ өздерінің топтарының атын таныстырып өтеді.І

Кіріспе бөлім: Барысы: Мұғалім сөзі: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қазақстан әлеміне саяхат» атты кешімізге қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Олай болса оқушылар күрделі де, қызықты география пәнінен алған білімдеріңізді тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған кешімізде білімдеріңізді сынаққа салып, күш сынасасыздар.

Ендеше бүгінгі «Қазақстан әлеміне саяхат» атты географиялық кешіміз 5 кезеңнен тұрады.

1 тур. Тәуелсіздік шежіресі

2 тур. Шарықтау.Суреттер сыр шертеді.

3 тур. Карталар әлеміне саяхат

4 тур. Тапқыр болсаң, тауып көр.

5 тур. Әлем халықтарының биі.

Әр тур сайын уақыт беріледі, әрине жылдамдық талап етіледі. Алдарыңыздағы жалаушаларды көріп тұрсыздар тапсырма оқылғаннан кейін жауаптарыңыз дайын болса дереу алдарыңыздағы жалаушаны көтеруге тиіссіздер. Егер жауап дұрыс болмаса 2-ші топ өз жалаушасын көтеріп жауапты түзетуіне болады.

Сонымен 1 тур – Тәуелсіздік шежіресі .Әрбір оқылған сұрақтың дұрыс жауабын өзіме белгілеп кешіміздің соңында айтатын болам.


1.ҚР - ның жер көлемі қанша? (2млн 724, 9 мың шақырым)

2.Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)

3.ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (15 мың шақырым)

4.ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)

5.1991 жылы 21 желтоқсанда қандай оқиға болды. (ТМД мүше болды)

6.Қазіргі ҚР әнұранының авторлары? (Нажимидинов, Назарбаев, Қалдаяқов)

7. Қазақстан БҰҰ на қай жылы мүше болды. (1992 жылы 2 наурыз)

8. Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы қабылданды. (1995 жылы 30 тамызда)

9. Ата заң бойынша мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазым иесі. (Президент)

10. Әкімшілік территориялық құрылымы. (Унитарлы)

11.Мемлекеттік рәміздер бекітілді (1992ж 4 маусым)

12. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаев қашан сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсанда.)


2 тур Шарықтау. Суреттер сыр шертеді

Оқушылар тақтада тұрған суреттерге талдау жасап өз ойларын ортаға салады





3 тур Карталар әлеміне саяхат.

Екі топ бір-біріне мемлекеттерді жасырып сұрақтар қояды, яғни астаналарын картадан тауып көрсетеді. Әр топ 5 сұрақтан қояды.



4 тур «Тапқыр болсаң, тауып көр» .Конверттің ішіндегі берілген координаталарды тауып картадан нысанды көрсету.


  1. Тәуелсіздік тобына келген хат

520с.е. 720 ш.б. аралығында Халықаралық форум өткелі жатыр. Бұл қай жер.

Ж) Астана



  1. Бейбітшілік тобына келген хат

390 с.е. 330ш.б. саяхатта жүрмін. Бұл қай жер.

Ж) Анкара



5 тур Әлем халықтарының биі. Бұл кезеңде жребий тасталады. Сол арқылы екі топтан екі оқушы қағазда жазылған биді билеп береді.


Өзбек биі

Үнді биі

Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Қазақстан әлеміне саяхат» атты кешімізді осымен аяқтаймыз.

Қорытынды: Хор «Жаса Қазағым»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.11.2018
808
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі