400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан аумағында темірдің игерілуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Темір өндірудің адам өміріндегі өзгерісін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы



5.2. Ежелгі көшпелілер өмірі

Мектеп: Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп гимназиясы



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ажымова М.Е



Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

  • Қазақстан аумағында темірдің игерілуі.

Зерттеу сұрағы: Темір өндіру адамдар өмірін қалай өзгертті?



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  1. Темірден жасалған еңбек құралдарын атайды,

  2. Темір өндіру әдісін сипаттайды.

  3. Темір өндірудің адам өміріндегі өзгерісін анықтайды

Оқушылардың көпшілігі:

Темірден жасалған еңбек құралдарының тастан және қоладан жасалған еңбек құралдарынан артықшылығын көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

Дерек көздері арқылы тас дәуірі мен темір дәуірі арасындағы сабақтастықты көрсетеді.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Тақырып мазмұнын айта алады, темір дәуірін тас, қола дәуірімен салыстыра алады, ерекшеліктерін атай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Темір, тайпалық одақ, пеш-көрік

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Кен өндіру ісімен танысып, жазба жұмысын орындайды.

«Тірек - сызба» кестесін толтыру

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым бойынша)

1. Темір өндіру адам өміріне қандай өзгерістер әкелді?

2. Темірден жасалған еңбек құралдарының қандай ерекшеліктері болды?

3. Көшпелі мал шаруашылығына көшуге не себеп болды деп ойлайсыңдар?

Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдылары бойынша ұсыныстар:



Құндылықтарға баулу


Ұйымшылдық, ынтымақтастық, өзгенің пікірін құрметтеу, сын тұрғысынан ойлау, білім алуға дайын болу



Пәнаралық байланыс

Тарих, технология пәні



Алдыңғы білім

Қазақстан территориясында металлургияның пайда болуы.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі.

3 түрлі смайликтер арқылы топтарға бөлу.

1-топ- Темір

2-топ- Дәуір

3-топ- Ұста

ІІ. Сабақтың тақырыбын ашу. «Ой қозғау» «Топпен жұмыс»

Тапсырма: Суреттерді салыстырыңдар.

  1. Суретте не бейнеленген?

  2. Суреттердің қандай ұқсастықтары бар?

  3. Суреттердің қандай айырмашылықтары бар?

Оқушыларға – қалай ойлайсыңдар, сендер анықтаған айырмашылықтар қай дәуірде орын алған? Деген сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

Бағалау: Дайын жауап үлгісі бойынша

Оқушылар өздерінің жауаптарын дұрыс жауаптармен салыстырып «Бағдаршам» арқылы бағалайды.









Презентация

Сабақтың ортасы


«Жұппен жұмыс»

1- тапсырма: Неліктен б.з.б. ҮІІІ ғасыр мен б.з. ҮІ ғасыр аралығы темір дәуірі деп аталады?

Оқушылардың болжам жауаптары тыңдалған соң «Темір дәуіріне саяхат» атты мәтіннен нақты жауапты тауып, дәптерге жазу тапсырылады. 2-3 жұптасқан оқушылардың жауаптары тыңдалады, олардың жауаптарын толықтыру үшін келесі жұптарға өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі.

Бағалау: «Өзін-өзі бағалау» «Бағдаршам» әдісі

Жұптардың жауаптарына қарай мадақтау және көмек көрсету.

«Топпен жұмыс».

1-тапсырма. Адамдар темірді қалай өндіргенін анықтаңдар.

Оқушылар тапсырманы мәтінді оқу арқылы топпен орындайды.

Дескриптор:

- Пеш-көріктің пайда болуын түсінеді

- Пеш-көріктің құрылысын атайды

- Кен өндіру әдісін біледі


2- тапсырма: Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті?

Темірден жасалған еңбек құралдарының шаруашылық салаларына тигізген ықпалын тірек-сызбамен дәлелдеп түсіндіреді.


Shape2 Shape1

Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті?


Мал шаруашылығында...


Shape4 Shape3 Егін шаруашылығында...


Қол өнерде...

Интерпретация

Жұмыс нәтижелерін, оқушылар шығармашылық түрде көрсетулері тиіс.

  • Сурет салу

  • Фотоколлаж құрастыру

  • Постер жасау

Әр топ өзінің зерттеулерін қорғайды, бір-біріне сұрақ қояды.

Топтар бірін-бірі 2 жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

Кері байланыс:

Топтық жұмыс саған ұнады ма?

Қандай қиындықтар кездесті?

Өзің үшін қандай жаңалық алдың?


3-тапсырма: «Сұрақтарға жауап беріңдер»

Оқушылар слайдта берілген сұрақтарға топпен жауап береді.

Бағалау: Дайын жауап үлгісі бойынша

Топтар өздерінің жауаптарын дұрыс жауаптармен салыстырып өзін-өзі бағалайды.

«Жеке жұмыс»

1-тапсырма. «Саралау тапсырмасы»

1. Берілген суреттер бойынша үш сұрақ құрастыру.

Дескриптор:

-Сұрақты нақты құрастырады

-Терминдерді дұрыс қолданады

2. «Ұстаханадағы бір күн» деген тақырыпта 50-70 сөзден тұратын шағын әңгіме құрау.

Дескриптор:

-Әңгімені жүйелі құрайды

-Терминдерді дұрыс пайдаланады

-Әңгімені қорытындылайды

3. «Тарихи ақпарат» деген газетке темірді игерудің маңыздылығы туралы мақала жазу.

Дескриптор:

-Мақалаға тақырып қояды

-Темірдің маңыздылығын біледі

-Мақаланы дәлелді жазады


Сабақтың соңы


Рефлексия

Оқушыларға рефлексияны шақыратын мынандай сұрақтар қоямын:

- Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

- Сабақта қандай қиындықтар туындады?

- Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен

Бағдаршам әдісі арқылы өзін-өзі бағалау:


ҮІ. Үйге тапсырма:

  1. 48-49 бет оқу

Еліміздегі қазіргі темір өндіру туралы мәліметтер жинақтау


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, бір-біріне көмек көрсету жүзеге асырылады.

Әр тапсырма сайын оқушыларға кері байланыс арқылы қолдау көрсетіп отырамын. Тапсырманы орындауға қиналатын оқушыға жетелеуші сұрақтарды қою арқылы түсінуге бағыттаймын.

Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық, іздену тапсырмаларын, теориялық талдауды күрделендіріп беремін.

Оқушылардың үйренгенін тексеруде ашық сұрақтар, деңгейлік тапсырмалар, критерий, дескриптор, кері байланыс әдістерін қолданамын.




Оқушыларға алдын-ала кабинеттегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып өтемін.

Сабақ барысында АКТ арқылы слайдтар, кестелер көрсетіледі.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
2096
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі