Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.2А Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы

Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы.(2сабақ)

Мұғалімнің аты-жөні:Сағындықова Шолпан



Сынып: 6-Б


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау.

6.4.1.1 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ұлы Жібек жолының бойындағы қалаларды біледі.

Басым оқушылар : Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалын анықтайды.

Кейбір оқушылар: Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын талдайды, дәлел келтіреді.

Бағалау критерийі




- Ұлы Жібек жолының қалалардың дамуына тигізген әсерін біледі; (білу)

- Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалын анықтайды, талқылайды;( түсіну)

- Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын атайды, дәлелдейді. (бағалау)

Тілдік мақсаттар

Жаңа ұғымдар: көпестер, елшілік, керуен саудасы.

  • Ұлы жібек жолы бейнекөрсетілім. (тыңдалым, айтылым)

  • Мәтінмен жұмыс (оқылым, жазылым)

Құндылықтарға баулу

  • Жауапкершілік.

  • Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пəнаралық байланыс

  • География

  • Дүние жүзі тарихы

АКТ

  • АКТ, бейне материал, музыка, слайд

Тақырып бойынша
алдыңғы білім


Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен жібек саудасы туралы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин






























Қорыт ындылау

Сәлеметсіздер ме балалар! (Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру).

- Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық.

Бір жадырап қалайық,

Еңбек етіп ерінбей,

Жақсы баға алайық! –дей келе, бүгінгі сабағымызда сіздерге сәттілік тілеймін!

Сыныпты кеспе суреттер арқылы топқа бөлу.

1-топ. Керуен 3-топ. Тараз

2-топ. Отырар 4-топ. Жетісу


Үй тапсырмасы: Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының ролі.

«Ақылды қалпақ» әдісі.

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы туралы білетіндерін айтады. Оқушылар дөңгелене тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол бала сабақ туралы өз ойын ортаға салады.

Дескриптор:Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынас жолы екендігін біледі.

Қалыптастырушы бағалау:Мұғалімнің бағалауы (жарайсыңдар, керемет,өте жақсы)

«Бір минуттық ой» әдісі . Берілген сөздерге байланысты сөйлем құрайды (топпен жұмыс)

Қажетті сөздер: Жібек, бағалы тастар, мәдениет, асыл тұқымды жылқы.

Дескриптор: Жібек жолы арқылы сатылған басты тауарлар жайлы біледі.

Қалыптастырушы бағалау: Шапалақ әдісі арқылы

«Шындық па, жалған ба?» әдісі.

  • Жібек жолы батыс пен шығыс елдерін байланыстырды? (шындық)

  • Б.з.б. ІІ ғасырда алғаш рет Қытай елінен Батысқа жібек артқан керуендер жолға шықты (жалған)

  • Жібек жолының басы Отырар қаласынан басталады (жалған )

  • Жібек жолы бойында халқаралық сауда ІХ-ХІІІғ.басында ерекше дамыды (шындық)









1-топ. Керуен

2-топ. Отырар

3-топ. Тараз

4-топ. Жетісу




Музыка қалпақ


Жаңа сабақ.



Сабақтың ортасы

25 мин


«Ұлы Жібек жолы» бейнематериалының мазмұны тыңдатылады.

Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісін қолдану

Топтарға оқулықтан 4 түрлі тапсырма беріледі. Оқушылар бейнематериал мен мәтін мазмұны бойынша топтық тапсырмалар орындайды.

1-топ. ІІ-V ғасырлардағы жібек жолы. (кестені толтыру)


Уақыты

Болған оқиғалар

ІІ-Vғғ.



VІ-ХІІІғғ.



Жібек жолы 100 жылдықтар бойы



VІ- VІІІғғ.



VІғасырдың екінші жартысында




2-топ. Жібек жолының бағыттары. (жібек жолының бағыттарын жазу)

Shape1

Shape2 Shape3




ЖShape4 Shape5 ібек жолының бағыттары

Shape6 Shape7


3-топ. Жібек жолының тарихи маңызы.

Жібек жолы ..... өркендеуіне әсер етті:

1.__________________________________________

2.__________________________________________

3.__________________________________________

4.__________________________________________


4-топ. «Жібек жолы» бағдарламасы. (сәйкестендіру жұмысы)


  1. Қытай Халық Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Республикалары ұсынысымен

А ) Ұлы Жібек жолы бағыттарымен жүзжылдықтар бойы елдер мен халықтар арасында байланыстың, сауда қатынастары мен өзара мәдени ықпалдастықтың болғанын ашып көрсету

  1. Бағдарламаның негізгі мақсаты

Ә )Сақтауға да ерекше көңіл бөлді

  1. «Ұлы Жібек жолы» атты қорытынды конференциясы

Б ) Ұлы Жібек жолы 2014ж. ЮНЕСКОНЫҢ әлемдік мұра тізіміне енгізіліп, бағдарламасы қабылданды

  1. ЮНЕСКО көне мәдени құнды мұраларды зерттеумен қатар

В ) «Жібек жолының» 30-дан астам тарихи және археологиялық ескерткіштерін енгізді

  1. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне

Г ) Парижде ұйымдастырылды

  1. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан

Д ) Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолының Қазақстан жері арқылы өтетін бөлігі мыңдаған шақырымды құрайды

Дұрыс жауап:1-Б, 2-А, 3-Г, 4-Ә, 5-В, 6-Д

Дескриптор:

  1. Мәтін бөліктері мен мағынасын түсінеді.

  2. Мағынасына сай сызба кестелерді толтырады.

  3. Жібек жолының негізгі бағыттарын біледі

  4. Жібек жолының тарихи маңызын сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі арқылы топтар арасында өзара бағалау.

Картамен жұмыс. (жұптық жұмыс)
Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы

Картада Ұлы Жібек жолының бойындағы Тараз, Испиджаб, Отырар, Талғир, Меркі, Сауран, Сығанақ қалаларын көрсетіңіз.

Дескриптор: Орта ғасырларда Жібек жолының бойындағы қалалардың орналасуын біледі.

Қалыптастырушы бағалау: мұғалім бағалайды (жарайсыңдар, керемет,өте жақсы)

"Көш керуен" ойыны. (жеке жұмыс).


1. Жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі: (VІғ.)
2. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел? (Соғды елі)
3. Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған? (Б.з.б Іғ. ортасында)

4. Жібек жол арқылы таралған діндер? (Христиан, буддизм,)
5. Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?(қытай немесе болгар бұрышы)
6. Орта ғасырдағы көпестер қаласы атанған: (Тараз)
7. Қытайдың фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған? (Талғар, Испиджаб, Отырар т.б)
8. Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар табылған қала? (Тараздан)

  • Жабық тест тапсырмасы

1. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс пен Батысты байланыстырған жол:

А) Нефриттік жол; В) Варягтан Грецияға дейінгі жол;

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2020
525
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12