400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
- Физикалық география салаларының зерттеушілерін анықтай алса; - Экономикалық география салаларының зерттеушілерін анықтай алса; - Саяхатшылардың жолдарын картадан көрсте алса; - Осы саяхатшылардың ашуының маңызын түсіндіре алса;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:


Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды.

Бағалау критерийлері:

1.Қазақстанның жер бедерінің қалыптасуын геологиялық тарихымен байланыстыра отырып, түсіндіреді;

2.Қазақстанның тектоникалық картасынан тектоникалық құрылымдарды: ежелгі және жас платформаларды, қатпарлықтарды анықтайды.


Тілдік мақсаттар


Қазақстанның тектоникалық құрылымын, жер бедерінің қалыптасуын ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Жер бедері, геологиялық даму тарихы, геохронологиялық кесте, дәуір, кезең, платформа, плита, қатпарлық,

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Қазақстанның геологиялық даму тарихы …

Қазақстанның тектоникалық құрылымының ерекшеліктері …

Ежелгі/жас платформаларға … жатады.

Құндылықтарды дарыту


Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Жер қыртысының қозғалысын түсіндіру барысында физикамен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім


Оқушылар жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын біледі.

Бастапқы білімді жаңғырту жер бедерінің қалыптасуына әсер ететін күштерді анықтау барысында жүзеге асады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


0-5 мин














5-8 мин

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту.
Оқушылар алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында суреттермен жұмыс жасайды.

Оқушылар суреттер бойынша жер бедерінің түрлерін анықтап, пайда болуын түсіндіреді.

Дескрипторлар

Оқушы

-Суреттер бойынша жер бедерінің түрлерін анықтайды;

-Жер бедерінің түрлерін сипаттайды;

-Қалыптасуына әсер ететін күштерді атайды.

Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

-Осыдан бірнеше миллион жыл бұрынғы Қазақстанның жер бедерін елестетіңіздерші!

-Ол қандай болды? Қазіргі жер бедерінен айырмашылығы болды ма?

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды.


















Сабақтың ортасы

8-10 мин



10-20 мин


























20-22 мин







22-25 мин







25-35 мин

4. Мұғалімнің түсіндірме жұмысы

Мұғалім оқушыларға геохронологиялық кестені түсіндіреді.

5. Кестемен жұмыс

Оқушылар мәтінге сүйене отырып, Қазақстанның геологиялық даму тарихы бойынша кестені толтырады.

Эра

Қатпарлық

Жер бедері қандай болды?

Кайназой



Мезозой



Палеозой



Протерозой

Архей



Дескрипторлар

Оқушы

-Архей, протерозойдаға қатпарлықты анықтайды, сол уақтыттағы жер бедерін сипаттайды;

-Палеозойдағы қатпарлықты анықтайды, сол уақтыттағы жер бедерін сипаттайды;

-Мезозойдағы қатпарлықты анықтайды, сол уақтыттағы жер бедерін сипаттайды;

-Кайназойдағы қатпарлықты анықтайды, сол уақтыттағы жер бедерін сипаттайды.

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді.

6. Бейнеролик тамашалау «Сарыарқа»

https://www.youtube.com/watch?v=oTLroscH-xc

Бейнероликтен кейін мұғалім сұрақтар қояды:

-Сарыарқа таулары қандай эрада және қатпарлықта пайда болды?

7. Терминдермен жұмыс

Тектоника, тақта, платформа, қатпарлық ұғымдарын анықтау.

Тектоника-жердің қыртысы мен жоғары мантиясының құрылымдарын ғаламшардың уақыт пен кеңістікке жартылай бағыттала дамуымен байланыстыра зерттейтін ғылым.

8. Картамен жұмыс

Қазақстанның тектоникалық картасы бойынша ежелгі және жас платформаларды, қатпарлы аймақтарды анықтайды. Нәтижесін кескін картаға түсіреді.

Дескрипторлар

Оқушы

-Карта бойынша ежелгі платформаларды анықтап, кескін картаға түсіреді;

-Карта бойынша жас платформаларды анықтап, кескін картаға түсіреді;

-Карта бойынша қатпарлы аймақтарды анықтап, кескін картаға түсіреді;

-Кескін картамен жұмыс жасау ережелерін анықтайды.

Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кері байланыс ұсынады.

9. Сабақты бекіту.

Сабақты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  • Қазақстан аумағындағы жазықтар мен таулардың таралуында қандай ерекшеліктер бар?

  • Қазақстан аумағы палеозой дәуірінде қандай болған?

  • Каледон тау түзілу процесінде қандай таулар түзілді?

  • Герцин қатпарлы дәуірінде қандай таулар түзілді?

  • Альпі қатпарлығы Қазақстанның жер бедеріне қалай әсер етті?

  • Қазақстан жеріндегі жас платформаларды атаңыздар.

Қабілеті жоғары оқушылар күрделі сұрақтарға жауап береді және тақырып бойынша қорытынды жасайды.







Қосымша 1,3




















Бейнеролик










Қосымша 2

Сабақтың соңы:

35-40

10. Кері байланыс

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Қабілеті жоғары оқушылар сабақ бойынша қорытынды жасайды.

Бастапқы білімді еске түсіру барысында формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Кестемен жұмыс, картамен жұмыс жасау барысында формативті бағалау жүргізу.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
3349
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі