Материалдар / Қазақстан азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақстан азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында" тақырыбында математикалық-жаратылыстану бағытындағы сыныптарда 11- сыныпта ашық сабақ өткізуге тарих пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1856
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«2Ақсуат орта мектебі» КММ












Ашық сабақ жоспары


11 – сынып


Тақырыбы: Қазақстан азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында























Пән мұғалімі: С. Сырлыбаев




2017 – 2018 оқу жылы


Күні: 29.11.2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Азамат соғысының Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдары, салдары және сол жылдары (1918-1920 жж) жүргізілген экономикалық саясат туралы білім беру;

Дамытушылық: ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғалар туралы көзқарас қалыптастыру, өткен тарихи оқиғалармен салыстыра білу дағдыларын жетілдіру, дербес ойлау, пікір білдіру машықтарын дамыту;

Тәрбиелік: Өткен тарихқа құрметпен қарауға, ұлттық қасиеттерді, ерекшеліктерді силауға, әр істе әділ болуға тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: топтық жұмыс

Көрнекілігі: слайд, фломастерлер, кубик


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасып, түгендеу

Шаттық шеңбері

Топқа бөлу: Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.


І-топ: Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады


ІІ-топ: Білім басы бейнет,

Соңы зейнет

Топ басшысын сайлау,

Топ ережесін беру: 1. Топта бірін-бірі тыңдау,

2. Әркімнің пікірі құнды,

3. Білмеген сұрақтарына көмектесу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Кубик» стратегиясы арқырлы үй тапсырмасын сұраймын.

Кубиктің әр қабырғасын нөмірлеймін, әрбір нөмір бір сұрақ болады. Екі топқа жеке-жеке сұрақтар қоямын.

І топқа.

  1. Алашорда үкіметі қай жылы құрылды?

  2. Алашорда үкіметінің төрағасы кім?

  3. Алашорданың қазақ тарихындағы алар орны, маңызы қандай?

  4. Алаш партиясы бағдарламасы неше бөлімнен тұрды?

  5. ІІ Жалпықазақ съезі қашан және қай қалада болды?

  6. Алаш үкіметінің құрылуында «Қазақ» газеті қандай қызмет атқарды?


ІІ топқа.

  1. Алашорда үкіметі мүшелерінің саны?

  2. Алашорданың уақытша орналасқан жері?

  3. ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғаларды Алаш үкіметімен байланыстыр.

  4. «Оян, қазақ!», «Маса» өлеңдерінің авторлары кім және ол өлеңдердің тақырыбы неліктен осылай аталды?

  5. Алашорда үкіметі мүшелерінің саны?

  6. Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлерін ата?

Үй тапсырмасын қорытындылау. Алашорда үкіметінің мақсаты мен тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мақсатында қандай ортақ белгілер бар?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Алашордашылар мен ақ гвардияшылардың билік үшін тартысы кімдерге қарсы бағытталды? деген сұрақпен байланыс жасай отырып жаңа сабақты бастаймын. Яғни бастапқыда Алашордашылар, ақгвардияшылар бір топта болып большевиктерге қарсы «Азамат соғысын бастаған» еді.


Күні: 29.11.2016 жыл.

Жаңа тақырып: Қазақстан азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында

«Жигсо» стратегиясы бойынша мәтін талдау

Оқушылардың өздеріне мақсат қойдыру.


Критерийлер

Дискрипторлар

1









Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдары

  1. Азамат соғысы дегеніміз не?

  2. Азамат соғысының ұзаққа созылып, шиеленісіп кетуінің себептері не?

  3. Ақгвардияшыларға қарсы күресу үшін большевиктер қандай шаралар жүргізді?

  4. Черкасск қорғанысы қанша уақытқа созылды?

  5. Партизан соғысы қандай топтарға бағытталды?

  6. Партизан соғысы кең өріс алған өңір?

  7. 1919 жылы қыркүйекте жойылған майдан?

  8. 1920 жылы қаңтарда жойылған майдан?

  9. Шығыс майданының бесінші армиясы қолбасшысы кім?

  10. Солтүстік Жетісу майданы жойылған жыл?

  11. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Алаш зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізген қайраткер?

  12. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алашорда мүшелеріне кешірім жариялаған мерзім?

  13. Азамат соғысының салдарлары қандай болды?



Критерийлер

Дискрипторлар

1










Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат

  1. Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық саясат қалай аталады?

  2. «Әскери коммунизм» саясаты қандай қажеттіліктен туындады?

  3. Азық-түлік мәселесін шешу үшін енгізілген төтенше шара?

  4. Азық-түлік салғыртының мәні?

  5. Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастаған мерзім?

  6. Әскери коммунизм саясаты неден көрініс берді?

  7. Азық-түлік салғыртының салдары неден көрініс берді?

  8. Әскери коммунизм саясатына қарсы көтеріліс ошақтары пайда болған губерниялар?

  9. Кеңес үкіметінің әскери коммунизм саясатынан кейін жүргізген экономикалық саясаты?

«Өкіл» ойыны стратегиясы арқылы топ мүшелерінің сабаққа белсенді қатысуын жүзеге асыру.


ІV. Сабақты бекіту.

  1. Сонымен, азамат соғысы қай жылдар аралығында болды және салдары қандай болды?

  2. Азамат соғысы қандай майдандарда жүрді?

  3. Азамат соғысы жылдарында экономикалық саясат қалай жүргізілді?


«Тарихи диктант»

Азамат соғысы дегеніміз – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы.

Интервенция – бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне күш қолдану арқылы араласуы.

Әскери коммунизм – Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918 – 1920 жж) жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саясаты.


Қорытындыда оқушыларға сабақ басталғанда қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме? - деген сұрақ қоямын.


V. Бағалау. Топ басшысы топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бағалайды


Оқушының аты-жөні

Біледі

Салыстыра, байланыстыра алады

Көзқарасын білдіре алады

1





2





3






VІ. Үй тапсырмасы. § 21. Қазақстан азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында. Мазмұндау, тақырыпқа сұрақ-жауап жасау.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!