Үй тапсырмасын
сұрау
WordWall
платформасы
Қазақстан азаматтық
қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)
1.Большевиктер қалайша тез
арада билікке ие болды?
2. Қазақ халқы большевизм
идеясын неліктен жат құбылыс ретінде
қабылдады?
3. Қазақстанда Кеңес
өкіметінің орнауының қиындықтарын атаңыз.
4. Жер туралы саясаттың мәні
неде?
Бағалау. Банкноттар
арқылы
І.Жаңа сабақ.
Түсіндіру
Қазақстан азаматтық
қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)
Уақытша үкіметтің әлсіздігі,
елде қосөкіметтілік жүйенің орнауы,әлеуметтік-экономикалық ахуалдың
төмендеуі халықтың көп бөлігінің наразылығын тудырды. Ірі
қалалардың жұмысшылары, матростар, мен солдаттар ерекше белсенділік
танытты. 1917 жылдың жазының ортасы мен күзінде саяси ереуілдер
жиілеп, бірқатар жерлерде ереуілшілер кәсіпорындарды басқаруды өз
қолдарына алды. Бүкіл елде Кеңестердің большевиктенуі басталды.
1917 жылы 25 қазан күні қарулы төңкеріс жасалып,
Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын
жариялады. Үкімет міндетін атқару В.И.Ульянов басқарған Халық
Комиссарлар Кеңесіне берілді. Кеңестердің ІІ Бүкілресейлік съезі
В.И.Ленин даярлаған екі негізгі декретті
қабылдады.
ІІ. Топтық жұмыс. «Кім?
Қашан? Қайда?» әдісі
Шарты: Оқушылар
«Кім? Қашан?
Қайда?»
әдісі
бойынша тапсырмаларды
орындайды.
«Азат» тобы: Әскери
интервенцияның басталуы
«Бейбітшілік» тобы: Омбыдағы
Уақытша Сібірлік үкімет
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір
ұсыныс»
ІІІ. Жұптық жұмыс. «PEST
талдау» әдісі
Шарты: «PEST
талдау» әдісі арқылы тарихи мәтінмен
жұмыс жасайды.
Экономикасы
Саяси жағдайы
Технологиялық
Әлеуметтік
PEST
Бағалау. Банкноттар
арқылы
ІV. Жеке
жұмыс. «Ұяшықты
таңда» әдісі
Шарты: «Ұяшықты
таңда» әдісі әдісін пайдалана отырып,
оқушылар экранда жасырылған сұрақтардың жауабын
табады.
1.Владимир Ильич Ленин дүниеге
келген уақыт: 1870 ж
2.Бір немесе бірнеше
мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне күш қолдану арқылы
араласуы, оның егемендігін бұзуы:
интервенция
3.Омбыда құрылған Уақытша
Сібірлік үкіметті кім басқарды? Адмирал
Колчак
4.Большевиктер билікке
келгеннен кейін елде басталған жағдай: Азамат
соғысы
5.Орыс селолары мен қазақ
ауылдарына қырғидай тиіп, ерекше қатыгездік танытқан атамандар:
Дутов пен Анненков
6.Контрреволюциялық күштердің
қолына қараған Қазақстанның бөліктері: Солтүстік және Шығыс
Қазақстан мен Орталық Қазақстанның көп
бөлігі
Бағалау. Банкноттар
арқылы
Сергіту
сәті
V. Жеке жұмыс. «ZipGrade»
платформасы
Шарты: «ZipGrade» платформасы арқылы
тест жұмысын орындайды.
1.Азамат соғысы салдарынан
Қазақстанда көмір өндіру 1913 жылмен салыстырғанда қысқарды? А)4
есе В)5
есе С)2 есе Д)6 есе Е)9
есе
2. «Үш жүз» партиясының
негізін қалаған: А)К.Тоғысов В)С.Сейфуллин
С)М.Әйтпенов Д)О.Исаев
Е)С.Арғыншиев
3.Қазақстан аумағындағы Азамат
соғысының 1920 жылғы соңғы майданы:
А)Солтүстік Жетісу
майданы В)Сыртқы Каспий маңы С)Шығыс
майдан Д)Орынбор майданы Е)Торғай майданы
4.Колчак армиясы жеңіліске
ұшыраған жыл: А)1915 жыл В)1916 жыл С)1917 жыл Д)1918
жыл Е)1919
жыл
5.Қай жылы кеңес елінің
аумағында шетелдік соғыс интервенциясының өрті
тұтанды?
А)1902 жыл В)1906 жыл С)1910 жыл Д)1914 жыл Е)1918 жыл
6.Азамат соғысы жылдарында
кімнің экспедициясы Ақтөбе майданың
қару-жарақ,
дәрі-дәрмекпен қамтамасыз
етті? А)Ә.Жангелдин В)О.Исаев
С)С.Арғыншиев
Д)М.Масанчи
Е)К.Тоғысов
7.Кеңестердің ІІ Бүкілресейлік
съезі В.И.Ленин даярлаған нешеуден тұратын декретті қабылдады?
А)5 В)2 С)3 Д)4
Е)5
8.Жангелдин Әліби қай жылдары
өмір сүрді? А)1776-1944 жж В)1884-1953 жж
С)1779-1956 жж Д)1881-1956 жж
Е)1886-1961 жж
9.Азамат соғысы салдарынан
Қазақстанда мұнай өндіру 1913 жылмен салыстырғанда неше есеге
қысқарды? А)2 В)3 С)4 Д)5
Е)6
10. Қазақстандағы Азамат
соғысының ең алғашқы ошақтарының бірі қай қалада пайда болды?
А)Жетісу В)Торғай С)Семей Д)Орынбор Е)Астрахан
Бағалау. Дайын жауап
парағы
|