Материалдар / «Қазақстан –Байтақ елім»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақстан –Байтақ елім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отанын сүюге, мақтаныш етуге, еліміздің нағыз азаматы бола білуге тәрбиелеу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қазақстан –Байтақ елім»   

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының тамыры терең тарихын еске түсіру. Оқушылардың білім деңгейін топтық жұмыс барысында арттыру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін таныта білуге үйрету. Оқушылардың тілін, ой-өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын, қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылыққа баулу.Отанын сүюге, мақтаныш етуге, еліміздің нағыз азаматы бола білуге, ұйымшылдыққа,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: «Қазақстан» суреттер, слайд, видеофильм, сызбалар, түсті қағаздар.

  Сабақтың барысы. Әнұран орындалады.

 1.Кіріспе бөлім

Сұрақтар:

1.Отанымыз қалай аталады? / Қазақстан /

2. Қазақ елі қандай мемлекет? / тәуелсіз /

3.Тәуелсіздікті қашан алды?  / 1991 жыл /

4. Мемлекеттік  тіліміз қай тіл? / қазақ тілі /            

 Республика күні мерекесі құтты болсын! Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.

Тәуелсіздік, еркіндік - ежелден елдің тілегі.  Тәуелсздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы  ғасырлық күресі. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

Видео тамашалау

Алматы қаласында болған жастар көтерілісі  халық жүрегінде мәңгі сақталады. Өмір-өзен толқындары бізді әйгілі 16-желтоқсан оқиғасынан  уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да жүректерімізде дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн ішінде қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне  деген  тағзым,  құрмет ... .

Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

 Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Тәуелсіздіктің белгісі неде? (Рәміздеріміз, мемлекеттік тіліміз, ұлттық валютамыз бар). 

Қазақстанның мемлекеттік  рәміздерін  атау. Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Гимні  бар.

Гимннің авторлары кім?

Гимннің  авторлары:  Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев

Тудың  авторы кім?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.

Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.

Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторлары кім?

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі.  Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай. Авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов

Балалар бір сергіп алайық.

 -  Мақал-мәтелдерді толықтырып жазу 

1. Халықтың ортақ үйі ...  ( Отаны )

2. Отан - ....      ыстық       ( оттан да )

3. Туған жердің  ......      ыстық,   .....   ыстық  (күні де, түні де )

4. Отансыз адам - .....   ( ормансыз бұлбұл )       

5. Өзге тілдің бәрін біл, .....  ( өз тіліңді құрметте )

6. Өз елім - ... ( өлең төсегім )

7. Туған жердің жері  де  ..... , елі де     .... ( көрікті, сүйікті )

8. Найзасыз   .....   болмайды,  таңбасыз   .... болмайды. ( ел,  ер )

 

Өлеңді  тиісті  сөздермен  толықтырып жазады.

 

Мен  оның  ............... сүйем, күнін сүйем,

Ағынды  ..............., асқар тау,  ...................  сүйем.

Мен  оның  .............................. тілін сүйем,

Мен  оның  .............................. үнін  сүйем.

Бар  ....................  сүйемін  қыбырлаған,

Бәрі  маған  ......................... – деп сыбырлаған.

 

Тиісті сөздер: қасиетті,  түнін,  Отан,  құдіретті,  жәндігін, өзен,  гүлін.

 - Біздің еліміз-бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, дем алуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тек субъекті ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтық құқықтарына нұқсан келтірмейді.

 

Төбем көкке жетпей қалды бір елі,

Енді міне бүкіл әлем біледі.                                                                                                                          Қазақ деген жомарт халық едік қой,

Аузын ашса көрінетін жүрегі.

Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан,

Бізге қарап жол түзейді адасқан. 

Қорытынды:   Республика күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге  әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек.  Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі " Қазақстан- байтақ елім "атты тәрбие сағатымыз аяқтаймыз. 

 




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!