"Қазақстан-байтақ елім" тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан-байтақ елім" тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қазақстан – байтақ елім!


Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмететуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халықтың тегі мен тарихын білуге,ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік тұғырын берік ұстауға, нағыз ұлтжанды, мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері,суреттері,



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


Самал:

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

Ғажап қой сұлу көктем, жазың әне,

Тыңдарсың он журектің сазын әлі,

Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың түнган байлық,қазыналы.

Сен неткен Отан-Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер,Ұлы Отан- Қазақ елім!

Абылай:

Егемен елім десем сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,

Алаштың ерлері бар асыл өткен.

Арманым болмас еді туған елім,

Гүл жайнап қазақ болып тасып өтсем!

Арғы атамыз арыстандай сақтар да,

Ет жүрегі саған сырын ақтарған.

Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,

Сонау шалғай,сол бір шалғай шақтардан.

Расул:

Мына заман қай заман,қысқа заман,

Бақтың құсы алаштан ұшқан заман.

Аспаннан шаң мен топырақ борайды,

Күн суық қаңтардағы қыстан жаман.

Қазақтың қайда жиын мерекесі?

Ел,ауыл,жердің кетіп берекесі.

Ханзада,ханым болып өскен ұл-қыз,

Қай елдің болып кетеді келекесі.

Мөлдір:

Қалса да қайда жерің,қайда көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Әуелден ірі едің ғой,ұлы едің ғой,

Шырқырап жұртың үшін осы күнді.

Өр едің өліссең де беріспеген,

Ел едің еншісін де бөліспеген.

Ежелден елдігіңе сенген шығар,

Ешкімге залалың жоқ бейбіт ел ең.

Айгерім:

Қазақтың сан рет қуғын- сүргінге

ұшырағаны тарихтан белгілі. Отаршылдық жүйеге

қарсы қазақ халқының наразылығы бірте-бірте саяси

қарсылыққа ұласты. Бұл қарсылықтың шоқталған

көрінісі 1916 жылғы халықтық соғыс болды.

Кеңестік жүйенің зорлық- зомбылық жасауда,

қоғамды қайта құрып, эканомикалық саяси және

мәдени-әлеуметтік мәселелерді шешудің құралы

ретінде пайдалануды «Жаппай террор» жылдары шарықтатты.

Нұриса:

Қазақстан Рееспубликасының жер

көлемі 2417,3мың шаршы шақырым жерді алып

жатыр, яғни республикамыздың территориясына

жеті мемлекет сияды. Мысалы:Норвегия,

Швеция, Франция, Германия,Португалия, Испания, Италия.

Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде

9-шы орында, ал ТМД елдері бойынша

2-ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес,

олар Ресей, Қытай, Өзбекстан,

Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады.

Қазақстанда 14 облыс, 85 ірі қалалар бар.

Ел ордасы-Астана қаласы.


Қазақстан туған елім,

Алтын бесік – Ақ ордам.

Даңқың сенің арта берсін,

Елім менің жаңарған.


Мұғалім сөзі:

Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз?


Мақсат:

Біздің Қазақстан Республикасы өте

бай мемлекет. Бізде алтын, темір,мырыш,,күміс

,көмір,мақта, газ, мұнай ,бидай, яғни бір сөзбен

айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің

99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі.

Қазақстанда 6000 – нан астам пайдалы қазбалар бар.

Ей, қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер- суын қорғау бабаның,

Емес пе еді басты ұраны!


Үміт:

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Көк аспанда алтын күн,

Көк аспанда жас қыран.

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында,

Көгереміз көктейміз.


Динара:

Қыран бүркіт көмкерген,

Күлімдеген күні бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес біліп ал.

Мағыналы,сымбатты,

Бізде осындай бар белгі.

Маған,саған қымбатты,

Елтаңбасы ол елдің.


Азамат:

Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті

керемет нәрселерді адамдар қолынан жасап

шығарады. Мен сендерден сұрағым келіп тұр

осы рәміздеріміздің авторларын білесіздер ме?

Әнұранның авторы кім?


Ғайнижамал:

Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.


Тудың авторы кім?



Бексұлтан: Ш.Ниязбеков.



Елтаңбаның авторы кім?


Әсем:

Ж.Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.


Қазақстан Республикасының

мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн

бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны және

ұлттық ою - өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан,

бейбітшілік белгісі.

Күннің нұр шұғыласы – байлық пен

берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.



Қыран бүркіт – тәуелсіздіктің белгісі.

Өрнек – салт – дәстүріміздің белгісі.


Жансая:

Қазақстан – Республикасының

Елтаңбасының бастысы шаңырақ.

Шаңырақ киіз үйдің күмбезі. Ол күн

бейнесін, ал уықтар одан тарап жатқан алтын

сәулелері.

Қазақта «Ат - адамның қанаты» деген мақал бар.

Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы,

оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке

жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы әр адамның

өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты.

Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз

«жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл

арманын айтып тұрғандай.


Ән: «Қазақ елі» Ізтұрғанова Динараның орындауында.


Бақтыгүл:

Елімізде әрқашан береке –

бірлік болсын деген ниетпен «Қазақстан-

кең байтақ Отаным!» атты тәрбие

сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер!


Назарларыңызға рахмет!








































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.12.2017
1073
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі