400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Қазақстан бірлік пен достықтың мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКҚК №39 "Хиуаз" балабақшасы

"Бекітемін"

№39 "Хиуаз" балабақшасының әдіскері

Алмағамбетова З. Қ _________________










Тақырыптық оқу қызметі

Тақырыбы: "Қазақстан бірлік пен достықтың мекені"

№9 "Ақкөгершін" тобы















Тәрбиеші: Узакбаева В. А














Ақтау 2021 жыл

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: "Қазақстан бірлік пен достықтың мекені "
Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін көтеріп, өздеріне ұнайтын шар, жалаушаның суретін салдыру. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, , сурет салу құралдары.
Салалық байланыс: Шығармашылық, таным.
Мотивациялық қозғаушы:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші.
- 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі.
Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мереке бар екен. Ол мереке 1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.
Іздену ұйымдастырушы:
- Балалар біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
- Біз қай тілде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде.
Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.

Қане балалар бәріміз экранға қарайық.
1 – слайд: Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру.
Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді.

2 – слайд: Экраннан Астана қаласы орталық алаңда өткізіліп жатқан шеруді тамашалау. (түсіндірме беру)
Ертең 1 мамыр мерекесі. Біздің де Маңғыстау халқы орталық алаңға осындай салтанатты шеруге шығады. Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді.
Балалар, ертең біз мерекеге барғанда қолымызға не ұстап шығуға болады деп ойлайсыңдар?
- Шар, жалауша.
- Дұрыс айтасыңдар, біз мерекеге шар, жалаушалар ұстап шығуымыз керек. Олай болса осы мерекеге арналған шарымыз бен жалаушаларымыздың суретін салайықшы.
- Жалауша қандай пішінге ұқсайды?
- Тіктөртбұрышқа
- Түсі қандай болады?
- Көк болады.
- Ал шар қандай пішінге ұқсайды?
- Домалақ, сопақша.
- Түстері қандай болады?
- Қызыл, көк, жасыл, т. б
Жарайсыңдар балалар, жалаушамыздың түсі көк, пішіні тіктөртбұрышты, ал шарларымыздың түстері әр түрлі, пішіндері домалақ, сопақша болады екен. Қане алдарыңдағы қағазға өздеріңе ұнайтын шар мен жалаушаның суретін салайық.(Балалар өз қалаулары бойынша ұнайтын суреттерін салады)

Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. (өлеңге сәйкес қимылдар жасайды)
Балалар сендер достық, ынтымақ туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Ырыс алды – ынтымақ.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Ұрыс, ырысты қашырар
Ынтымақ, халықты асырар.
Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын. Ал мен сендерге ертең 1 мамыр мерекесіне барғанда қолдарыңа ұстап баратын
шар берейін. Ертеңгі мерекеде әдемі болып жүріңдер.
Біздің достығымызды білдіретін «Достық» әнін айтайық.

Күтілетін нәтиже:
Білуі; Балалар 1 мамыр мерекесі Қазақстан Халықтар бірлігі күні екенін біледі.
Меңгеруі: Өз Отанын сүюді, қорғауды, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуді үйренеді
Игеруі: Әр ұлттардың киім ерекшеліктерін біледі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі