Материалдар / Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
538
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 Наурыз «АНАШЫМ-КҮНІМ!»

Әуен ойнап тұрады,балалар қолдарындағы жүрекше шармен залға кіреді.

Ән: «Ақ дидарлы анашым»

Жүргізуші:

Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем мезгілі , жылылық пен әсемділік сыйлайды.

Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар,ұлағатты тәрбиешілер !Өздеріңізге арналған мерекемізге қош келдіңіздер.Сонымен қошақан тобының

«АНАШЫМ-КҮНІМ» атты ертеңгілігін бастаймыз.

Балалар тақпақтарын айтады /баяу әуен қойылады/

Айдана :

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!

Мариям :

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.

Аяулым

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Наби :

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

Али :

Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.

Нұрдәулет :

Анамыздың мейірлі
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз.







Нұрбақыт :

Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.


Ерсұлтан :

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

Ерасыл :

Мен гүлдердi жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзiн тындаймын
Анашымды сыйлаймын


Алинұр :

Әжем менің, ақ әжем
Ақыл беріп үйреткен.
Аппақ әжем, пәк әжем,
Мейіріммен тербеткен.

Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.


Рауан

Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.


Каусар :

Ана әнмен тербетеді

Күнге бөлеп жаныңды ,

Көңіліңді сергітеді

Балбыратып әніңді

Давид :

В день 8 марта
Им несут букеты

Яркие подарки

Вкусные конфеты


Заңғар :

Ана біздің гүліміз

Ана біздің гүліміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз

Жүргізуші:

  • Балалар,Көктем ханшайымы кешігіп жатырғой,көктем ханшайымсыз аналар мерекесін өткізе алмаймыз.

Осы кезде 4.жағымсыз әуен қойылып қатігез Қар қызы залға кіреді.



Қатігез қар ханшайымы:

  • Мен тұрғанда еш жерде көктем болмайды.

Жүргізуші:

-Сәлеметсіңбе Қар ханшайымы.Біз Көктем ханшайымын күтіп отырмыз

Қатігез қар ханшайымы:

  • Бәрі де кеш!Көктем ханшайымы мәңгілік ұйқыға кетті,сендер оған көмектесе алмайсыңдар.

Жүргізуші:

  • Балалар,мен тапқан сияқтымын,сендер көктем туралы ән білесіңдер ме?

  • Балалар: - Иә!

Жүргізуші

  • Олай болса көктем аруына көмектесейік! Кәне балалар біз қәзір бәріміз көктем әнін айтып ,көктем ханшайымын оятайық

(Көктем әнін музыка жетекшісі бір шумағын айтады ,осы кезеңде

Қар ханшайымы болса ашуланып залда айнала бастайды)



Қатігез қар ханшайымы:

  • Жоқ,жоқ естігім келмейді!Тоқтатыңдар!Жоқ!

Құлағын жауып сахнаның артына тығылып қашып кетеді.Осы кезде

5.әдемі әуен қойылып,Қар ханшайымы кірген жерден Көктем ханшайымы шығады.



Көктем ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер балалар!Рахмет сендерге балалар,сендер болмағанда мәңгілік ұйқыға кетер едімғой.Неге көңілдеріңіз түсіп кеткен?Қане бәріміз көктем туралы ән шырқайық!

6.ӘН. Көктем Көктем ханшайымы:

Тамаша!Қандай жақсы.Балалар,енді мен балалармен би билегім келіп тұр

Би: «гүлдер» биі

-Рахмет сіздерге,сезімтал екенсіздер.Балалар менің әлі де ұзақ жол жүруім керек.Сендерді барған жерімде мақтай жүремін.Жасаған батылдықтарыңды ешқашан ұмытпаймын.Қош сау болыңдар!

Көктем ханшайымы жағымды әуенмен балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші : Ал енді қонақтар біздің біздің бүлдіршіндеріміздің «жентельмен» биін қабыалыңыздар .

Би : «Жентельмен»

(Күннің күркіреген дыбыстары )

Жүргізуші: Балалар ,бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты

  • Тамшылар!Бұл жаңбырғой!Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры балалар. Осы кезде

  • 9.әуенмен жаңбыр залға кіреді.

Жаңбыр:

  • Алақай!Бұл- мен! Мен Жаңбырмын!Армысыңдар балалар мен аналар!Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын,өсімдіктерді суарамын.Міне көктем де келіп жетті.Осы өлкеге келгеніме өте қуаныштымын.Ал сендер қуаныштысыңдарма? Көңіл күйлерің қалай?

  • Иә!Қуаныштымыз!

Жаңбыр: Балалар,мен қыс мезгілінде аппақ қар болдым,ал көктем мезгілі келісімен жылы жаңбырға айналдым.

Балалар сендер ойын ойнағыларың келеме?

  • Тамаша! Мен сендермен ән шырқаймын көңіл көтеремін ойыншылмын!Әсіресе ойнағанды ұнатамын.

Ойын :Ыстық орындық :Ортаға 5 баладан шығады :Музыка әуені тоқтаған кезеңде орындықтарға кезекпен отырып үлгеруі керек,ойын осылай жалғаса береді .

Жүргізуші:

  • Айттымғой Жаңбыр!Балаларымыз өте ақылды,ойнағанды жақсы көреді !

Жаңбыр:

  • Иә,риза болып тұрмын.Балалар тағыда сіздерге арнаған тосын сыйым бар.Мына себеттегі аспаптарды алып әуен айтамыз.

12.ӘН - ОРКЕСТР. «Кап – кап ,тук,тук!» Тереземді кім қақты

Жаңбыр :

  • Тамаша Балалар,білімді екенсіңдер!мен сендермен көңіл көтеремін деп өз анамды мерекесімен құттықтауға ұмытып кеттім!Қәзір менің кетуім керек.Сендерге рахмет!Қош сау болыңдар! Әуен ойнап балалар жаңбырмен қоштасады



Жүргізуші:

  • Құрметті Аналар! Сіздерге осы мерекеде зор денсаулық,таусылмас мейірім тілейміз. «Анашым -Күнім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!