Қазақстан біздің -Отанымыз.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан біздің -Отанымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан біздің -Отанымыз !
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Заря жалпы орта білім беру мектебі» КММ










«Біздің Отанымыз – Қазақстан!»





Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Хавихан Амангул










2023-2024 оқу жылы

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның мақсаты: оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.


Іс-шараның көрнекілігі: презентация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Қ.К.Тоқаевтың портреті.

Іс-шараның барысы:


Мұғалім сөзі:

Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан – біздің Отанымыз» атты іс-шарамызды бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.


Міне содан бері 33 жыл!

-Шәкірттерім, қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар, білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол. Сендер көп уақыттарыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер, көңілді мерекелерді асыға күтесіңдер. Сендерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.  Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық. Сөз кезегін біздің жүргізушілермізге беремін.



1-жүргізуші:

Армысыздар, Отандастар!


2-жүргізуші:

Қайырлы күн,  қымбатты қонақтар,  ұстаздар,  оқушылар!


1-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!



2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!


1-жүргізуші:

Тәуелсіздік күніне арналған «Біздің Отанымыз – Қазақстан» атты іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі іс-шараға байланысты өткелі отырған сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырайық!

1-жүргізуші:

7 «А» сыныбының оқушылары «Тапқырлар» тобын қарсы алыңыздар!

  1. Аканов Қуаныш

  2. Аманбай Елдана

  3. Куспекова Аружан

  4. Ковлан Даяна

  5. Серік Айсұлу

2-жүргізуші:

8 «А» сыныбының оқушылары «Алғырлар» тобын қарсы алыңыздар!

  1. Азимхан Әлмира

  2. Ахметова Дариға

  3. Жания Сымбат

  4. Нурахметова Гульназ

  5. Султаева Амина

1-жүргізуші:

9 «А» сыныбының оқушылары «Жалын» тобын қарсы алыңыздар!

  1. Ерланбек Берікбол

  2. Куандық Досым

  3. Куспекова Айжан

  4. Махмаден Алтынай

  5. Серікбекқызы Аружанна

2-жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын қатысушыларымыздың білімдерін бағалайтын әділ-қазылар алқасымен танысып алайық:

1.



2.



Әнұран орындалады!



1-жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың өту ережесімен таныстырып өтейік. Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1-кезең: «Сәлем – сөздің анасы» таныстыру кезеңі. Әр топ өздерінің тобының атын, ұранын, сәлемдесуін таныстырады.



2-жүргізуші:

2-кезең: «Сиқырлы ұяшықтар» кезеңі.

1-жүргізуші:

3-кезең:Викториналық сұрақтар кезеңі

2-жүргізуші:

4-кезең: Қорытынды кезең. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер сайысы.

1-жүргізуші:

Сайысымызды бастайық! Бірінші кезең «Таныстыру»!

2-жүргізуші:

Құрметті әділ-қазылар алқасы «Таныстыру» кезеңін бағалау жолымен таныстырып өтейін. Топтың атына 1 ұпай, ұранына 1 ұпай, сәлемдесуіне 1 ұпай, таныстыру шеберлігіне 1-5 аралығында ұпай қоясыздар.

1-жүргізуші:

Екінші кезең: «Сиқырлы ұяшықтар». Шарттары:

1. Берілген кезек бойынша әр команда ұяшықты таңдайды.

2. Сұрақты оқиды.

3. Ойлануға 1,5 минут беріледі.

4. Ойлау уақыты аяқталғаннан кейін команда сұраққа жауап береді.

5. Қазылар алқасы команданың жауабын қабылдағаннан кейін экранда дұрыс жауап пайда болады.


2-жүргізуші:

Үшінші кезең «Викториналық сұрақтар». Шарттары:

1. Команда жетекшілері кезек бойынша ұяшықты таңдайды.

2. Таңдаған топ жауап береді.

3. Егер бұл команданың жауабы болмаса, қарсыластар тобы жауап беруге құқылы.

4. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.

5. Үш командада жауап болмаса жанкүйерелерге мүмкіндік беріледі.


1-жүргізуші:

Төртінші қорытынды кезең «Мақал-мәтел» сайысы. Шарттары:

Әр топ кезектесіп Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерін айтуды бастайды. Әр мақалға 1 ұпай қойылады.


2-жүргізуші:

Топтар арасындағы сайысымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Әділ қазылар алқасы шешім қабылдағанша көрермендермен сайыс өткіземіз.


1-жүргізуші:

Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті бостандықты иеленгендер.


2-жүргізуші:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, тәуелсіздік күніне арналған «Біздің Отанымыз – Қазақстан» атты іс-шарамызды жабық деп жариялаймыз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2024
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі