400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақстан-біздің ортақ үйіміз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бірінші желтоқсан- ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев күніне байланысты сыныптан тыс интеллектуалды ойын сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

№54 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі

Серикбаева И.А.

Интеллектуалды ойын

Тақырыбы: «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз»

(Бірінші желтоқсан- ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев күніне байланысты сыныптан тыс интеллектуалды ойын сабағы)

Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру.

Міндеттері:

- Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;

- Сөйлеу шешендіктерін, ойлау өрісін, арттыру;

- Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабағы.(интелектуалдық сайыс)

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет т.б

Ойынға қатысушылар: 10 сынып оқушылары 1 топ, 2 топ, 3 топ.

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Мұғалім: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білімді, ақылды оқушылар!

Өз елін жанындай сүйген ардақты азамат Нұрсұлтан Назарбаевқа тағдыр бұдан жиырма жыл бұрын адамның түсіне де кірмейтін міндет ұсынды: жаңа тәуелсіз мемлекет құру мүмкіндігін алған Қазақстанның тұңғыш президенті оны алғырлықпен адал орындап шықты. Оның ең басты табыстарының бірі саяси тұрақтылықты сақтап нығайту, ұлтаралық, дінаралық, және азаматтық келісімге қол жеткізу болды.

Мемлекеттің бұрынғы бірінші басшыларының түсіне де кірмеген осыншама табысқа қол жеткізіп отырған Н.Назарбаев ең биік өкімет тұғырында бақытты адам ба? Деген сұраққа жауап беретін болсақ, біз бақытты деп ойлаймыз. Өз халқының қамын ойлап, тыным таппайтын адам ретінде ол қазақстандықтар бұдан әлдеқайда жақсы өмір сүруі керек деп есептейді. Олардың тұрмыстарын жақсартуға байланысты шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп отырғанымен, бұдан да өркенді күндердің көп кешікпей туатынына сенімді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамдар ешқандай қауіп-қатерсіз, мейлінше жайлы жағдайда өмір сүретін дүниежүзілік қауымдастыққа лайық XXI ғасырдың өркен жайған мемлекетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бір жолата бел буған.

1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне байланысты “Қазақстан біздің ортақ үйіміз” атты интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі,

Менің елім Қазақстан – Отаным,

Болашағы бізбен бірге оседі дей келе, бүгінгі сайысқа келген топтармен танысайық.

1 топ – топтың аты Астана, ұраны .....

2 топ – топтың аты Болашақ, ұраны.....

3 топ – топтың аты

Құрметті ойыншылар мен көрермендер келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық.

1 кезең – “Кім білімді?”

2 кезең – “Кім жылдам?”

3 кезең – “Жорға”

4 кезең – “Егерде мен...”

1 кезеңде – “Кім білімдіге?” үй тапсырмасына “Н.Ә.Назарбаевтың білім саласына қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өту.

3 топтан 3 оқушы шығып слайд көрсету арқылы қорғайды.

2 кезеңде – Кім жылдам? Ойын ережесі бойынша әр топтан 1 оқушы шығып

20-ма сұраққа жауап береді. Әр оқушыға 2 минут уақыт кетеді





Интеллектуалды сабақтың өткізілуі:

1 кезең – «Өзін-өзі таныстыру»

2 кезең – “Кім білімді?”

3 кезең – “Кім жылдам?”

4 кезең – “Жорға”

5 кезең – “Егерде мен...”

2 кезеңде – “Кім білімдіге?” үй тапсырмасына “Н.Ә.Назарбаевтың білім саласына қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өту.

3 кезеңде – Кім жылдам? Ойын ережесі бойынша әр топтан 1 оқушы шығып

20-ма сұраққа жауап береді. Әр оқушыға 2 минут уақыт кетеді

1 ұяшық

  1. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары ЖАЙЛАУ

  2. "Тат" сөзінің мағынасы ҚҰЛ

  3. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН

  4. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы ТОМИРИС

  5. Әл-Фараби (870-950 жж.) дүниеге келген қала ОТЫРАР

  6. Отырар апаты болған жыл 1218

  7. Ахмет Йассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды ? ӘМІР ТЕМІР

  8. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі орналасқан қала? ТҮРКІСТАН

  9. Х ғ. ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет ҚАРАХАН

  10. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ

  11. Ұлы Отан соғысы аяқталды 1945ЖЫЛЫ

  12. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша АННА ИОАННОВНА

  13. Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711-1781

  14. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК

  15. 16 желтоқсан – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

  16. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды ? 1992 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА

  17. Астана Ақмолаға көшірілді ? 1997 ЖЫЛЫ

  18. Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы АҚМОЛА

  19. 1993 ж. 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

  20. 1999 ж. жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

2 ұяшық

  1. Көшпелердің жылы қоралары бар тұрақтары ҚЫСТАУ

  2. Үйсін тайпаларының мекендеген жері ЖЕТІСУ

  3. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН

  4. Әл-Фараби шығармаларын қай тілде жазған АРАБ

  5. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан ҚЫЗЫЛОРДА

  6. Қазақ хандығының құрылған уақыты 1465-1466

  7. "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауға қатысқан билерТӨЛЕ, ҚЫЗЫБЕК. ӘЙТЕКЕ

  8. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жыл 1731

  9. 1837-1847 жж. болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ

  10. Тәуке ханның заңдар жинағы ЖЕТІ ЖАРҒЫ

  11. Ш.Уәлихановтың шын есімі МҰХАММЕД КАНАФИЯ

  12. Абылай хан жерленген қала ТҮРКІСТАН

  13. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты САБАЛАҚ

  14. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам БҰҚАР ЖЫРАУ

  15. Сталин қашан қайтыс болды ? 1953

  16. Н.Ә.Назарбаев бірінші рет ҚР Президенті болып қай уақытта сайланды 1991 ЖЫЛЫ 1 ЖЕЛТОҚСАНДА

  17. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қай жылы қабылданды? 1992 ЖЫЛЫ НАУРЫЗДА

  18. ХІХ ғ. 60 жж. Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы ШОҚАН

  19. Ш.Уалиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма МАНАС

  20. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қашан қабылданды 1993 ЖЫЛЫ 28 ҚАҢТАРДА

3 ұяшық

  1. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі ? НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

  2. Сақтардың негізгі шаруашылығы ? МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

  3. Қарахан ханы Мұса Боғра 960 ж не істеді?ИСЛАМ ДІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ

  4. Х-ХІІ ғғ. Таразға жақын жерде салынған кесене АЙША БИБІ

  5. Шыңғысхан қашан қайтыс болды 1227 ЖЫЛЫ

  6. Қазақ хандығында жүзді кім басқарды? ХАН

  7. Тәуке ханның заңдар жинағы ЖЕТІ ЖАРҒЫ

  8. Монғол империясының негізін қалаған ШЫҢҒЫСХАН

  9. XVII ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы ӘБІЛҚАЙЫР

  10. Ш.Уалихановтың туған жері ҚОСТАНАЙ ОБЛ, ҚҰСМҰРЫН

  11. Белгілі ғалым, "Әлемнің екінші ұстазы" ӘЛ-ФАРАБИ

  12. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды? 1939

  13. Абылай қай жылы қайтыс болды?1781

  14. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері КІШІ ЖӘНЕ ОРТА

  15. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды 14 ЖЫЛҒА

  16. Шоқанның досы, көрнекті орыс жазушысы ДОСТАЕВСКИЙ

  17. С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші ШАРУАЛАР

  18. Президент Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы 2030 СТРАТЕГИЯСЫ

  19. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды 1995 ЖЫЛЫ ТАМЫЗ

  20. Н.Назарбаев 1960 ж. еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала ТЕМІРТАУ



4 кезең Жорға

Әр ұяшықтарға сұрақтар берілген. Ұяшықтардағы ұпай саны сұрақтардың аталуына байланысты төменгі сандағы ұяшықтарда жеңіл сұрақтар сандар өскен сайын сұрақтар қиындатылған.Ұяшықтар 10 нан 50 ұпайға дейін берілген.

1.Жолдауды кім жолдайды? Президент

2.“Қазақстан-2030” стратегиялық мемлекеттік даму бағдарламасын қай жылы ұсынды? 1997 жылы

3.1997 ж – 2010 жылға дейін президент Қазақстан халқына қанша жолдау жіберді? 14

4.“Дағдарыстан жаңару мен дамуға” жолдауы қай жылы жасалған? 2009 жылы

2010 жылғы жолдаудың атауы қандай? “Жаңа онжылдық- Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері”

Қазіргі қолданыстағы конституция қай жылы, қай күні қабылданды? 1995 жылы 30 тамыз

Конституция қанша тарау, қанша баптан тұрады? 9-бөлім, 98-баптан тұрады

Парламент қанша палатадан тұрады? Атап айтыңыз 2 палата Сенат, Мәжіліс

Қазақстан Республикасына сәйкес заң шығару қызметін жоғарғы өкілетті органы қандай?

Парламент

Н.Ә.Назарбаев қай жылы дүниеге келді? 1940 жылы, 6 шілде

Н.Ә.Назарбаевтың туып өскен жерін атаңыз. Алматы облысы

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымын ең алғаш рет қай жылы алды? 1990 жылы

Назарбаев университеті қай жылы ашылды? 2011 жылы

Астанадағы қазақ опера және балет театры кімнің атында?

  • Күләш Байсейтова атында

  • Астанада ОБСЕ самиті қай жылы өтті? 2010 жылы

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетің Н.Ә.Назарбаев қай жылы салтанатты түрде ашты? 1996ж

5-кезең

Егер де мен ПРЕЗИДЕНТ болсам...













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қыркүйек
1334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі