Қазақстан
халқының ұлттық және діни құрамы
Қазіргі
кезде Қазақстан территориясында 100
астам ұлттар мен ұлыстар өкілдері
тұрады. Әрбір халықтың өмір салты
әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек дағдылары
жөнінен ерекшеліктері болады. Мұнда
жергілікті ұлт қазақтардан басқа орыс,
украиндар, белорустар, немістер, өзбектер,
ұйғырлар және т.б. ұлт өкілдері тұрады.
Қазақтардың көпшілігі республиканың
мал шаруашылығы дамыған оңтүстік пен
батыс аудандарында қоныстанған.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы
халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi.
1999
жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан
халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты
себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап,
Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған
өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың,
украиндардың, немiстердiң, кавказ
халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне
көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан,
Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы,
Астана қ-ларында байқалды. Соңғы
он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай
өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1
мың адамға (22,9%) көбейiп, республика
халқының жартысынан астамын (53,4%-ын)
құрады.Қазақстан аумағындағы халық
санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж.
4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың,
1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың.
Халықтың
ұлттық құрамы мен
діни
сенімі тығыз байланысты. Олар саяси
және әлеуметтік өмірге, тұрмысқа,
адамдардың мәдениеті мен әдет-ғұрпына,
демографиялық және этнографиялық
процестерге әсерін тигізеді.
Әлемдік,
яғни Жер бетінде таралған үш дін бар,
олар
- ислам, христиан және будда діндері.
Қазақстан
Республикасы - зайырлы
мемлекет.
Конституция ар-ұждан еркіндігін
дәріптейді: азаматтардың кез келген
дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға
құқы бар.
Қазіргі
уақытта елімізде рухани өмір қайта
жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде.
Діни ұйымдар бейбітшілік пен келісімді
нығайтуға өз үлестерін қосуда.
Қазақстандағы
дінге сенушілердің ішінде
сүнниттік ислам (70%)
сандары
басым.Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш,
дүнгендердің басым көпшілігі
мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы
исламның басқа бағыты - шиитті
ұстанады.Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен
марийліктерде православие діні
таралған. Неміс христиандары
арасында негізінен протестанттар мен
католиктер көп. Көрістер негізінен
протестанттар, ал поляктар - католиктер.
Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше
тармағына табынады. Христиандар барлық
облыстарда, негізінен — солтүстікте,
шығыста және орталықта таралған.