400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Қазақстан халқының зергерлік өнерімен танысу

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәнінің ұстаздарына керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім. А:Сәндік- қолданбалы өнер.

Мектеп: Балтабай орта мектебі

Күні: 14.11.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмантаева Б.Т

Сынып: 6-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандр саны:


Сабақтың тақырыбы

Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1-Әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі дизайн, қолөнер мен өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіну мен білімін көрсету

Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар:Әлемдік және қазақ халқының зергерлік өнер туындыларын зертейді;

  • Көптеген оқушылар:Зергерлік бұйымдарының шығу тарихын, ерекшеліктерін анықтайды

  • Кейбір оқушылар: орындау технологияларын анықтап, іс жүзінде жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • әлемдік және қазақтың ұлттық қолөнері мен өнер туындыларының ерекшеліктерін біледі.

  • зергерлік өнер туралы біледі;



Тілдік мақсаттар



Оқушылар орындай алады:

Бұйым туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

Зергер, білезік, жүзік, сақина, сырға, өңір жиек, алқа, бойтұмар, шашбау, шолпы.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

............. әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?

Мен бұл.........таңдау себебім, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... ........пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.

Бұйым мынадай ............. тұрады

Құндылықтарды дарыту





Қазақстанда тұратын басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеу. Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық.


Пәнаралық байланыстар

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, музыка,сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады.

АКТ қолдану дағдылары

Сәндік қолданбалы өнер соның ішінде зергерлік бұйымдардың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім



Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін біледі. Тиісті материалдарды қолданып, әртүрлі көркем техникамен қарапайым бұйымды жасай алады. Қазақтың ұлттық және басқа да этностардың сәндік - қолданбалы өнер түрлері туралы білімдерін кеңейтті.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарымен топқа бөлу

1 топ- білезік

2 топ- жүзік

3 топ-сырға

4 топ- шашбау



Сабақтың ортасы

5 мин




















15 мин


















5 мин

Оқушыларға әлемдік және қазақ халқының зергерлік бұйымдарымен таныстыру.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қандай туындыларды тамашалап тұрсыздар?

  • Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?

  • Қандай ұқсастықтары бар?

  • Қандай материалдардан жасалған?

  • Бұйымдардың функционалдық қызметі қандай?


(Т)Оқушылар қазақ халқының зергерлік өнер туындыларымен танысады, мысалы; білезік, жүзік, сақина, сырға, өңір жиек және алқа, бойтұмар, шашбау, шолпы т. б.

Оқушыларға сұрақ қойыңыз. Мысалы:

• Қазақ халқының зергерлік бұйымдарының қандай түрлерін білесіздер?

• Зергерлік бұйымдар қайда және қандай жерде қолданылуы мүмкін?

• Зергерлік бұйымдар неден және қалай жасайды?

• Бұл өнер түрінің қандай ерекшеліктері бар?

Дескриптор

- зергерлік бұйымдардың түрлерін анықтайды.

- зергерлік бұйымдардың қайда және қандай жерде қолданатынын айтады.

-неден және қалай жасайтынын анықтайды. Зергерлік бұйымдардың ерекшеліктерін айтады.

Бағалау. Әр дұрыс жауапқа зергерлік бұйымдар беріледі. Қоржынға жинайды.


Бейнематериал тамашала

Топтық жұмыс.

Зерттеу жұмысы.

Оқушылар шағын топтарда АКТ технологияларын қолдана отырып, зергерлік өнерін зерттеп, зергерлік бұйымдарының шығу тарихын, ерекшеліктері мен орындау технологияларын анықтайды. Оқушылар алынған мәліметтерге сүйене отырып, шағын топтарда талқылап, постер орындайды. Жұмыс нәтижесін аудиторияға ұсынады. Ұсынылған жұмыстарына баға беріледі.

№1 топ – қазақ халқының ежелгі зергерлік бұйымдары зерттейді.

№2 топ – қазақ халқының қыз-келіншектер арналған зергерлік бұйымдарын зерттейді.

№3 топ – заманауи зергерлік бұйымдарды зерттейді.

№4 топ – қазақ халқының ерлерге арналған зергерлік бұйымдарын зерттейді.


Бағалау

  • Топ бір-бірін бағалайды. Бас бармақ әдісі арқылы


Зергерлік өнер

№1 Үлестірмелі материал, слайд























Тапсырманы орындауға арналған үлестірмелі материалдарды қолдану ұсынылады.



















Әлемдік зергерлік өнері





А 4 қағаздары, түрлі түсті қарандаштар





Сабақтың соңы

Жазбаша түрде кері байланыс беруді ұсыну. Алма ағашқа стикер жапсыру . Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерін стикерге жазады

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы



Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілнетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

  • Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.

  • Сынып бағалауы.

  • «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты түсіндіру.

Қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
903
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі