400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қазақстан индустриясының дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан ашық сабақ жоспары мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

11- сынып. Қазақстан тарихы Күні:25.11.2017ж.



Сабақтың тақырыбы

Қазақстан индустриясының дамуы.

Сілтеме


Жалпы мақсаты


1.Қазақстандағы индустрияландыру саясаты туралы тұтас түсінік қалыптастыру.Қазақстандағы индустрияландырудың тарихи қажеттілігі, қиыншылықтары мен ерекшеліктері, тарихи маңызы туралы білімді игерту.

2.Себеп-салдарлық байланыстарды түсіну,тарихи деректерді талдата отырып, ізденіс және ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Өз ойларын жеткізе білетін белсенді тұлға қалыптастыру арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттер:


1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау

4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3. Оқушылардың ой - өрісін дамыту

4.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

3. Білімділік пен білік дағдыларын қалыптастыруға баулу.

Күтілетін нәтиже

1. Оқушы Қазақстандағы индустрияландыру саясаты жөнінде білім алады;

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға 1920 – 1930 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру туралы білімнің басталғанын сезіндіру;

3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;

Тапсырмалар

wiki беттерінен жүктелген дерек көздер

1.Қазақстан тарихы:

2. Ж.О. Артықбаев Қазақстан тарихы 2007 жыл

3. history.js

4. http://www.tarih.spring.kz



Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті












































































































































































































Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру



Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу;

- психологиялық дайындық, «Жақсы сөз жарым ырыс» дегендей әуенмен оқушыларды билетіп, алдындағы оқушылардың арқасына жапсырылған стикерге сол сыныптасының

2 жақсы қасиетін жаздырту арқылы жүргізу.

- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І.Ой қозғау

Миға шабуыл: 1-слайд.

      1. Кеңес үкіметі жүргізген экономикалық саясаттар қалай аталды ?

      2. Жаңа экономикалық саясат жылдарында қандай өзгерістер болды?

      3. Жер-су реформасының маңызы неде?

      4. 1921-1922 жылғы аштықтың салдары қандай?

      5. «Қосшы одағы» міндеттеріне не жүктелді?

6.Жаңа экономикалық саясат нәтижелері қандай болды?

Мұғалім сөзі: 2-слайд. Мына суретке қарап, бүгін біз сабағымызда не туралы баяндаймыз?

Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз « Қазақстан индустриясының дамуы»

Бүгінгі сабағымыздың проблемасы «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады»

ІІ. Мағынаны тану.

3-слайд. Назар аударту! Тірек ұғымдармен жұмыс.

Индустрияландыру – 1) ірі, техникасы дамыған өнеркәсіпті, ең алдымен елдің халық шаруашылығындағы жетекші саланың негізі ретінде өндіріс құрал- жабдықтарын өндіретін салаларды құру;

2) (лат. Күш салу) – өнеркәсіптегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы өндірістік күштерді ұлғайту және экономиканы көтеру мақсатына бағытталған ірі машина жасау өндірісін құру үдерісі.

Интелегенция- зиялықауым өкілі.

Бюрократия- қоғам мүшелерінің белгілі бір артықшылығы бар өкімет аппаратының көмегімен асырылатын басқару жүйесі, шенеуніктердің билігі.

Шовинизм-Ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.

Инвестиция- Шетелден қарыз алу..


Электрондық оқулықты тыңдай отырып, «түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа байланысты мәліметтер жинау .

Оқулықты ашып мәтінді жауапкершілікпен оқып шығу.

Мәтінді оқып болғаннан кейін,мәтін боыынша кестені толтыру тапсырылады.


№

Сен үшін мәтіннің ең маңыздысы

Неге?







Дәптерлеріне жазып болған соң, топта өзара талдауға уақыт беріледі, бірін-бірі тыңдайды. Топ ішінен өздері үздік деп санаған 2-3 маңызды оқиғаны 1 оқушы айтады. Келесі топта осылай жауап береді.

Тапсырмалар

1-топ.

1. Индустрияландыру кезеңінің кемшіліктері мен жетістіктерін жазу.(Веен диаграммасы арқылы)

11-топ.

1. Тарихи сынақ хат.

............. бастаған геологтар мен геофизиктердің үлкен бір тобы . ........ минералды-шикізат байлықтарын зерттеді, нәтижесінде Қазақ Республикасы «............. » деген тұжырым жасады. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеумен айналыскан академик И.М. Губкин « ......... ... » деген қорытынды жасады.

Қазақтың жас инженер – геологы Қ.И. Сәтбаев ........... ауданындағы ....... орындарын мұқият зерттеп, өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді

ІІІ. Ой толғаныс.

І-топ. І-тапсырма. С.Садуақасовтың «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады» деген сөзін дәлелдеу.(Қазақстанда жүргізілген индустрияландыру саясатының отарлық сипаты)

Оқушылар өз түсінігі бойынша айтып шығады.

ІІ- топ. І-тапсырма.Түсті металлугия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналғанын айта келіп, сол кезеңде жүргізілген индустрияландыру саясатымен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан арасында байланыс бар, жоқтығын анықтау, өз көз қарастарын айтқызу.

2-тапсырма. Тақырыпқа байланысты тест жұмысын алу.

1-нұсқа

1. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:

A) Қ.И.Сәтбаев.B) И.М.Губкин. C) Н.С.Курнаков.D) А.Панкратова.E) А.И.Миронов.

Дұрыс жауап: В

2. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:

A) 100 мың.B) 150 мың.C) 200 мың.D) 220 мың.E) 300 мың.

Дұрыс жауап: А

3. Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:

A) 1928 жылы.B) 1929 жылы.C) 1930 жылы.D) 1931 жылы.E) 1932 жылы.

Дұрыс жауап: D

4. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:

A) Т.Жүргенов.B) О.Қожанов.C) С.Садуақасов.D) Т.Рысқұлов.E) О.Жандосов.

Дұрыс жауап: С

5. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:

A) «ЖЭС».B) «Әскери коммунизм».C) «Азық-түлік салғырты».

D) «Индустрияландыру».E) «Кіші Қазан».

Дұрыс жауап: Е

6. И.М.Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңір:

A) Қарашығанақ.B) Орал-Ембі.C) Маңғыстау.D) Атырау.E) Құмкөл.

Дұрыс жауап: В

7. Түркісіб темір жолы жалғастырды:

A) Орынбор мен Ташкентті.B) Орта Азия мен Оралды.C) Орта Азия мен Сібірді.

D) Кавказ мен Орта Азияны.E) Жетісу мен Орынборды.

Дұрыс жауап: С

8.Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:

A) Қ.Сәтбаев.B) Н.С.Курнаков.C) И.М.Губкин.D) О.Жандосов.E) Т.Жүргенов.

Дұрыс жауап: В

9. Түркісіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті:

A) Жарты жылда.B) Бір жылда.C) Екі жылда.D) Үш жылда.E) Төрт жылда.

Дұрыс жауап: D

10. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:

A) 235 мың.B) 280 мың.C) 300 мың.D) 353 мың.E) 375 мың.

Дұрыс жауап: Е

ІІ-нұсқа

1. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:

A) Ауыр өнеркәсіп.B) Жеңіл өнеркәсіп.C) Шикізат көздерін игеру.

D) Машина жасау.E) Энергетика кәсіпорны.

Дұрыс жауап: С

2. Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс:

A) Демократиялық басқару.B) Ғылыми негізде басқару.

C) Жергілікті жағдайға негізделе отырып басқару.D) Әміршіл-әкімшіл жүйеде басқару.

E) Ұлттық негізде басқару.

Дұрыс жауап: D

3.Түркісіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға:

A) Т.Күзембаев.B) Т.Қазыбеков.C) Д.Омаров.D) Ы.Жақаев.E) Т.Рысқұлов.

Дұрыс жауап: В

4.«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады»-деп күйінішпен жазды:

A) Т.РысқұловB) С.Сәдуақасов.C) А.Байтұрсынов.D) Ы.Жақаев.E) Т.Рысқұлов.

Дұрыс жауап: В

5. Қатардағы жұмысшыдан, Түркісіб темір жолының бастығына дейін көтерілді:

A) Т.Күзембаев.B) Т.Қазыбеков.C) Д.Омаров.D) Ы.Жақаев.E) Т.Рысқұлов.

Дұрыс жауап: С

6.1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды :

A) Қ.И.Сәтбаев.B) Ғ.Мүсірепов.C) С.Сәдуақасов.D) А.Байтұрсынов.E) Т.Рысқұлов.

Дұрыс жауап: Е

7. Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев (Бесеудің хаты): ашық хатты жазды:

A) И.Сталинге.B) Ф.Голощекинге.C) М.Кагановичке.D) В.Молотовқа.E) В.Ленинге.

Дұрыс жауап: В

8. 1931-33 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандары:

A) 2,2млн-ы.B) 2,5млн-ы.C) 2,1млн-ы.D) 1,2млн-ы.E) 1,5млн-ы.

Дұрыс жауап: С

9. 1931-33 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны:

A) 0,4млн.B) 0,5млн.C) 0,6млн.D) 0,7млн.

E) 0,8млн.

Дұрыс жауап: А

10. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада:

A) 40,5млн мал басы болды.B) 45 млн мал басы болдыC) 28 млн мал басы болды

D) 4,5 млн мал басы болдыE) 35,5 млн мал басы болды

Дұрыс жауап: А



Мұғалім.Есің болса, өкпелеме жалғанға

Ертеңіңді, алдағыңды арманда.

Пенде болсаң, түзет мінез- құлқынды,

Бой алдырма қызықтарға бір күнгі- дап Қожа Ахмет Иассауи бабамыз айтпақшы, өткен тарихымыздан сабақ ала отырып, болашақ еліміздің әлемдік бәсекеге қабілетті білімді меңгеруге шақырамын.

Қорытынды. Міне, біздің бүгінгі сабағымыз да соңына жетті. Президентіміз Н.Назарбаев «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» десе, сол білімді ұрпақ өздеріңнің қолдарында, сондықтан заман талабына сай білімді меңгеріңдер деген сөздермен аяқтағым келіп тұр сабақты



Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Топтың №


Критерий-

лер

Топ

мүшелері


Идеяларды ұсынуы

Жолдастарын

топ жұмысына

жұмылдыру

Идеялар дың дербестігі

Сұрақ қою

Сұрақтарға

жауап беру

Белсенді

түрде тыңдау

Жалпы балл













Үйге тапсырмасы: «Қазақстан ауыр өнеркәсібі дамыған елге айналды ма?» сұрағына дайындалып келу.Тақырыпты тереңдеп іздену

Толғаныс (рефлексия) (сабақтың соңындағы оқушылардың білімге деген күйлерін зерттеу






















































































Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Топтың №

Критерий-

лер

Топ

мүшелері


Идеяларды ұсынуы

Жолдастарын

топ жұмысына

жұмылдыру

Идеялар дың дербестігі

Сұрақ қою

Сұрақтарға

жауап беру

Белсенді

түрде тыңдау

Жалпы балл

1








2








3








4








5










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі