Материалдар / Қазақстан жалауы» жаттау Е.Өтеутілеуұлы(мнемосхема)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан жалауы» жаттау Е.Өтеутілеуұлы(мнемосхема)

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Туған елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін , сөздік қорларын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2022
637
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі: « Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы:«Қазақстан жалауы» жаттау Е.Өтеутілеуұлы(мнемосхема)

Мақсаты:Туған ел, Отан туралы балалардың  түсініктерін кеңейту. Туған елге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін , сөздік қорларын дамыту.

Оқу іс- әрекет:  сұрақ- жауап, өлең жолдарын жаттау(мнемосхема), ойын.

Көрнекілігі: Тудың суреті ,мнемосхема,

-Балалар, гимнды орындағанда өзімізді қалай ұстаймыз? (тік тұрып,басымызды жоғары көтереміз,оң қолымызды жүрек тұсына апарамыз)

Қазақстан республикасының мемлекеттік гимны орындалады.

(балалар орындарына отырады)

Сұрақ-жауап әдісі:

- Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан қаңдай мемлекет?
- Біздің ел ордамыз қалай аталады?
- Біздің тұңғыш президентіміз ,ел басымыз кім?

-Қазіргі президентіміз кім?
-Қазақстан республикасы рәміздеріне нелер жатады?

-Сендер қай қалада тұрасыңдар?

-Қай балабақшаға келесіңдер?

-Тобымыздын аты қалай аталады?

-Балалар сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:

Қыран самғап барады,
күнді иыққа арқалап.

Тыныштықтың белгісі,

Биікте ілініп тұрады. (ту)

-Ия, Қазақстан республикасының мемлекеттік туы екен.

-Жарайсындар,олай болса тақтаға назар аударайықшы

Дидактикалық ойын : «Өз туынды тап және сипатта».

Мақсаты: Балаларды өз туын тануға ,құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу.

Шарты: Басқа мемлекет туларының ішінең ,өз мемлекетінің туын табу.

-Балалар,бұл жерде әр түрлі мемлекеттің тулары көрсетіліп тұр екен.енді осы тудың ішінең өзіміздін туымызды тауып көрейік.(балалардың ішінен бір бала келіп туды көрсетеді)

-Балалар, енді сендердің көмектерін керек болып тұр.Біздің Айдос есімді баламыз бір американдық баламен танысқан екен.Ол бала өзінің елінің туын ,онда бейнеленген заттардын барлығын біледі екен.Ал біздің Айдос осы мемлкеттік туымызды сипаттап айтып беру кезіңде қиналып тұр екен.Біз оған көмектесіп жіберейікші.Ал енді туды кім сипаттап айтып береді екен,қанекей тындап көрейік.

-Тудың түсі қандай екен?
-Тудың ортасында не бейнеленген?

-Күннің түсі қаңдай?

-Күннің астында не бейнеленген?

-Тудың сол жақ шетінде не бейнеленген?

. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы. Ортасында шұғылалаы күн, оның астынд қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір түсті мата, бұл түс-ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Күн шұғыла және қыран бейнесі-алтын түсті. Ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан.Балалар,біз өз туымызды құрметтеп,қастерлеп ,сыйлауымыз керек.Бұл біздің азаматтық парызымыз.

-Балалар,Тудың авторы Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Ниязбеков ағамыз.

-Балалар ,туды қай жерден кездестірдіңдер, басқа қайдан көрдіңдер?

-Балалар,туды жалауша деп те атайды.

-Балалар енді осындай керемет жалауымыз туралы әдемі тақпақ жаттап жіберейік.

Қазақстан жалауы

 (Е.Өтетілеуов) Мнемосхема арқылы жаттату
Көк байрағы бабамның –
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке-баланың –
Қазақстан жалауы.

-Балалар,өлен жолдарында нелер туралы айтылған екен?(тақпақты 2-3 рет айтып қайталау)

-Балалар,біз қандай тақпақ айттық?Не туралы тақпақ айттық?Жалау туралы.Ендеше балалар,жалпы жалау деген не?Жалау -дегеніміз ту екен.Жалауды балалар, біз ту деп те атаймыз.

Сергіту сәті :

Тату- тәтті достармыз,

Отырмаймыз босқа біз,

Оқу оқып, білім алып,

Би билейміз,

Ән шырқап,

Оң жақтағы досына,

Сол жақтағы досыңа

Қолыңды бер, тосылма.

Жоғары қарап, күн көрдім,

Төмен қарап, жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

-Балалар, кім туған жер, Отан туралы өлен жолдарын кім оқиды?

Көк аспандай көкпеңбек Толқын
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы

Айнымайды аспаннан Нұрмади
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды


Елтанбасы елімнің Нұрай
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!

Әнұраны елімнің Ұлан
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.

-Жарайсыңдар,енді отан туралы мақал –мәтел білесіңдер ме?

Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық. (Али)

Отан , отбасынан басталады. (Еркеназ)

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. (Амирхан)

Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың. (Амиржан)

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат (Диара)

-Тақпақты тағы қайталап ,айтып шығу.

Қоытындылау:

Дидактикалық ойын: «Ту құрастыру»

Мақсаты: Оқу қызметінде өткен іс әрекеттерді қайталап,сұрқтарға жауап беру арқылы сабақты қортындылау.

Ойын шарты:Стөл үстінде тұрған тудын қиындыларының астында сұрақтар жасырылады.Балалар қиындыларды алып сұраққа жауап беру арқылы туды құрастырады.

Балаларды мадақтау.
Жарайсыңдар балалар, сендер де бүгін өздеріңді жақсы қырларынан көрсете білдіңдер және жақсы қатыстыңдар. Елімізді қорғайтын жақсы азамат пен азаматша болыңдар. Қазақстанның жалауын биікке желбіретіңдер!

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!



«Балдырған» бөбекжай бақшасы







Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Қазақстан жалауы» (мнемокесте арқылы жаттау)







«Ертөстік»ересектер тобы

Тәрбиеші: Айтбосынова А.С

























Сарқан қаласы 2021 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!