400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан жүрегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағат жоспарлауда
Материалдың қысқаша нұсқасы
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан жүрегім»Сабақтың арқауы: МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН.І блок. Мотивациялық Мұғалімнің кіріспе сөзі:Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан жүрегім» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!«Ассоцация» тәсілі Әр білім алушыға «Патриот», «ТҮРКІСТАН» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:ТҮРКІСТАН - бұл ....................Патриот – бұл.............................Болжамды жауаптар:
  • Өз елін жақсы кқретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
  • Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
  • Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
  • Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
  • Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
ІІ блок. Практикаға бағдарланғанОтан деген не, кім қалай түсінеді?Отан дейміз кең - байтақ астананы,Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,Ол бірақ өз үйіңнен басталады.- Біздің Отанымыз қалай аталады?- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?- Қазақстан Республикасының президенті кім? - Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.



Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыңдау). Алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)

Түркістан- біздің облыстың орталығы болды. Оны рухани астанамыз деп те айтамыз. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан. Түркістанның түркі әлеміндегі тарихи маңызы ерекше. Түркістан-көне қала ғана емес, ірі оқиғалардың куәгері. Қазақ мемлекеттігін құрған, қалыптастырған хандардың, билердің, батырлардың бұл қасиетті шаһарда тұрмағаны немесе соғып өтпегені жоқ деуге болады. Демек, Түркістанның әрбір көшесі тарихи беттерге толы.IV-X ғ Түркістан орнында Шағбар деген үлкен қала болған. IX-X ғ ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді. Сол кезден бастап Яссы, ал  XV ғ –дан бастап Түркістан деп аталады. “Түркістан деген сөз – түріктер мекені, елі” деген сөз. Өйткені сол заман бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Сол кезден бастап қала түркі халықтардың діни орталығы болып келді.Қасиетті Түркістанға барғанда теңдесі жоқ Ахмет Иассауидің сөулетті ғимараты  ерекше көзге түседі.Мұны Х1V ғасырдың алдында әйгілі Ақсақ Темір салдырған.Оның ені 46,5  ұзындығы 62,5 биіктігі 40 метрге жуық.Әр түрлі мақсатқа пайдаланатын  35 бөлмеден тұрады.Ортада қазандық деп аталатын бөлме бар.Осы бөлмеде салмағы 2тонна келетін ішіне 60шелек су сиятын үлкен  «Тайқазан » орнатылған.Тайқазан 1399 жылы Түркістан  шаһарынан  25 шақырым жерде Қарнақта  7 асыл металдан жасалған.1935 жылы Санкт-Петербургте Иран өнері жөніндегі 3 халықаралық конгресс өтті.Конгреске байланысты  Қазақстан үкіметінің рұқсатымен тайқазан Санкт-Петербургке жіберілді.Тайқазан әрмитажда ұзақ жыл тұрды.1939 жылы Тайқазан Түркістанға қайта  әкелінді.Тайқазан-молшылықтың белгісі.Бейне ролик көрсетуІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты.» инновациялық тәсіліҚорытынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:Өткеніңді еске алсаң,Өскеніңнің белгісі.Өткеніңді ұмытсаң,Өшкеніңнің белгісі,— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.



































































ТҮРКІСТАН - бұл ..............................................................................................Патриот – бұл.......................................................................................................Болжамды жауаптар:
  • Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
  • Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
  • Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
  • Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
  • Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.


ТҮРКІСТАН - бұл ............................................................................................Патриот – бұл....................................................................................................Болжамды жауаптар:
  • Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
  • Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
  • Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
  • Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
  • Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.


ТҮРКІСТАН - бұл .................................................................................................Патриот – бұл...........................................................................................................Болжамды жауаптар:
  • Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
  • Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
  • Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
  • Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
  • Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
Түркістан облысы, Жетісай ауданы №39 «Мырзашөл» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі































Сыныбы: 6 Сынып жетекшісі: Алибаева О 2018-2019 оқу жылы
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі