15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстан кең байтақ Отаным
Қазақстан –кең байтақ Отаным
Мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке,отансүйгіштікке,халқына адал қызмет етуге ,ел рәміздерін қадірлеуге, халқының тегі мен тарихын білуге,ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік тұғырын берік ұстауға,нағыз ұлтжанды,рухы мықты азаматық қасиетті дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Қазақстан Республикасының картасы,рәміздері,авторлары.
Мұғалім:
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.
Ғажап қой сұлу көктем,жазын әне,
Тыңдарсын он жүректің сазын әлі.
Шіркін-ай,жер жетпейді бір өзіңе,
Қойнауын тұңған байлық,қазыналы
Сен неткен Отан-анам,ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағынның бақыты үшін,
Жайнай бер,Ұлы Отан-қазақ елім!-дей отырып,қлағатты ұстаздар,оқушылар қауымы өткізгелі отырған «Қазақстан –кең байтақ Отаным!» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Әнұран орындалады:
1-оқушы:
Қазақстан Республикасының жер көлемі
2717,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр,
яғни республикамыздың территориясына
жеті мемлекет сияды. Мысалы: Норвегия,
Швеция, Франция, Германия, Португалия,
Испания, Италия. Жер көлемі жағынан БҰҰ
180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында, ал ТМД
елдері бойынша 2-ші орында. Республикамыз
5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей,
Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан.
Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады. Қазақстанда
14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы–Астана
қаласы.
Қазақстан туған елім,
Алтын бесік–Ақ ордам.
Даңқың сенің
арта берсін,
Елім менің жанарған.
2-оқушы:
Біздің
Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.
Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір,
мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен
айтқанда Менделеев кестесіндегі 105
элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде
кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам
пайдалы қазбалар бар.
Ей, қазақтың
ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаның,
Емес пе еді
басты ұраны!
3-оқушы:
Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны бар.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашан
да,
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда
алтын күн,
Көк аспанда жас қыран.
Естілгендей біздің үн,
Сол ғарыштың
астынан.
Туымызға жас туған,
Бір
қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың
астында,
Көгереміз көктейміз.
4-оқушы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
туы көгілдір түсті. Онда алтын күн
бейнесі, шарықтай ұшқан дала қыраны
және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік
жолақ бар.
Тудың көгілдір түсі–бұлтсыз
ашық аспан, бейбітшілік белгісі.
Күннің нұр шұғыласы–байлық пен берекенің,
тыныштық пен жылылықтың белгісі.
Қыран бүркіт–тәуелсіздіктің белгісі.
Өрнек–салт-дәстүріміздің белгісі.
5-оқушы:
Қазақстан Республикасының Елтаңбасының
бастысы шаңырақ.
Шаңырақ киіз үйдің
күмбезі.Ол күн бейнесін, ал уықтар одан
тарап жатқан алтын сәулелері.
Қазақта
«Ат–адамның қанаты» деген мақал бар.
Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы,
оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке
жетелейді. Бесбұрышты жұлдызы әр адамның
өміріне бағдар беретін өз жұлдызы
сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын
халқымыз «жұлдызымыз жарқырай берсін»
деген асыл арманын айтып тұрғандай.
7-оқушы:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Республикасы Тәуелсіз республика деп
жарияланды.
Далада думан, қалада
думан жер бүгін,
Ғасыр бойы аңсай
да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса
асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп
қалдырған бақыт бұлбұлым.
8-оқушы: 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
9-оқушы: 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
10-оқушы:
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының
«Ата Заңы» қабылданды.
Арайланып
атты таң,
Қайырлы таң, балалар!
Алтын шапақ таратты,
Қайырлы таң,
балалар!
Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық,
Қайырлы таң,
балалар!
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң,
балалар!
Аман Отан-панамыз,
Аман
ата-анамыз,
Қайырлы таң, балалар!
11-оқушы:
1997 жыл «Қуғын-сүргінідерді еске алу
жылы» деп аталды.
Абай туған, Сәкен
туған,
Құрметте достым, қазақтың
жерін.
Қамбаға жылда мол астық
құйған,
Қазақстан Республикам
менің!
12-оқушы:
1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан
Республикасының астанасы бұрынғы Ақмола
қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы
жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп
өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің
басты қаласына айналды.
Осал жерге
Ортаймас бақ қона ма?
Ер көңілі
толмаса, тақ қона ма?
Атар таңдар
бере гөре құт-береке,
Елдің төрі
қасиетті Астанаға.
13-оқушы:
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті.
Қазақстан Респбликасының президенті
болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды.
Туған жерім жырымсың,
Туған елім тынысым.
Мәңгі қымбат
ұғымсың,
Ардақтысың ұлысың.
Ана
тілім ардағым,
Туған жерім аруағым.
Болса осылар елімде,
Нұрланады алда
күн.
Мұғалім:Тарих! Осы сөзде қаншама мазмұн,қаншама ойлар жатыр.Қазақ даласы қандай кең байтақ!Осы кең байтақ жерді қалай бізгге дейін аман-есен қалай жеткізді?Еліміздіңибасынан сан ғасырлар бойы сан-алуан зұламаттар өтті.Ұлы жібек жолы кіндігі болған Отрардың күйреуі,жоңғар шапқыншылығы,үш жүздің Ресейдің қол астына кіруі,ұлт-азаттық көтерлістер,аштық нәубеті,жеке басқа табынушылық,репрессия,Ұлы Отан соғысы,қазақ даласындағы полигон зардаптары,Желтоқсан оқиғасы бәрі де біздің тарих.
Енді сол тарих бетін ашайық.
І көрініс
Абылай:Мен,Абылай 48 жыл қазақ ханы болдым, артымда үш арманым қалды.Әуелі,қазақтың арқасын тамға, ауызын нанға жеткізгенім жоқ.Екінші ақбоз ат құнын ер құнына жеткізгенім жоқ.Үшінші мерген құнын екі ер құны дегізгенім жоқ.
1-оқушы:Абылай ханның азан шақырып қойган аты Әбілмансұр.1711 жылы дүниеге келген .Жоңғар шапқыншылығы кезінде 12 жаста еді.Әбілмансұр Төле бидің түйешісі есебінде жүрді.18 жасында Төле бидің «Сабалақ» атты түйешісі жоңғарларға қарсы аттанды.Қаңжығалы Бөгенбайдың рұқсатымен қалмақтың атақты батырын өлтіріп «Абылай хан»атанды.
Ән: «Атамекен»
ІІ көрініс
Сахнада Жәңгір хан ,оқиға Бөкей ордасында болған.
Жәңгір хан: Уа,Махамбет,ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің,мені мақтап бір өлең айтшы мына халыққа.
Махамбет:Айтсам айтайын.
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың!
Дұшпанын келіп табалап,
Достарын сені басқа ұрсың.
Хан емессің аярсың,
Айыр құйрық шаянсың.
Жәңгір:Әй Махамбет талай жыл дәмдес болып тең өсіп едік.Сенен бұны күтпеген едім,текеметімді тілгендей Әбілқайыр тұқымынан не жамандық көрдің?Сені ел қатарына қосқан Тайман тұқымы ма?
Махамбет:Жәңгір ,атаңӘбілқайыр қарауындағы елді алакөз дұшпанынан қызғыштай қорғаған ел үшін туған нар еді.Нардан айғыр туады,айғырдан қауырсын туады.Тайманұлы Исатайға тіл тигізбе,ол қарадан туса да хан боп туды.Сен жылатқан елді ол жұбатса несі айып.
ІІІ көрініс
«Ана туралы баллада» әніне көрініс
2-оқушы:1941-1945 жылдар.
Тыныш жатқан елге фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады.Бұл елдің жерін сүйген ұл мен ұызға үлкен сын болды.Отаны үшін шайқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыз көп болды.Олар Әлия Молдағұлова,Мәншүк Маметова, Төлеген Тоқтаров,Талғат Бегилдинов,Бауыржан Момышұлы.
4 көрініс
Тергеуші стол басында отыр.Камера іші.Есік қағылады.
Тергеуші: Кіріндер.
Қайрат Рысқұлбековты әскери адамдар алып келеді.
Тергеуші: Ал Рысқұлбеков ,әбден ойлапып ,ақылға келген шығарсың?Айтасың ба шыңдықты?Үндемейсің ,иә!Онда жазбаша жазып бер.
Қайрат ақтық сөзін оқиды.
Елбең,елбең жүгірген,
Елбелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар!
Аруағынмен жебей көр,
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар,
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар.
М.Шахановтың кабинеті,телефон шырылдайды.Телефонды М.Шаханов алады.
Дауыс:Ертең Мәскеуде желтоқсан оқиғасы туралы сөз қозғасан ,өзін де,солардың кебің киесін.
Шаханов:Бұлары несі,қорқытқандары ма?Әлде үркіткендері ме?Мейлі,жаным арымның садағасы.
1-мұғалім:
1986жыл 16 желтоқсан ерлік пен өжеттілік , қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы,әрі қасіретті күн еді.
1991жыл 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік кұніболып жарияланды. Тәуелсізел болдық,оны жер бетіндегі мемлекеттер мен ұйымдар мойындады.Бұл қазақ халқаының тарихындағы ең үлкен жетістігі.Бүгінгі ұрпақтың тыңдырған ең басты ерлігі.
2-мұғалім:
Осындай талай зұламатты бастан кешіріп,ақыры еліміз егеменді ел болды.Өз заңы мен елтаңбасын қабыладп,әнұраны мен көк байрығынының астында бейбіт еліміз көш түзеді.Міне,аталарымыз мұра еткен сара жолдың мұрагерлері өздеріңсіңдер.Жаңа мемлекетіміздің қорғаны мен болашағы сендерсіңдер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген