Қазақстан-кең байтақ Отаным

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан-кең байтақ Отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан-кең байтақ Отаным» тақырыбындағы салтанатты жиын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан-кең байтақ Отаным» тақырыбындағы салтанатты жиын

Күні: 24.09.2023

Уақыты: 1500

«Елім менің» әні

1-жүргізуші(Ағай)

Еркіндігім қасиеттім, қастерлім

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң

2-жүргізуші(Апай)

Бабалардың басын тігіп бәйгеге

Аналардың жанарына жас бердің

Уа еркіндік қош келдің!

1-жүргізуші: Армысыздар қазақ елі, арда елдің айбынды азаматтары, ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: Алаштың арманы болған, ардаелдің айбары болған, ұлы мереке республика күні құтты болсын!

1-жүргізуші: 25-қазан республика күніне арналған «Қазақстан-кең байтақ Отаным» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!

Арайдың 1 ұл мен 1 қызы

ӘНҰРАН

1-жүргізуші: ендігі кезекті мектебіміздің директоры м.у.а Ж.Кулданова апайымызға және ауылымыздың әкімі Ә.Махмұтұлына береміз.

«Көкке өрле» әні

1-жүргізуші: Бұл күннің тарихына көз жүгіртер болсақ, 1990 жылғы 25 қазанда Совет одағы құрамындағы Қазақ советтік социолистік республикасының «Мемлекеттің егемендігі туралы декларациясы» қабылданған. Бұл дата 1992 жылдан бастап атаулы күндер қатарына енгізілген. Ал 2001-2009 жылдар аралығында мемлекеттік мереке ретінде атап өтілген. Алайда 2009 жылдан бастап «Республика күні» мемлекеттік мереке қатарыннан алынып тасталды.2022 жылы 16 маусым айында Қ.Ж.Тоқаев Республика күнінің мәртебесінқалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды.

2-жүргізуші: «Тәуелсіз ел болу, тек оны жариялау немесе мемлекет құрумен ғана шектелмейді. Оны сақтау, қуатты қылу күнделікті қажырлы еңбек, ұтымды саясат пен ел бірлігінің негізінде жүзеге асады» деп ел президенті Қ.Ж.Тоқаев айтқан сөздің маңызы аса зор.

1-жүргізуші: Иә, егемендік елдікпен, тәуелсіздік тұрақтылығымен қымбат. Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: тірі болсақ, алдымызда үлкен той. Алаштық баласы бүгін болмаса жақын арада өз тізгіні өзінде, жеке, бөлек мемлекет болар деп, елдік сенімін айтқан екен.

2-жүргізуші: Алаштың асқақ арманының көрінісі бүгін міне бейбіт елдің төрінде, ұрпағы ұлы кең байтақ жерде керемет қасиетті мерекені тойлауда. Дархан дала төсінде өрісін кеңейтіп өркен жайған еліміз көркейе берсін!

Олай болса алдарыңызға 2-сынып оқушыларын шақырамыз

МОНТАЖ (2-сынып)

2-жүргізуші:Біздің басты бақытымыз біз тәуелсіздіктің құрдасымыз. Сондықтан тарихымызды терең танып, еркін озық дамудамыз. Келер ұрпақта осы үрдістен жаңылмайтынына сенімдіміз.

1-жүргізуші: Рас, заманында ұлтымыздың азаттық жолында құрбан болған Мағжан атамыздың «Арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,мен жастарға сенемін»деген сенімі мен аманатын арқалап келеміз.

2-жүргізуші: Бұл жауапкершілікті мектебіміздің оқущылары да сезінуде. Себебі олар бесігінен бейбіт күннің шуағына шомылып, татулықтың әлдиімен өсіп келеді.

ЛАУРА МОНОЛОГ Ортада мектеп оқушылары (өлең оқиды)

1-жүргізуші:

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып,-деп Абай атамыз айтқандай ортада ән

«Батырлар ұраны» 6-7сынып оқушылары хор

Ортада 5-сынып оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдануын тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:Кез-келген мақсатымызға жету үшін адамның бойында сенімді серіктері: адалдық, жігерлілік, табандылық болуы керек. Ал осындай қасиеттерді, бойына сіңдіре білген мектебімізде талантты өнерпаздар аз емес.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың. Ортада мектебіміздің оқушыларының биін тамашалаңыздар.

Би поппури,флешмоб

2-жүргізуші:

Мен қазақпын,ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы кең

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын,данамын мен!

1-жүргізуші:Мен жігітпін, айқасқа сынға шықтым

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың,

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда

Шарықтасам қыран боп шынға шықтым

Ортада «Қазақ осы» әні

1-жүргізуші:

Тұғырымда туым бар

Орманменен нуым бар

Сылдырлап аққан суым бар

Бұл менің Қазақстаным!

Егінді далам ба(р

Еңселі қалам бар

Бұл менің Қазақстаным!

2-жүргізуші:

Дархан дала қырым бар,жырым бар

Көктен құйылған нұрым бар

Бұл менің Қазақстаным!

Өркениетке ілескен көшім бар

Сүйенетін досым бар

Бұл менің Қазақстаным!

1-жүргізуші:

Жазым бар, жаңбырым бар

Тарихым тағдырым бар

Бұл менің Қазақстаным!

Ортада « » әні

2-жүргізуші: Ынтымақ бірлік келісім,

Ең асыл бақыт ел үшін

Бәйтерегім мәуелі

Достықтың төккен жемісін

Нұр шашқан барлық арманым

Қазақстаным сен үшін.

1-жүргізуші: Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев біздің күш-қуатымыз, берекелі бірлікте деп айтқандай республикамызды өркендететінде,елімізді жаңа белестерге жетелейтінде-ауызбіршілігіміз бен татулығымыз!

2жүргізуші: Бейбіт аспан көгінде қырандай қалықтаған Қазақстан әр азамат үшін қасиетті атамекен! Қастерлі Отан! Татулық пен тұрақтылыққа, жарқын болашаққа бет алған еліміз, дос қуанатын, әлем сүйсінетін,берекелі мекенге айналсын!

Қош, сау болыңыздар!




























«№199 орта мектебі» КММ

Бекітемін

Мектеп директорының оқу

ісі жөніндегі орынбасары м.у.а:

_____________Г.Есқали














Тақырыбы: «Адалдық пен әділдік адамдықтың белгісі»

(адалдық сағаты)











Жоба жетекшісі: Л.Олжабаева














2023-2024 оқу жылы


Тақырыбы: Қазақстан – кең байтақ Отаным








Жауапты: Л.Олжабаева


















2023-2024 оқу жылы


199 орта мектепте өткен

«Қазақстан – кең байтақ Отаным!»

тақырыбындағы салтанатты жиынға



Анықтама

24.10.2023 күні «Қазақстан – кең байтақ Отаным!» тақырыбындағы салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынның мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Салтанатты жиын еліміздің әнұранымен басталып, оқушыларымыздың мәнерлеп оқу, ән айту, би билеуімен жалғасын тапты. Сонымен қатар 5-сыныпқа қадам басқан оқушыларымыз «Жас ұлан» ұйымына қабылданды.

Қорытынды: Адам шыр етіп дүние келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға деген, туған жерге деген ыстық сзім, үлкен махаббат болады. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Сілтемесі: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0gZ6VAtzRdwuQsBCZ4gb6HbiUcpVi8j6x5nLhBjGstaMwajCudESGjJgtGtCJ7W3kl&id=100023918148317&mibextid=Nif5oz

Анықтама беруші: Л.Олжабаева




«Бекітемін» Г.Есқали

«Мектебім мейірім мекенім» сынып сағаты
Мақсаты:
Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту;
— мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Біз бүгінгі тренингімізде адамның жақсы құндылықтарының бірі мейірімділік жайлы әңгімелесеміз. Адамдардың бір — біріне деген мейірімділігі — әдептілік белгісі.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс - тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат - шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкәрім)

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж. Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең - мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

Ойланайық, пікірлесейік

1. Мейірімділік деген не?
2. Сенің ойыңша мейірімді адам қандай болу керек?
3. Өздерің қандай мейірімді іс жасадыңдар?

Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?
Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімде болдыңдар?
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Адамдар бір - біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу.
Нақыл сөздер
«Мейірімділік - жүректен» (Халық даналығы)
“Мейрімділікті анадан үйрен” ( Халық даналығы)

Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін сыйлайды. Мәпелеп, аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық даналары «Мейірімділікті анадан үйрен» деген.


Мақал - сөздің мәйегі

1. Ата - асқар тау Ана(бауырыңдағы бұлағың)
2. Ұлың өссе, Ұлы (үлгілімен ауылдас бол)
Қызың өссе (Қызы үлгілімен ауылдас бол.)
3 Бала жас шыбық сияқты -(қалай исең солай иіледі).
4. Бала жақсы болса -(қуаныш, жаман болса - қиналыс.)
5. Ерлі - зайыптылар тату болса -(үйге береке, араз болса - елге келеке)
6. Анасы қандай болса -(баласы сондай)
7. Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер)

“Мейірімділік” кестесі
Мейірімді істер
Мейірімді адамның қасиеттері
Шығармашылық жұмыс

“Мейірімділік шуағы” тақырыбында ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме жазу, суретші ретінде сурет салу.

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
Сүйіспеншілік, қамқорлық, жарастық, ынтымақ, бауырмалдық, махаббат, ынтымақ, бірлік достық.

Күлімдеген күн мейірімді!
— Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
— Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
— Аяулы анам мейірімді!
— Қадірлі әкем мейірімді!
— Әлпештеген әжем мейірімді!
— Еркелеткен атам мейірімді!
— Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
— Тату — тәтті достарым мейірімді!

Мейірімділік дегеніміз:

Мейірімділік рахметті күтпейтін, өз істерінің бағалауын,
аталуын талап етпейтін сезім;

Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық,
кең пейілдік, жанашырлық.
Ізгі ниет секілді қасиеттер;

Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі;
Мейірімділік - адамдар бір - біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы;
Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды;
Мейірімділік махаббат, қайырымдылық,
Адалдық секілді ақ жүректен шығады;
«Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір — біріне деген жақсы тілектерін білдіреді. Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,
Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» — деп сабақты аяқтайды.






199 орта мектепте өткен

«Мектебім мейірім мекенім»

тақырыбындағы салтанатты жиынға



Анықтама

01.09.2023 күні «Мектебім мейірім мекенім» тақырыбындағы сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сынып сағатының міндеті:
— мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— өзара сыйластық қарым — қатынастарын дамыту;
— мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Қорытынды: Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі;
Мейірімділік - адамдар бір - біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы;
Мейірімділік адамның ізгілігін анықтайды;
Мейірімділік махаббат, қайырымдылық,
Адалдық секілді ақ жүректен шығады- деп әрқашан мейірімді болуға асығайық. Айналамызға мейірімділік шашуға асығайық.
Сілтемесі:
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02eVWVXkf3e3sShpvpRBTePoe4UKBGPUgpANbCpY7oURdGjuzFd24wz5Hni9dczUQFl&id=100023918148317&mibextid=Nif5oz

Анықтама беруші: Л.Олжабаева





«Бекітемін» Г.Есқали

ХХІ ғасыр көшбасшысы

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, әділқазы алқасы мен ұстаздар!

2-жүргізуші: «Даланың алып қоңырауы» атты Ы.Алтынсарин атамыздың 177 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған апталыққа қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Бүгін сіздер 8 сыныпта


р арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыстың куәгері боласыздар.

2-жүргізуші:

Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын —

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыс бұрын, бүгінгі ойынның әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: 1.Гүлнұр апай 2.Гүлзат апай

1-жүргізуші:

Өнер мен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде,

Өзіндік менің үнім бар.

Білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін.

2-жүргізуші:

БІРІНШІ КЕЗЕҢ

«БӘЙГЕ»

Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз

дей келе  біз  келесі  кезең БӘЙГЕ  кезеңін бастайық.

1-жүргізуші: Ойынның шарты.

Төрт оқушы қатысады.
1. Әр қатысушыға 2 сұрақтан қойылады, әр сұраққа жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 5 ұпай иеленеді.
3. Жауапқа 5 секунд уақыт беріледі.

2-жүргізуші:

1-сұрақ. Нөл температурада су неге айналады?

А. Буға Б. Мұзға В. Газға

2-сұрақ.

1-жүргізуші:

1-сұрақ. Интернетпен тікелей байланыс жасайтын құрылғы. А. Модем Б.Wi-Fi В.Тарелка

2-сұрақ. Ноғай ордасының астанасы. А. Сарайшық Б.Отырар В. Тараз

2-жүргізуші:

1-сұрақ. Ең кіші планета?

А. Меркурий Б. Нептун В. Плутон

2-сұрақ. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі?

А. Роза Рымбаева Б. Әміре Қашаубаев В. Шәмші Қалдаяқов

1-жүргізуші:

1-сұрақ. Ақпараттың ең кіші бірлігі.

А. Бит Б. Байт В. МГбайт

2-сұрақ. “Оянған өлке” романының авторы.

А. Сәбит Мұқанов Б. Жүсіпбек Аймаутов В. Ғабит Мүсірепов

2-жүргізуші:

1 кезең аяқталды. Енді Ыбырай атамыздың шығармасынан өлең оқу үшін 7 «А» сынып оқушысы – Ибжарова Айзатты ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Рахмет, Айзат. Енді екінші кезеңіміз «Дода» кезеңін бастайық.

Мәңгі  бақи  есте  қалар

Ғажайып  бір  сайыс  болсын

Білімдірек  шәкірт  озар

Қиынырақ  сұрақ  болсын  деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік.

2-жүргізуші: «Дода» кезеңінің шарттары.

4 оқушы қатысады. Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.  Екінші турда мектеп бағдарламасына сай 6 пәннен сұрақтар қойылады.
1. Қатысушыларға 6 тақырып ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы тақырыпты өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші турда алған орнына сәйкес жүзеге асырылады.  Бірінші (соңғы) орын алған ойыншы бірінші болып  таңдайды, әрі қарай осылай кезекпен кете береді.
2. Әр тақырыптың ішінде бес сұрақ болады,  сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына  10 ұпайдан қосылып отырады.
3. Жауап ауызша беріледі.
4. Екі тур барысында барынша көп ұпай жинаған үш ойыншы үшінші турға шығады.

Қазақ тілі

1.Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)

2. Сөз құрамын зерттейтін сала?(Морфология

3. “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” тіркесінің мағынасын айт?    

                                (Тыныштық заман)

4.Екі не бірнеше адамның сөйлесуі?(Диалог)

5. Дыбыстың жазба таңбасы? (әріп)

Математика

1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)

2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)

3. “Миллион” деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы?(Ы.Алтынсарин)

4. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем?(аксиома)

5. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі?   

                  (Планиметрия) 

Физика

1.     Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ?(Ньютон)

2.     Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

3.     Дисперсия құбылысы дегеніміз не ?(Жарықтың спектрге бөлінуі)

4.     Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?(Архимед күші)

5.     Қысымды қандай құралмен өлшейді ?(Барометр)

Тарих

1. Тарихтың атасы?(Геродот)

2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім(Р. Қошқарбаев)

3. Тұңғыш қазақ демограф ғалымы?(М. Тәтімов)

4. Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)

5. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды?(1723 ж.)

География

1.     Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ?(Қызылқұм)

2.     Экватордың жалпы ұзындығы?(40000 км)

3.     АҚШ-тың солтүстік штаты ?(Аляска)

4.     Ең терең көл? (Байкал)

5. Тайланд астанасы?(Бангкок)

Информатика

1.     Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор, Пернетақта)

2.     Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)

3.     Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)

4.     “Компьютердің атасы” деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)

5.     Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoftкомпаниясының президенті ?(Билл Гейтс) 

 ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
”ЖОРҒА”

1. Турға үш адам қатысады. Екінші турда жиналған ұпай есептелмейді.
2. Қатысушыларға мектептен тыс 4 тақырып берілген. «Салт-дәстүр», «Спорт», «Тұлғалар», «Еркін тақырып» Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша  бағаланатын сұрақ жасырылулы. Оған сәйкес 10;20;30;40балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған  мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қолкөтеру арқылы  дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
9. Турдың (ойынның) жеңімпазы болып үшінші турда барынша мол ұпай жинаған ойыншы танылады.
10. Ұпай саны тепе-тең түсетін болса төртінші тур (овертайм) өткізіледі.

Жұмбақтар   жарысы 

Келді  кезек  жұмбақты  шешуге

Жауаптарын  беруге  үш  тілдерде

Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз

Жақсы баға шәкірт  саған несібе

Жасырылған  жұмбақтардың  жауабын  қазақ,  орыс, ағылшын  тілдеріне  аудару керек.

1. Көкке  шаншып  құйрығын,

Келеді  шауып жүйрігім.

(жылқы- лошадь- horse)

2. Ащыдан  басқа жемейтін

ыстықшөлде отаны

Шөлдесе су деймейтін.

(түйе-верблюд-camel)

3. Тастан тасқа секірген,

Ұзын салпаңқұлақты

Қойдан  маза кетірген.

(ешкі- коза- goat)

4. Екі айнасы  бар,

Екі найзасы бар.

(сиыр- корова – cow)

5. Аласа ғана бойы бар,

айналдырып киген тоны бар.

(қой- баран- sheep)

І кезең. «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз, 

1. Адам қоныстанбаған материк? (Антарктика)
2. Астана қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл)
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата? (Бастауыш, Баяндауыш)
4. 2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6)
5. Жеті жарғыны қазақтың қай ханы жазған? (Тәуке хан)
6. Ең терең көл? (Байкал)
7. «Менің Қазақстаным» әнін шығарған сазгерді ата? (Шәмші Қалдайяқов)
8. Жұмысшы құмырсқа мен әскери құмырсқа айырмашылығы? (Әскери құмырсқаның басы үлкен)
9. Жылқының пірі қалай аталады? (Қамбар ата)
10. Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды? (300)
11. 2014 жылы Олимпиада ойындары қай қалада өтті? (Сочи)
12. Қазақша жыл санау бойынша жыл басы қай аңға берілген? (тышқан)
13. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
14. Астана қаласындағы Бәйтерек монументінің биіктігін айтыңыз, ол нені білдіреді? (97 метр, Астанаға көшкен жылды білдіреді)
15. Жетісу өңірінде алтын адам қай жерден табылды? (Есік)
16. Мұхтар Әуезовтың 157 мемлекет таныған ұлы шығармасын ата? (Абай жолы)

ІІ кезең. «Тіл өнер»
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе.

1-ойыншыға:
1) Берген сауа-садақа, қасиетті… (Жұмада, пятница, Friday)

2-ойыншыға:
1) «… жылда ел жаңа» (елу, пятьдесят, fifty)

3-ойыншыға:
1)Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)

4- ойыншыға:
1)Қанатсыз құс-жапырақсыз … (ағаш, дерево, tree)

5- ойыншыға:
1) Сабыр мен … бәрін де жеңбек. (еңбек, труд, labor)

6- ойыншыға:
1)Ақылдының саусағы — …(мың, тысяча, thousand)

Осы сайысымызды қортындыласақ.:

ІІІ кезең. «Жорға»
Қойылған сұрақ есепке
Ойланып жауап іздейік
Уақытты текке өткізбей
Лезде шешіп тастайық.

1-ойыншы:
1. Реніш сөзінің антонимі? (Қуаныш)
2. Жерге ең жақын планета? (Шолпан)
3. Жердің табиғи серігі? (Ай)
4. Еліміздің мұнай өндіретін облысы? (Маңғыстау, Атырау)
5. Ресейдің Астанасы? (Мәскеу)
6. Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)
7. Ең кішкентай жай сан? (2)
8. Құмырсқа өз илеуін ағаштың қай жағына салады? (оңтүстігіне)
9. Қозы-Көрпеш ғашығы? (Баян Сұлу)
10. Массаның өлшем бірлігі? (килограмм)
11. Ең ірі сүт қоректі? (кит)
12. Қазақстан жер өлшемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында? (9-шы орында)
13. Ненің шұңқырын көрмейміз? (желкенің)
14. «Қырық өтірік» өлеңінде өтірік өлеңді кім айтты? (Тазша бала)
15. Дүние жүзінде ең халқы көп мемлекет? (Қытай)

2-ойыншы:
1. Қуаныш сөзінің антонимі? (Реніш)
2. Термометрге қандай металды пайдаланады? (Сынап)
3. Англия астанасы? (Лондон)
4. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Жақсылық Үшкемпіров)
5. Қаттқан су? (мұз)
6. Кебек ғашығы? (Еңлік)
7. Килограмм қай шаманың өлшем бірлігі? (масса)
8. Ең кішкене құс? (Калибрий)
9. Ненің сүті тілінде? (сиыр)
10. Атмосфераның температурасын өлшейтін прибор? (Термометр)
11. Африкадағы құмды шөл? (Сахара)
12. Натурал санға жатпайтын сан? (0)
13. Қаймақ қандай сүттен жиналады? (пысқан)
14. Тура айтқан кімге жақпайды? (Тумасына)
15. Ауырмайтын жыртқыш? (Акула)

3-ойыншы:
1. Төмен сөзінің антонимі? (жоғары)
2. Мұздың еріген түрі? (Су)
3. Адам немен дем алады? (оттегі)
4.Франция астанасы? (Париж)
5.Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
6. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл? (Күріш)
7..Баян Сұлу ғашығы? (Қозы Көрпеш)
8. «Балбырауын» күйінің авторы? (Құрманғазы)
9.Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)
10. Өз заманында «Қарлығаш әулие» атанған кім? (Қазыбек би)
11.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)
12.Қыз ұзатудағы қыздың әні? (Сыңсу)
13.Қан беруші адам? (Донор)
14. Сүйінбай қай ақынның пірі болған? (Жамбыл)
15.Операның халықаралық тілі? (Италия)

ІІІ кезең «Дода»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын,
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын, 
— деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.Ұпай саны ең ез ойыншы бірінші болып сұрақ таңдайды. Дұрыс жауап бермеген жағдайда сұраққа жауап беру қарсыластарына беріледі.

Қазақстан 20
Шығыс Қазақстан Облысында неше «Алтын адам» табылды?
Жауабы: (екі, Берел мен Шіліктіде)
Қазақстан 30
ҚазақтанРеспубликасының алғашқы ақшасы қай жылы пайда болды?Жауабы: (1993)

Қазақстан 40
Шығыс Қазақстан облысы Күршім өңірінің азамат соғысы кезіндегі партизан отряды қалай аталды?
Жауабы: Қызыл Қыран немесе отряд Красных Орлов

Ұлы тұлғалар 20
Жай сандардың кестесін балауыздан жасап атағы шыққан ?Жауабы: Эросфен

Ұлы тұлғалар 30
Дүние жүзіндегі тұңғыш әйел профессор кім?Жауабы: Мария Складовская

Ұлы тұлғалар 40
XVIII ғасырда 1-ден 100-ге дейінгі сандарды сабақ үстінде қосып нәтижесін тапқан оқушы?Карл Гаусс

Математика 20
9 санын үш рет пайдаланып және математикалық амалдарды қолданып 10 санын шығар?
Жауабы: 9:9+9
Математика 30
Ұзындығы 12 см, ені 4 см тік төртбұрыш ауданы неге тең?Жауабы: 48

Математика 40
Оқушы ойлаған санды 5-ке бөлсе 2 қалдық қалады, 7-ге бөлсе 1 қалдық қалады. Ол қандай сан?
Жауабы:22

Сонымен бүгінгі сайысымыздың мәресіне де жеттік.
Жансын десең маңдайыңда шамшырақ,
Жауаптарын тапсын десең сан сұрақ.
Жүрек жүрсін намысыңды қамшылап,

Жаусын бетті маңдай терің тамшылап, деп бүгінгі кешімізді аяқтағымыз келеді. Ойынға қатысқан оқушыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Үлкен жетістіктерден көрініңіздер!


199 орта мектепте өткен

«21 ғасыр көшбасшысы»

тақырыбындағы сайысқа



Анықтама

23.10.2023 күні «21 ғасыр көшбасшысы» тақырыбындағы сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Сыныптағы  білімді, жан-жақты оқушыны  анықтай  білуі  керек. Көшбасшы  оқушының білімге үйренуге деген  қызығушылығы, ынтасы болатынын  ұғынуы  тиіс. Әр оқушы   жеңімпаз болуға ұмтылуы, көшбасшылық  қасиеттерін  көрсетуге  бейімделуі   қажет.

Сайыста негізгі деген барлық пәндерден әртүрлі сұрақтар берілді.

Қорытынды: Сайыстың қорытындысы бойынша сыныптағы көшбасшы- Қазиева Медина екенін анықталып, мақтау қағазы берілді. Басқа қатысушылар қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталдыы.

Анықтама беруші: Л.Олжабаева


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2025
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі