жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚАЗАҚСТАН: кеше, бүгін, ертең
Сабақтың
тақырыбы:ҚАЗАҚСТАН: кеше,бүгін,ертең
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Елбасының
қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі,
экономика мен саясаттағы реформаларына
талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:
Топтық
өзіндік жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың
құжатпен жұмыс істеу,іздену,өз ойларын
айту қабілеттерін дамыта.
Тәрбиелік:
Ел
болашағын ойлайтын,халқы үшін еңбек
ететін,ұттық санасы,құқықтық мәдениеті
қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дөңгелек стол
Сабақтың әдісі: Баяндау, ой толғау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреттері, Н.Ә.Назарбаев туралы шет Президенттері мен саясаткерлерінің айтқан сөздері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Конференцияға қатысушы адамдармен таныстыру.
Бүгінгі дөнгелек үстелге қатысушылар: 8-11 сынып оқушылары. Және қонақ ретінде қатысушылар мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілер, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары М.Женсикбаева
Саясаттанушы- Қабиденов Б. 11-сынып оқушысы
Әлеуметтанушы- Аманжолов А. 11-сынып оқушысы
Экономист- Мақсымов Қ. 11-сынып оқушылары
Мәдениеттанушы- Төкенова Б. 11-сынып оқушысы
Журналист- Акишева Н. 9-сынып оқушысы
Болашақ журналист – Сатан З. 9-сынып оқушылары
«Ана тілі» газетінің тілшісі- Сатан Ж. 8-сынып оқушылары
Құқықтанушы- Аубакиров Т. 9-сынып оқушылары
«Жас Алаш» газетінің тілшісі- Әбутаева Н.8-сынып оқушылары
Сараптамашы- Жаман Е. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
ІІІ. Жұмыс регламентін белгілеу
Мамандардың жазған жұмыстары оқиды . (10-15 минут)
Мамандардың сұраққа жауабы. (4-5 минут)
Ойынға қорытынды жасау. ( 4-5 минут)
ІҮ. Ойға қорытынды
І. Мұғалім сөзі.Тарих пәні мұғалімі Ә.Қарабалин.
Мұғалім сабақтың мақсаттарын қатысушы адамдармен таныстырып, құттықтау сөзімен бастайды.
Ықылым замандардан барша мәдениет атаулының отаны болған Азия соңғы бірнеше ғасырда қарыштап дамыған батыс мәдениеті өкілдерінің пайымынды артта қалған мешеуліктің, кедейліктің белгісіндей көрінетін. Алайда, өткен ғасырдың екінші жартысында, әсіресе соңғы ширегінде Азияда бірінен
соң бірі технологиялық серпілістер жасап, асқан қарқынмен дамыған елдер Азия таңғажайыптарын туғызғаны белгілі. Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты елдердің даму қарқыны олардың атына таңғажайып деген анықтауыш алып келді. Осыдан небәрі 20 жыл бұрын Тәуелсіздігін алған сәтінде әлем елдерін былай қойғанда бұрынғы Кеңестік Республикалардың көш соңында болған Қазақстан аз ғана жылдың ішінде осынау алпауыттардың қатарына қосылып «Қазақстан ғажайыбы» деген термин туғызды.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау.
Экономист :
Мемлектіміздің соңғы жылдардағы шапшаңдамуындағы Елбасының еңбегі айырықша зор.Себебі өткен ғасырдың 90-жылдары Кеңес Одағы құлап,еліміз орасан зор экономикалық қиындыққа ұшыраған кезде мемлекет басшысыештеңеден қорықпай,тәуекелге бел байлап,экономикалықреформалар жүргізе білді.Қазақстан сол кездегі КСРО-ның қоластындағы шикізат беруші артта қалған ел болатын.1995 жылдың қаңтардан 1995 жылғы қарашасына дейін тікелей Президенттің қатысуымен147 нарықтық заңдар шығарды.Сол заңдардың арқасында ел экономикасы жекешелендірілді,елге шетел инвистициясы кеңінен тартылды.Елбасы Қазақстанның экономикасымен бірге халықтың әлеуметтік жағдайна да көп көңіл бөліп отырды. Қазақ елінің экономикасымен әлеуметтік жағдайы «Қазақстан-2030» бағдарламасында кең орын алған.Президентіміз өз бағдарламасында эконмикаға үшінші басымдық бере отырып,экономиканы дамытуға және реттеп отыруға мемлекеттік белсенді рол атқаруын қолдай отырып бірақ мемлекет органдарының ел экономикасына жөнсіз араласқанын қолдамайтын атап көрсетті. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында нарықтық экономиканы тұрақтандырып дамыта беру,кәсіпкерлерге несие беру,теңгені тұрақты ұстап тұру,озық технологияны тарту,инфляциямен күрес,шетел капиталын тарту мәселелері жан-жақты атап көрсетілді.
Экономистер тобы жасаған сызба
-
Нарықтық экономикаға көшіру (90-жылдардағы реформалар);
Бағаны босату (еркін баға) |
|
Жаңа салық саясаты |
Шетел және отандық инвентицияға қолдау жасау; |
Жекеменшікке рұқсат беру; |
Мақсаты: Қазақстанда дамыған нарықтық экономика құру
|
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. |
2.Саясатшылар тобына сұрақтар:
1. Қазақстанда қандай халықтар тұрады және олар қандай діндерді ұстайды?
2.Орташа тап деген не?
3.Қоғамымызда жиі айтылатын толеранттық,көпвекторлы саясат,демократия деген сөздердің мағанасын түсіндіру?
4.Қазақстан қандай әлемдік ұйымдарға толыққанды мүше болып отыр?
5.Қазақстанның тәуелсіздігін қай ел бірінші таныды?
6,Әлемде қандай діндер бар?
7.Түркі тілдес елдерді атаңдар?
8.ХХ ғасырдағы Қазақ елінің астаналары?
Саясатшылар: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев-сыртқы және Ішкі саясатта данышпан алғыр саясатшы ретінде әлемге кеңінен танымал адам.Президентіміздің жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында еліміз тыныш жағдайда өмір сүріп жатыр.ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сырқы саяси тұрақтылық мемлекетіміздің ең басты саясаты болып отыр. «қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұлттық қауіпсіздік мәселесіне бірінші басымдық беріп отыр.Себебі адамзат баласында мемлекет алға басу үшін соғыс болмау керек.Елде тыныштық болуы шарт.1993 жылы Қазақстан елі Лиссабон хаттамасына қол қойып,ядролық қарудан бас тартып, әлемге үлгі көрсетті. Қазақстан сырқы саясатта бірнеше елдермен көпвекторлы саясат ұстанып отыр.
Бұл елдер:
Ресей бастаған ТМД елдері;
2.Туркия,Иран,Араб елдері;
3.АҚШ,Европадағы Батыс елдері;
4.Қытай,Жапония,Корея бастаған ШығысАзия елдері;
Саясатшылар жасаған кесте:
Ішкі саясат |
Сыртқы саясат |
1.Ішкі саяси тұрақтылықты сатау, 2.Ұлттар арасындағы келісім, 3.Мәдениетті,тілді өркендету, 4.Дінаралық келісімді орнату, 5.Қоғамды демократияландыру т.б. |
1.Бейбіт қатар өмір сүру, 2.Көпвекторлы саясат, 3.Шетел капиталын тарту, 4.Ядролық қарудан бас тарту, 5.Көрші елдермен достық қатынас т.б. |
Мәдениеттанушылар тобына сұрақтар:
1.Астана қаласында қандай мәдени орындар бар?
2.Елбасының қандай өзі шығарған әндері бар?
3.ХХ ғ.өмір сүрген атақты қазақ жвзушылары?
4. «Мәдени мұра»бағдарламасы деген не?
5. Тұнғыш қазақ киносы?
Мәдениеттанушылар:
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ елі мәдениет саласында үлкен өзгерістерді бастан кешті.Халқымыз өз тілін,дінін,төл мәдениетін дамытуға көшті.Еліміздің ғалымдары қазақ елінің өткенін зерттеп,көптеген ақтандықтарды ашты.Елбасының тікелей қолдауымен көптеген тарихи даталармен қатар,ұлы тарихи тұлғалардың мерейтойлары аталып өтелді.Қаныш Сәтбаевтың,Жамбыл Жабаевтың,Абайдың,Алаш оқығандарының,қазақ батырларының т.б. тойлары аталып өтілді,олардың рухани мұралары зерделенді.Тәуелсіздік нәтижесінде тарихи атаулар қайтарылды,көптеген қала атаулары,көше аттаулар,көше аттары қазақыланды.Тәуелсіздің монументі және Астанада Кенесары,Абылай ханның,Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би,Алматыда Жамбыл Жабаевтың т.б.тарихи тұлғалардың ескеркіштері ашылды.
Мәдениеттанушылар жасаған тірек сызба:
Қазақ халқының тарихи тұлғаларының қайта оралуы.Ұлттың дамуы. |
Отаршылдық атаулардан арылу.жер аттарының қазақшалануы. |
Ұлттық мәдениеттің жан-жақты дамуы.Дін мен тілдің өркендеуі. |
Бекіту сұрақтары:
1.Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
2.Н.Ә.Назарбаев қай жыл, қай жерде дүниеге келді?
3. «Қазақстан-2030»неше басымдықтан тұрады?
4.Елбасының биылғы Жолдауы қалай аталады?
Дөңгелек үстелді қорытындылау:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген