Материалдар / Қазақстан климаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан климаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан климатының ерекшелігі мен халық шаруашылығына әсерін білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2020
542
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан климаты
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаттық жағдайы №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: Қазақстан климатының ерекшелігі мен халық шаруашылығына әсерін білу.
Сабақ мақсаттары: Тақырыпқа қатысты терминдермен жұмыс жасау;
Қазақстан климатының басты ерекшеліктерін білу;
Қазақстанның климаттық жағдайларын аймақтар бойынша салыстыра алу;
Қазақстан климатының халық шаруашылығына әсеріне баға бере алу.
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. 
- Суреттерді көру арқылы 
сабақтың тақырыбы менмақсатын анықтау;
- Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен танысу.
№1 тапсырма. «Климат дегеніміз не?» бейнебаянын көре отырып, сұрақтарға жауап беру, талдау жүргізу.
- Ауа-райы дегеніміз не?
- Климат дегеніміз не?
- Климатты қандай факторлар құрайды?
- Климаттың қандай түрлерін білеміз және адам шаруашылығына ең қолайсызына сипаттама бер?
- Жергілікті жердің мысалында қандай Қазақстан климатына қандай сипаттама бересің?
- Қазақстан климатының негізгі ерекшеліктері қандай?
Бағалау:
- Оқушылар жоғарыда берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өз ойларын ашық айтып талдау жасай алады. 
№2 тапсырма. Жеке жұмыс. Кестемен жұмыс. Берілген анықтамаларға дұрыс жауап беріп, сйкестендіру.
- климат – 
- ауа-райы – 
- ауа массалары – 
- атмосфералық қысым – 
- жел – 
- күн радияциясы – 
- изотерма – 
- изобара – 
- изогиета - 
Қосымша 1.
Бағалау:
- Оқушылар терминдерді дұрыс нұсқасына қарап, тексеріп, өздерін бағалайды. 
№3 тапсырма. Топтық жұмыс. Диктоглосс әдісі.
Оқушыларға тақырып бойынша оқу үшін қызықты материал, мәтінді диктоглосс әдісі арқылы оқылады. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап болған соң өздері сол мәтінді қайта құрастырады. Бұл жерде сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, мұғалімнің оқыған қызықты мәтінін тиянақты тыңдайды. Әр топ өздерінің мәтін бойынша есінде қалған мәліметтер арқылы оқылған мәтіннің түпнұсқасына жақын мәтін құрастырып шығады. 
Қосымша 2
Бағалау:
- Оқушылар құрастырған мәтіндерін мәтіннің дұрыс нұсқасы арқылы өзге топтарды тексеріп, бағалайды. 
№4 тапсырма. Топтық жұмыс. АКТ пайдалана отырып. Қазақстанның 5 аймағы бойынша экологиялық ахуалын жоспар бойынша зерттеу (Оңтүстік Қазақстан, Солтүсік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан)
- Аймақ атауы:
- Географиялық жағдайы мен орны:
- Температураның орташа жылдық мөлшері:
- Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері:
- Жиынтық радияция мөлшері:
- Аймақ климатының жалпы ерекшелігі:
- Климат ерекшелігіне байланысты қандай шаруашылық түрі дамыған?:
- Аймақтың климаттық жағдайына баға бер:
Бағалау:
- Оқушылар жоспар бойынша зерттеу жүргізіп, елші әдісі арқылы өзге топтармен пікір алмасып, бірін-бірі бағалайды.
Сабақты қорытындылау барысында мұғалімнің кері байланысы. Мұғалім сабақ барысында белсенді әрі жүйелі түрде және енжарлық танытқан оқушыларды атап өтіп, бірін мақтап, екіншісіне ескерту жасап өтеді.....





























Тақырыбы: Жер шарындағы климаттық белдеулер.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға климаттық белдеулер, таралуы, ерекшеліктері, климат қалыптастырушы факторлар жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.


Болжамдап отырған нәтиже: Жер шарындағы климаттық белдеулермен танысқан тұлға.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Б.Ү.Ү. кестесі.

3. Тірек-сызба.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кетесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Ауа массалары?

2. Басым желдер?

3. Жауын-шашынның таралуы?

4. Материк пен мұхит ауа массаларының бір-бірінен айырмашылығы?

5. Пассаттар дегеніміз не?

Қорытындылау.


ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы климаттық белдеулерді түсіндіру.






Субарктикалық

Субтропиктік

Субэкваторлық

Арктикалық

Қоңыржай

Тропиктік

Экваторлық

Өтпелі

Негізгі

Климаттық белдеулер



















3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы климат қалыптастырушы факторларды түсіндіру.



Мұхиттар-

дың ықпалы

Жер бедерінің сипаты






Климат қалыптас-тырушы факторлар






География

лық ендік



Ауа массалары-

ның қозғалысы









Қорытындылау.




IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді








































Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өзендері мен көлдері.

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында түсінік беру.

Міндеттері:
1. Өзен және көл туралы өткен сыныптардан, өмірден білетіндерін еске түсіру арқылы Қазақстанның өзендері мен көлдері туралы мәлімет алады.

2. Оқушылардың ой белсенділігін, сөздік қорын, сөйлеу әрекеттерін дамыту.

3. Табиғатты қорғауға және аялай білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, топтастыру, шығармашылық.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнесюжет, таратпа материалдар.




Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Сабаққа даярлау

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, бағалау

1. 62-бет, 2-тапсырма. Диалогті мазмұндау, сөздік жаттау.

2. 3 зат есімді көптеу.

Қызығушылықты ояту кезеңі.

Ой қозғау.

Интерактивті тақтадан өзендердің ағысы бейнеленген бейнесюжет көрсетіледі.
Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Табиғат, су, өзен, көл.

Мағынаны ашу.

Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз Қазақстанның өзендері мен көлдері туралы болады.

Қазақстанның қандай өзендері мен көлдерін білесіңдер?

Өзендері: Ертіс, Іле, Жайық, Есіл, Тобыл, Сырдария, Нұра, Сарысу, Торғай, т. б.
Көлдері: Зайсан, Балқаш, Алакөл, Марқакөл

Өзен мен көлдің қандай айырмашылығы бар?

Өзен - өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су.

Көл дегеніміз - жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс.

Сөздік: (слайд арқылы көрсетіледі)

Өзен - река

Көл - озеро

мөлдір - прозрачный

бұлақ - родничок

ағады - течет

ұзындығы - длина

ірі - крупный

суы мол -многоводная

1. Сөздікпен жұмыс

а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә) Оқушылар дауыстап қайталайды.

б) Оқушылар тізбекпен оқиды.

Қазақстанның өзендері мен көлдері.

Қазақстанда өзендер мен көлдер өте көп. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның Республика жеріндегі ұзындығы 1700 км, ал жалпы ұзындығы 4248 км. Сонымен қатар ірі өзендерге Есіл, Талас, Нұра, Шу, Тобыл т.б. өзендер жатады. Қазақстанда жалпы 48262 көл бар. Олар: Зайсан, Балқаш, Алакөл, Марқакөл, Сасықкөл т.б.

Мәтінмен жұмыс.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу

2.Мәтінді тізбектей оқып, аудару

Сергіту сәті.

Жұптық жұмыс.

1-тапсырма. Диалогті оқып, жалғастыр.

Қазақстанның табиғаты қандай?

Қазақстанда қандай өзендер бар?

Қазақстандағы ең суы мол өзен қайсысы?

Табиғат дегеніміз не?

Қазақстанда неше көл бар?

2-тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жаса.

Өзен, көл, бұлақ

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.

Қазақстанның ........... әдемі. Таудан .......... ағады. Семей қаласын екіге бөліп ағатын өзен - ........ Қазақстанда 48262 ........ бар. Қазақстан ......., ......., ........ шектеседі.

Ертіс, өзен, Өзбекстан, Ресей, Қытаймен, табиғаты, көл.

4-тапсырма. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

  1. Қазақстан, су сөздерін септе

  2. Республика сөзін тәуелде

Ой толғаныс.Қазақстанның табиғаты туралы әңгіме құра

Үйге тапсырма.

1. Мәтінді мазмұндау, сөздік жаттау.

2. Шығыс Қазақстандағы өзендер мен көлдер туралы жаз.





















Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экономикалық аудандары

Сыныбы: 9

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың типі: қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.

Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың формасы:

«Қазақстанның экономикалық аудандарына саяхат» ойын сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Қазақстанның экономикалық аудандары туралы білімдерін бекіту және кейбір белгілеріне қарап экономикалық аудандарды айыра білу дағдыларын дамыту, білімдерін тексеру;

-Жеке және топтық жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру;

-Географиялық сауатты тұлғаны қалыптастыру;

Дамытушылық:

-карталар мен анықтамаларды пайдаланып, ой-өрісін кеңейту;

-экономикалық және әлеуметтік білімдерін арттыру;

-ойлау,есте сақтау, сөйлей білу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік:

-оқушылардың өз өлкесінің , жалпы мемлекетінің экономикалық дамуына қызығушылығын ояту.

-өлкені тану, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу;

-экологиялық, экономикалық тәрбие беру арқылы ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;

Сабақтың міндеттері:

  1. «Өндірісті аумақтық ұйымдастыру және экономикалық аудандастыру» сабағында алған білімдерін тексеру;

  2. Оқушының шығармашылық әлуетін ашу мен дамыту;

  3. Оқушының жеке даралық тұлғасын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізу;

  4. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың оқыту құралдары: оқулық, дидактикалық материалдар, үлестірме карточкалар, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, атластық карталар, кескін карталар, трек-сызбалар, газет-журналдар, электронды оқулық.

Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, химия, математика

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа көңілін аудару.

  2. «Экспресс-сұрақтар» Сұрақ-жауап.

  3. «Кім жылдам?» Номенклатура.

  4. «Бұл қай аудан?» бейнекөрініс, әдеби –саз.

  5. «Артығын тап!» дұрыс емес жауапты табу.

  6. «Мамандану –шаруашылықтың негізгі саласы» сәйкестендіру тесті.

  7. «Бұл әсем қала!» тарихи- мәдени ізденіс.

  8. «Пайдалы қазбалар шеруі» картамен жұмыс.

  9. Бағалау.

  10. Үйге тапсырма.

  11. Сабақты аяқтау.

Сабақтың барысы:

Қазақстан жері кең байтақ, байлығымызда асып-тасып жатыр. Ата –бабамыздан бері сақталып келе жатқан өлкемізді тану және ондағы ресурстарды сақтау мақсатында біз, бүгін еліміздің экономикалық аудандарына саяхат жасайық!

Ойынымыздың негізгі мақсаты: Қазақстанның экономикалық аудандары туралы алған білімдерін жүйелеу мен бекіту.

Ойынның шарты: Ойын барысында жеке, топтық,

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!