400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан көлдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан көлдері тақырыбы. Өтебай Тұрманжанов автормен танысу. Балқаш көлге барайық талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байжума Арайлым

Сынып: 4 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

65-сабақ. Қазақстан көлдері




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

4.1.2.1 шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша, толық, ішінара мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады: Мәтінді түсінеді, негізгі идеясын анықтайды,

Оқушылардың көбі жасай алады: Мәтінді қысқаша мазмұндайды, кейбір бөліктерін өзгертіп баяндайды, оқиғаның себеп-салдарын анықтайды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады: Мәтінге шығармашылық тұрғыдан өзгеріс енгізіп мазмұндайды, өз ойларын қосып, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

Мәтінді түсініп оқиды және оның мазмұнын айта алады.

Шығарманың негізгі идеясын анықтайды.

Оқиғаның себеп-салдарын анықтап, сұрақтар қояды және жауап береді.

Оқиғаны әртүрлі баяндау тәсілдерімен мазмұндайды.

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие.

Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

Топта және жұпта жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану (Қазақстанның географиялық ерекшеліктері).

География (Қазақстанның көлдері туралы мәлімет).

Қазақ тілі (мәтінді талдау, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру).

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, интерактивті платформа

Бастапқы білім

Оқушылар Қазақстан табиғаты туралы біледі.

Көлдер және өзендер туралы жалпы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Жаңа тақырып.

Білу және түсіну Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма. "Миға шабуыл" әдісі. Қазақстанның қандай көлдерін білесің?

Қазақстанның көлдері: Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сасықкөл т.б.


Автормен танысу

Өтебай Тұрманжановпен танысады. Оқушыларға автор туралы жазылған журнал беріледі. Кітапшада мағұлматтар мен фото-суреттер көрсетілген.

«Балқаш көлге барайық» және Тұманбай Молдағалиевтің «Көл» шығармаларын оқушылар оқиды.


Сөздікпен жұмыс


Күбі - ағаштан жасалған, қымыз, іркіт пісетін ыдыс.


Бота - түйенің төлі, яғни түйенің баласы.


Тал-құрақ – су жағасында, көлдің маңында өсетін ұзын әрі жіңішке өсімдіктердің жалпы атауы. Бұл сөз көбіне қамыс, құрақ, тал сияқты өсімдіктерді біріктіріп айту үшін қолданылады.


Жамырап – көп нәрсенің (адамдар, жануарлар, дыбыстар) бір уақытта шулап, күбірлеп, қосылып шығатын дыбысы немесе қимылы.


Шолады – шолу, қарап шығу, көз жүгірту дегенді білдіреді.


Өлеңді оқып, мәтінге айналдырады. Содан кейін мәтінді мазмұндайды. Мәтінді дұрыс құрастыру үшін дайын таратпа қағаздар таратылады.




Оқулық


Суреттер













Таратпа қағаздар


Сабақтың ортасы

30мин

Baamboozle платформасы арқылы карточкаларда сұрақтар жасырылады. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар оқулықта берілген өлеңмен жұмыс жүргізеді.


1) Балқаш көлі туралы осы өлеңдер арқылы қандай ой түюге болады?

2) Балалар Балқаш көліне не үшін бармақ болды?

3) Өлеңдегі негізгі ой қандай?

4) Құстардың ұшуын өлеңде қандай көрініске теңеген?

5) Балалар көлге жеткен соң ең алдымен не істеді?

6) Көлде қандай тіршілік иелері мекендейді?

7) Ақын көлді неге «жас ботаның көзіне» теңейді?

8) Көлдің жағасында қандай өсімдіктер өседі?


Бинго” ойыны

Оқушыларға тақырып бойынша түрлі тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.

«Қимылмен көрсет»

Өлеңде аталған іс-әрекеттерді (балық аулау, шомылу, күнге қыздыру, құстардың ұшуы) қимылмен көрсет, ал сыныптастарың не екенін тапсын.


«Салыстырайық»

Қай өлең саған көбірек ұнады? Неліктен?


«Сұрақ меннен – жауап сенен»

Өлеңге байланысты өзің бір сұрақ ойлап тап, ал сыныптастарың жауап берсін.


«Басқаша ата»

Өлеңдердің әрқайсысына басқа тақырып қойып көр.


«Досыңа айт»

Егер досың бұл өлеңді білмесе, оған қалай түсіндірер едің?


«Болжау ойыны»

Егер өлеңнің соңғы жолдары өзгерсе, қалай аяқталуы мүмкін? Өз нұсқаңды ұсын.

Интербелсенді тақта











Интербелсенді тақта















Сабақтың соңы

5мин

Кері байланыс.

Gynzy платформасы арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін,көңіл-күйлерін белгілейді.



Үй жұмысын түсіндіру.

Үйге тапсырма: Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап ал.



Сабақтан алған әсерлерін бөліседі.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.08.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12