Материалдар / Қазақстан Коммунистік партиясы

Қазақстан Коммунистік партиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Партияның тарихы, атқарылған жұмыстар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
932
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы - Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркелді. ҚКП мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Республиканың барлық облыстарында партияның өз бөлімшелері бар.ҚКП мүшелері, негізінен, соғыс және еңбек ардагерлері, жұмысшылар, зейнеткерлер болып табылады. Партия өзінің негізгі мақсаттары: республикада ғылыми социализмнің қағидаттарына негізделген, еркіндік және әлеуметтік әділеттілік қоғамын құру үшін жағдайлар жасау; коммунистік қоғамдық құрылыс құру деп есептейді.2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. 2007 жылы Мәжіліске сайлауға Қазақстан Коммунистік партиясы қатысқан жоқ.Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен заң қызметін ұйымдастыру департаменті мәліметінше, партияны жабу туралы Алматы қалалық ауданаралық-экономикалық сотының шешімі 2015 жылдың 4 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Осылай Қазақстан коммунистік партиясы қызметін тоқтатты. ИдеологиясыҚазақстан Коммунистік Халық партиясы қызметінің мақсаты - ғылыми-техникалық прогресс пен ғылыми социализм принциптерінің негізінде шынайы халықтық билікке, әлеуметтік әділеттік, жан-жақты руханилық, бостандық пен гүлденген экономикаға қарай алға басу. Осындай қоғамның түпқазығы өз қабілеттерін дамыту және көрсету, сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін толық азаматтық құқықтар мен жан-жақты мүмкіндіктерге иеленетін адам болуға тиіс.Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
  • саяси салада – демократия үшін күрес, билікті жеңіп алу, шынайы халықтық билікті орнату, Қазақстан Халық Республикасын құру. Адамды қанауды болдырмайтын, атап айтқанда: мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік меншік нысандарын тану.
  • экономикалық салада – экономиканың дамуындағы шикізаттық бағытты жеңу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қазіргі заман технологияларын енгізу, экономиканың базалық салаларында мемлекеттік меншікті қалпына келтіру;
  • әлеуметтік салада – тұрғындар үшін республикада реформа басталғанға дейін болған (1990 жыл) әлеуметтік кепілдіктер көлемін қалпына келтіру және кеңейту;
  • халықаралық қатынастарда – республиканың ТМД елдерімен интеграциялық процестерін қолдау, терроризмге қарсы күрес, халықаралық жан-жақты ынтымақтастық.


Партияның атқарған қызметі. «ХАЛЫҚ КОММУНИСТЕРІ» фракциясы.Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы (бұдан әрі – ҚКХП) Фракциясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутат- тарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес 2012 жылғы 20 қаңтарда құрылды. Фракция жетекшісі - депутат В.Б. Косарев, фракция жетекшісінің орынбасарлары - депутаттар Ж.А. Ахметбеков және Т.А. Кенжин. ҚКХП фракциясының құрамына Мәжілістің 7 депутаты кіреді: В.Б. Косарев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Парламент Мәжілісі бюросының мүшесі, Ж.А. Ахметбеков – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Г.А. Баймаханова – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының мүшесі, Б.В. Сорокин – Экология және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, А.О. Қоңыров – Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Т.К. Өмірзақов, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, Т.А. Кенжин – Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Парламент Мәжілісінің Депутаттық этика жөніндегі кеңесінің мүшесі. Фракцияның негізгі мақсаты ҚКХП сайлау алдындағы бағдарламасын, сайлаушылардың аманатын, жұмыстың парламенттік нысандары мен әдістерін пайдалана отырып партияның бағдарламалық мақсаттарын іске асыру болып табылады. Фракция өз жұмысында Қазақстан еңбекшілерінің түпкілікті мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың әртүрлі нысандары мен әдістерін пайдаланады. V сайланған парламент Мәжілісінің төртінші сессиясында жұмыс істеген кезеңде фракцияның 22 отырысын, оның ішінде: 2014 жылғы қазанда Ақмола облысының сандықтау ауданында «Кооперация – мал шаруашылығын дамытудың жолы» деген тақырыпта және 2015 жылғы ақпанда Қарағанды қаласында «Қазақстан медицинасы – миф және шындық» деген тақырыпта 2 көшпелі отырыс өткізді V САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРТІНШІ СЕССИЯДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ. Сессия ішінде ҚКХП депутаттары Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдардың басшыларына 43 депутаттық сауалдар жіберді, оның ішінде депутаттар: Ж.А. Ахметбеков – 5, Г.А. Баймаханова – 8, Т.А. Кенжин – 3, А.О. Қоңыров – 11, В.Б. Косарев – 6, Т.К. Өмірзақов – 7, Б.В. Сорокин – 3 сауал жіберді. Сессия ішінде «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары Қазақстан Республикасы Үкіметі енгізген, депутаттар бастамашы болған 70-тен астам заң жобалары бойынша жұмыс тобына жетекшілік етті. Мәселен, депутат В.Б. Косарев 4 жұмыс тобының жетекшісі болды. Депутат Г.А. Баймаханова «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары бастамашы болған «Жол жүрісі туралы» Қазақстан республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, ал депутат А.О. Қоңыров осы жұмыс тобының мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары республикалық ақпараттық топ құрамында республика өңірлерінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі жұмыстар бойынша өңірлерде іс-сапарда болды.ҚКХП фракциясының депутаттары Ж.А. Ахметбеков – Ақтөбе облысында, Г.А. Баймаханова және А.О. Қоңыров – Алматы қаласында, Т.А. Кенжин – Қарағанды облысында, В.Б. Косарев – Ақмола облысында, Т.К. Өмірзақоа – Батыс Қазақстан облысында болып қайтты. Іс сапар кезінде олар 13 елді мекендерде болып, тұрғындармен 34 кездесу өткізді, оған 5 мыңдай адам қатысты. Жеке мәселелер бойынша 48 адам қабылданды, 6 арыз қаралды, БАҚ 7 мақала жарық көрді. Фракцияның барлық депутаттары Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, ҚКХП ОК хатшысы Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовтың кадидатурасын үгіттеуге қатысты. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 17 наурызда ҚКХП ОК хатшысы Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовтың кадидатурасын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп тіркеді. 2015 жылғы 24 наурызда ҚКХП-дан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовтың сайлау алды республикалық штабы құрылды. Штабты Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі А.О. Қоңыров басқарды. Қысқа мерзім ішінде кандидатты қолдап 98 мыңдай қол жиналды, оны қолдау үшін сайлау алды облыстық штабтар құрылды. ҚКХП сайлау алды штабтары елдің барлық өңірлерінде ашылды. Көкшетау, Петропавловск, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Қарағанды және Алматы қалаларында халықпен кездесуде Қазақстанның сегіз өңірінде, 15 қаласында болып сайлаушылармен 60-тан астам кездесу өткізгендігін жазды. Депутаттар-фракция мүшелері БАҚ тығыз байланыс жасауда, ғылыми конференциялардың жұмыстарына, дөңгелек үстелдерге қатысады, баспасөз конференциясын ұйымдастырып, өткізеді. Фракция мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесулерін «Хабар», «Қазақстан», «7 канал», «Астана», «Ел Арна» теле арналары көрсетіп, «Казахстанкая правда», «Егемен Қазақстан», «Мегаполис» газеттері жазды. Депутаттардың - ҚКХП фракциясы мүшелерінің жұмысы жөніндегі материалдар мерзімді шығарылып тұратын брошюраларда, мысалы, «Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Халық коммунистері» фракциясы жұмысының кейбір қорытындылары туралы» брошюрасында, «Трибуна» және «Қазақстан коммунисі» қоғамдық- саяси газеттерінде, ҚКХП сайтында жарық көрді. 2014 жылғы 3 қыркүйекте «Қазақстан коммунисі» қоғамдық-саяси газетінде депутат В.Б. Косаревтің сұхбаты жарияланды, ол жеке брошюра ретінде шығарылып, Парламент Мәжілісінің депутаттарына таратылды. Парламент Мәжілісінің депутаттары В.Б. Косарев және А.Б. Тасболатов тиражы 2500 дана болатын «Жеңіс Маршалдары! 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына» деген атпен кітап шығарды. Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Халық коммунистері» фракциясының 2013 -2015 жылдары өткізген маңызды іс-шаралары. 2013 жыл Көшпелі отырыс – «Қарағанды облысы Осакаровка ауданының ауыл қожалықтарын дамыту тәжірибесі» деген тақырыпта дөңгелек үстел .2013 жылғы қыркүйек депутаттарА.О. Қоңыров пен В.Б. Косаревтің «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» ҚРЗ өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бастамашылық негізде даярлау. 2014 жыл Көшпелі отырыс – «Шағын бизнестің үлкен проблемалары» деген тақырыпта дөңгелек үстел. 2014 жылғы наурыз Көшпелі отырыс – Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Кооперация – ауыл шаруашылығын дамытудың жолы» деген тақырыпта дөңгелек үстел. 2014жылғы қазан Фракция бастамашылық жасаған «Жол жүрісі туралы» ҚРЗ өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу, енгізу және қарау – депутаттар В.Б.Косарев,Г.А. Баймаханова, А.О. Қоңыров. 2014 жылғы қараша – 2015 жылғы маусым Қарағанды қаласында көшпелі отырыс – «Қазақстан медицинасы – миф және шындық». 2015 жылғы ақпан Депутаттар В.Б. Косарев және А.Б. Тасболатов тиражы 2500 дана болатын «Жеңіс Маршалдары! 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына» деген атпен кітап шығарды.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ